Тәуелсіздік Айдабол Райс



Дата14.02.2022
өлшемі19,31 Kb.
#131745
Байланысты:
Өлең З.Роща
КТЖ Көркем еңбек (ұлдарға арналған) 5 сынып, перевод, Фатима 1-сынып, Памятка ЗДВР 2021 г., 1588063475, 1588542856

Тәуелсіздік Айдабол Райс
жұлдыз туды елімізде,
Түсіріп жарық сәуле жерімізге.
Оқып өсіп мыңнан бір озып шыққан.
Атадан батыр туған еншімізге.

Тырысқан шаң жуытпай жақсы атына,


Еңбекпен жеткен талай мақсатына
Ұстады тәуелсіздік шылбырынан
Жетіп бір көп арманның - арманына.

Қуанды ата да қарт, сәби де жас


Қуаныштан төгілді анадан жас!
Той қылып желтоқсанда халқым менің
Өртенді іші күйіп, қазаққа қас!

Ақсақалдан халқымыз бата алған


Өркендеуге жаңадан орда салған
Арыстан туған қазақ бүгін міне
Қанаты кең жайылған барыс болған.

Елі үшін, жері үшін қазағымның


Тарихтан жаңғырады азап үнің,
Ақталып қан мен тері бабалардың
Орындалды басты арманы Қазағымның!


Желтоқсан Айдана Боранбаева
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,


Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,


Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,


Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.



Реклама







 





Реклама







 





Реклама







 





Реклама





 







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет