Драматизациялауға арналған сөздік жаттығу. "Жаз қонаққа келді".
Мақсат-міндеттері. Балаларды мәнерлеп оқу, пантомима ережелеріне сүйеніп, жаз туралы өлеңді айтуға ынталандыру; жаз мезгіліне қызығушылықтарын арттыру.
Құралдары: өлең мазмұнындағы нысандар бейнеленген суретті-бетперделер.
Жаз келіпті жадырап, (екі қолымен өзін нұсқау)
Қандай әсем, қараса. (қолды екі жаққа жаю)
Мұнда әсем түймедақ, ("Түймедақ" рөліндегі балалар ортаға шығып, қол бұлғайды)
Жайқалып тұр, тамаша!
Көбелек пен аралар ("Аралар" мен "көбелектер" жәндіктерді келтіреді)
Гүлге қонды, жарыса!
Шөп арасын қарасаң,
Бүлдірген бар қызарған.("Бүлдіргендер" ортаға жүгіріп шығып, беттерін алақандарымен ұстап, бастарын шайқайды)
Жасырынып жатқаны,
Көзге түспей, тәп-тәтті!
Еңкейіп кеп, ерінбей, (қалған балалар ортаға шығып, сұқ саусақтарын қозғалтады)
Теріп салам себетке.
Кіп-кішкене, моншақтай,
Әсер етер тәбетке.
(Аударған А. Көкенова)
(сөйлеуді дамыту)
|
"Сипатталған ғимаратты тауып ал" зейінге жаттығу.
Мақсат-міндеттері. Балалардың зейін, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құралдары: түрлі түсті және биіктігі әртүрлі үйлердің суреттері. Педагог суреттерді тізіп, біріне ауызша сипаттама береді, балалар айтылған үйді табуға тырысады. Дұрыс тапқан бала сол суретке тағы бір рет сипаттама береді.
(сөйлеуді дамыту)
|
|
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Күлімдеп күн шықты,
Жадырап нұр төкті.
Қайырлы күн, достарым!
Балабақшадағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы әңгімелесу.
(сөйлеуді дамыту)
|