Тәжірибе. Желге қарсы жүгіру.
Қорытынды. Желге қарсы жүгіру қиын.
Қимылды ойын: «Желбезекпен жүгіру». (дене шынықтыру) Желбезекті қолға алып жарысу, кім бірінші мәреге жетеді, сол жеңімпаз болады.
Еңбек: тәрбиешіге көмек.
Үлкендерге қызмет көрсету. Ауланы тазартуға қатыстыру, жапырақтарды жинау.
Өз бетімен ойындар ойнау: «Желбезекпен ойын». (дене шынықтыру) Қолайлы жағдайларды жасау, алаң ішінде іс-қимылдарды дамыту. Көтеріңкі көңіл күйде болу.
Күздің ерте немесе кеш келуін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Тақпақтар
Н. Әлімқұлов «Күз».
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Қ.Ыдырысов «Күз».
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Бақылау: табиғаттағы өзгерістерді бақылауды үйрету: жапырақтардың түсінің өзгерістері, құстардың жылы жаққа ұшуы, жаңбырлы болуы, күзгі өзгерістерді ажырата білу.
Қимылды ойын. «Астықты тасымалдау» (дене шынықтыру) Дабыл бойынша арбамен «астық» тасу, бір шетінен екінші шетіне тасу. Шыдамдылық пен шапшаңдыққа баулу.
Еңбек: гүлзарда жұмыс істеу.
Гүлдерді гүл ыдысына отырғызу. Жұмыстың ыңғайын білу. Гүлге сүйіспеншілікті арттыру.
Өз бетімен ойындар. «Құмда сурет салу» (сурет салу) Балаларға құмда сурет салуды үйрету. Атқарған жұмыстарын атап, балаларды мақтау. Бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Серуеннен оралу
Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу.
Түскі ас
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру: асхана құралдарын дұрыс қолдану (ас қасық пен шай қасықты, шанышқыны); майлықты ұқыпты пайдалану; нанды үгітпей жеу, асты ауызды жауып шайнау, тамақ ішіп отырғанда сөйлемеу; әдепті болуға тәрбиелеу (ас үшін алғыс білдіру, тазалық пен тиянақтылық қажеттілігі.)
Біздерде бар қасықтар
Сиқырлы екен құралдар.
Қолға қасық аламыз.
Дәмді астан аламыз.
Осы сөздерден кейін, балалар таңғы астарын ішеді. Тамақтану кезінде тәрбиеші балалардың орындықта дұрыс отыруын қадағалайды. Бала орындықта дұрыс отырмаса, оның қасына келіп түзу отыру керектігін айтуға болады. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, көркем сөз)