Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Аңшылар мен қояндар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)



бет8/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

"Аңшылар мен қояндар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру; мергендікке, дәлдікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, қимылдарды үйлестере білуге бейімдеу; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалар тобының арасынан бір-екі бала "аңшы" болып (өз қалауларымен немесе санамақ арқылы) тағайындалады. Қалған балалар - "қояндарды" сомдайды.
Педагог ойынды бастайды:
- Аңшылар жүр орманда,
"Не бар?" - деп шалғында.
"Аңшылар", қолдарына бір доптан алып, алаңды "қояндарды" іздеген болып жүреді, содан кейін жасырын жерлерге барып тұрады да алаңды бақылайды. "Қояндар" өз "іздерінен" шығып, алаңда ойнап, секіріп, жүгіріп жүреді.
Педагог:
- Қояндар шықты шалғынға,
Секіреді қуана.
Бір-біріне сәлем береді,
Тәтті шөппен қоректенеді.
"Қояндар, қашыңдар!" - деген сөздерден кейін "аңшылар" жасырынған жерлерінен ытқып шығып, "қояндарды" көздеп, допты олардың аяқтарына тигізуге тырысады. "Қояндар" бір-біріне соғылмай, доптан жылдам қашуға тырысады.
Ойынның соңында "аңшылар" қанша "қоянды" ұстап алғандарын санап, баға беруге болады.
Педагог ойын барысындағы қауіпсіздікті қадағалайды.
Белгі бойынша жылдам әрекет етуді үйрету; қимыл координациясын пысықтау, допты лақтыру, күштерін бағыттауға машықтандыру.
"Төмпешіктен төмпешікке секір" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Белгілі орындарға аттап секіру қабілетін дамыту; дене тепе-теңдігін, күш-жігерін жетілдіру.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен алаңдағы ойындар.
Мақсат-міндеттері. Қызығушылығы бойынша ойын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және құрдастарымен өзара әрекет ету біліктілігін дамыту.




Желдің соғуын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел.)
Бақылау: балалардың бақылау дағдыларын қалыптастыру; желдің соғуын анықтау; ағаштардың қозғалуы, бұлттардың аспанда көшіп жүруі, қатты желден ағаштардың жапырақтарының түсуі, желдің бағытын анықтау. Жаздың күні жел қандай болады; баяу жел, қатты жел, ағаш басының тербелуі; күзбен салыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет