"Мысық пен тышқан" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартына сай ойнауға, рөлді дәл атқаруға бейімдеу; зеректікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жылдам жүгіруге машықтандыру; шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. "Мысық" пен "тышқанды" балалардың қалаулары бойынша немесе санамақ арқылы тағайындауға болады. Ойын басталар алдында кейіпкерлер шеңбер сыртында бір-бірінен алшақ тұрады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап жүріп, келесі сөздерді айтады:
"Мысығымыз момақан,
Жүреді аулада аңдамай.
Тышқан көрсе - бас салады!
Кім тышқанды құтқарады?"
Балалар осы сөздерді айтып болған соң тоқтайды, "мысық" "тышқанды" қуалап кетеді. Балалар қол ұстасып, қолдарын жоғары көтеріп, "тышқан" үшін ұяға жол ашып беріп жатады. "Мысық" ұяға кіріп кетсе, ары қарай өткізбес үшін, қолдарды төмен түсіріп, жолды жауып қояды.
Ойынға қатысушы балалар өте зерек болу керек, біресе қолдарын көтеріп, біресе түсіріп, "мысық" пен "тышқанның" қуаласпағын реттеп тұру керек.
"Тышқан" ұсталып қалса, оның орнына басқа кейіпкерді ауыстыруға болады.
"Допты түсіріп алма" ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Допты қағып алу біліктілігін жетілдіру; сөздік қорды байыту; заттарды топтастыра білу қабілетін, ой шапшаңдығын дамыту.
Балалар шеңберде тұрады, кімнің қолына доп түссе, ол оны түсіріп алмай, келісілген топтамаға жататын заттың бірін атау керек.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар: жүгіру техникасын жетілдіру.
Мақсат-міндеттері. Қимыл-қозғалыс координациясын дамыту.
|
Ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Өсімдіктердің тіршілігіне мезгілдік өзгерістердің әсері жайлы білімдерін бекіту.
Ересектермен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: көгөністер жинау кезіндегі ұжымдық еңбек.
Мақсат-міндеттері. Ұжымдық жұмысқа үйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |