ТӘуелсіздік ел бақыты оскенбаева Айгерим Еркиновна



Дата26.06.2018
өлшемі62 Kb.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БАҚЫТЫ
Оскенбаева Айгерим Еркиновна
Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас ауылы,

Шағын орталығы бар №36 жалпы білім беретін орта мектебі


Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы таратылды. КСРО-ның құрамына кірген республикалар өздерінің тәуелсіз, егемендік мемлекеттерін құрды.

 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикасының Жоғарғы Кеңес сессиясымен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы өз тарихын аяқтады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды.

 Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап, жаңа мемлекеттің құрылуының заң негізінде кейбір құқықтық актілер шығарылды. Олардың ішіне Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы кіреді. Осы конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.

 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы таратылған кейін кеңестігінің барлық мемлекеттердің ішінен Республика ең соңғы мемлекеттік егемендігін жариялады.

 Мемлекеттік егемендігін жарияланған сәттен бастап, еліміз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесін тойлай бастады, осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін 21 жылға толады. Тәуелсіздігін алу негізі халықтың ерік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан халқының тарихымен, оның өмірі және экономикалық пен саяси жүйесінің қайта құрылуы болып табылады.

 Сонымен бірге, 16 желтоқсан күні – 1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңында болған желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу күні. Осы күні халық орталық алаңға 1986 жылы желтоқсан айында болған оқиғалардың құрбандарын естеріне алу үшін шығады.         

  Республиканың барлық елді мекендерінде жаппай мерекені тойлау, концерт бағдарламалары өткізіледі және белгілі мәдениет, ғылыми, спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

 Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап Қазақстан экономика мен саяси қайта құрылуына байланысты экономикасында үлкен табыстарға жетті. Қазақстан өзінің аумағын бекітіп және оның бүтін, бөлінбейтінін жариялады. Халықтың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тарты.

 Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады.

Қазақстанның Ата Заңы – Тәуелсіздіктің негізгі құндылығы

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын.

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті.

Қазақстанның алғашқы Конституциясын дайындап, талқылау кезінде еліміздің мемлекеттік-саяси құрылымының негізін қалайтын қағидаттарға байланысты саяси пікірталастар болды. Өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған елдің трансформациясының тез әрі ауыр өтуі жағдайды қиындата түскен еді.

Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді).

1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды.

Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. Қазақстан Республикасы — барлық азаматтарының құқықтық теңдігін қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп танылды. Халықтың атынан билік жүргізу құқығы өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілді.

Бұл Конституцияда он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің өз өкілеттілігін сайланған мерзімі аяқталғанға дейін атқаратыны бекітілді.

1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті бұл Констиитуция күшіне енгеннен кейін өз өкілеттіктерін сақтап қалды: жаңа кабинет құрамын құру өкілеттігі-де сақталды. Министрлер кабинеті Республика Үкіметі деп танылып, мемлекеттік басқару мәселелерін шешу құқығына ие болды. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті мен Жоғарғы Кеңесінің алдында жауап берді. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы Президентіне берген есебін тыңдап болғаннан соң Министрлер кабинетінің кез-келген мүшесін мерзімінен бұрын лауазымынан босату туралы мәселе қоя алатын.

Қазақстан Республикасының Конститутциясын қорғау жөнінде сот билігінің жоғарғы органы болып Конституциялық Сот есептелді.

Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық сегменті бойынша билікті үш тармаққа бөліп, Жоғарғы Кеңесті жаңа мемлекеттік құрылым жүйесіне бейімдеу үдерісі жүргізілді. Яғни, Жоғарғы Кеңес тек қана заң шығарушы органға айналды. Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктері жеткілікті мөлшерде кең ауқымда болды, ол президент пен атқарушы биліктің жұмыстарына араласа алатын. Бұл жағдай билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес келмейтін және 1993 жылғы Конституцияда Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктерінің шегі анық емес еді.

Кейіннен 1993 жылдың Конституциясы мемлекеттік құрылымды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды дамыту жолында құқықтық кедергіге айналды. 1994–1995 жылдардың арасында орын алған парламенттік дағдарыс Қазақстанның саяси жүйесінде ескіліктің орын алып отырғанын көрсетті. Жоғарғы Кеңес пен президент институты арасындағы антогонистік қайшылықтардың болуы президенттің елді басқару міндетін өз қолына алып, қоғамда демократиялық қатынастарды орната алатынын дәлелдеді.

1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды.


Еліміздің заңгерлеріне заман талаптарына жауап беретін жаңа конституция жобасын дайындау міндеті қойылды. Құқықтанушылар мен заңгерлерден құралған команданың құқықтық мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту үшін негіз бола алатын конституцияның тиімді жобасын дайындау жұмыстары күтіп тұрған еді.

Құрамына қазақстандық құқықтанушылардан басқа екі француз саясаткері-де кірген Сараптамалық-консультативтік кеңес конституцияның алғашқы нұсқасын сараптау нәтижесінде оған елеулі өзгерістер жасады. Жобаға жасалған пысықтаулардың нәтижесінде конституция мемлекет басшысына маңызды өкілеттіктер беретін деголлдік президенттік республиканы бекітті.

1995 жылы 30 тамызда «Жобасы 1 тамыздағы басылымдарда жарияланған Қазақстан Рсепубликасының жаңа конституциясын қабылдайсыз ба?» сұрағы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілді.

1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді [1].

Конституцияның негізін Жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі декларацияда, Экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде бекітілген құқықтық ережелер құрады.

Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. [2].Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған.

Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды. Қолданыстағы Конституцияда алғашқы рет «Қазақстан — ежелден келе жатқан қазақ жерінде оның халқы тарапынан құрылған мемлекет» екендігі бекітілді. Осы көзқарастың арқасында ұлттық мемлекет идеясы азаматтық қоғамды құруға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істей бастауына мүмкіндік берді.

1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады. [3].

Конституцияға тағы бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды.

Конституцияда бекітілген құқықтық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүмкіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыды.

Бұл түзетулерге сәйкес елдің саяси өмірінде Парламенттің ролі айтарлықтай күшейтілді, екі палатаның спикерлерінің статустары көтеріліп, олар мемлекеттік иерархия бойынша Премьер-Министрден жоғары тұратын болды.

Президент тарапынан бекітілген мерзім мен тәртіп бойынша әкімдерді (ауданнан төмен) сайлау мүмкіншілігі; бір айдың ішінде президент сайлауын өткізіп, президенттің өкілеттік мерзімін азайту мүмкіншілігі; соттарда алқа билер институты; Үкіметтің мүшелеріне сенімсіздік таныту ережелері енгізілді; Президент пен Жоғарғы Сот Кеңесі лауазымдары бөлінді.

Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Президенттің бұл шешімі 2007 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында оқылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

I «Жалпы ережелер» бөлімінің 2-бабының бұрынғы редакциясында республика астанасы статусының заңмен анықталатыны жазылған еді. Баптың жаңа редакциясында конституциялық статусқа ие болған «Қазақстанның елордасы — Астана қаласы» деп жарияланды.

III «Президент» бөліміне-де елеулі өзгерістер енгізілді. Президент өкілеттігінің мерзімі бұрынғы редакциядағы жеті жылдың орнына бес жыл болып бекітілді. Бұл ереже іс жүзіндегі Президенттің жеті жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған соң қолданылатын болады. Елбасы «біз бұл қадам арқылы демократиялық ұмтылыстарымыздың нық екендігіне ерекше көңіл бөліп, биліктің маңызды сайланатын субъектілерінің өкілеттік мерзімдерін теңестіргіміз келеді», деп атап өтті.

42-баптағы «бір адам қатарынан екі мәрте Республика Президенті болып сайлана алмайды» деген қағида сол күйінде қалдырылды. Бұл бап сондай-ақ «бұл шектеу Республиканың Тұңғыш Президенті үшін жүрмейді», деп толықтырылды.

Кезең кезеңмен мемлекетті президент басқаратын жүйеден бұдан да демократияшыл партиялық-парламенттік жүйеге өту үдерісі басталды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси жүйе, мемлкеттік басқару және азаматтық қоғамды жаңартудың жаңа парақтарын ашты.


Мемлекеттік рәміздер туралы


«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Аталған жылдар:

1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы. 
1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.  
2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды.  
2003-2005 жылдары Ауылды қолдау жылдары.
2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды.
2007 жыл Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды.
2008 жылы Қазақстандағы Украина жылы болды.
2008 жыл Шығыс Қазақстанның экология жылы болып жарияланды.
2008 жыл Қазақ тілін қолдау жылы.
2009 жыл Ана мен Бала жылы болып жарияланды.
2009 жыл Германиядағы Қазақстан жылы болды.
2010 жыл  Жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды.
2011 жыл Білім жылы.
2015 Қазақстан халқы ассамблеясы жылы.

Ауыл - қазақтың негізгі күретамыры. Ұлт руханиятының  ошағы да содан бастау алады. Салт, дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры ауылдарымызда сақталып келеді. Көпті көрген көнекөз қарттарымыз ауылда жатып-ақ ұлт болашағы үшін ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда. Атасы мен әжесінің тәрбиесін көрген қарадомалақтар ұлт мәдениетінің мөлдір тұмасынан сусындайды.

Өркениетті қоғамдағы қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ететін де осы ауылдықтар. Қазақстан халқының 47 % ауылдық жерлерде тұрып жатқандықтан, мемлекет тарапынан бұл салаға көптеп көңіл бөлініп отыр.  Мәселен, оған дәлел ретінде 2002-2005 жылдардағы «Ауыл жылы», 2004-2010 жылдардағы «Ауылдық аумақтарды дамыту» секілді мемлекеттік бағдарламаларды атауға болады. Сонымен қатар «Дипломмен - ауылға» жобасы да жас мамандарды ауылға тартып, орталықтан шалғай елдімекендерді көркейтудің бірден-бір жолы.

Ұлттық халық санағының ресми дерегі бойынша, соңғы 10 жылда ауыл халқының саны 12 пайызға өскендігі белгілі болды. Бұл - әрине көңілге жұбаныш ұялататын дерек. Салыстыру үшін айта кетсек, 1999 жылы ауыл тұрғындары республика халқының  43,6 пайызын құраған болатын. Ауылдық жерлердегі тұрғындар санының артуы сөзсіз мемлекеттің  атқарған істерінің оң нәтижесі деп айтуға әбден болады.

Спорттағы жетістіктер

2000 жылы Сидней олимпиадасы – Қазақстан спортының жұлдызды шақтары. 199 ел қатысқан айтулы доданың 22-орнына көтерілген ел құрамасының сапында Б. Саттарханов, Е. Ыбрайымов (бокс), О. Шишигина (жеңіл атлетика), Б. Жұмаділов, М. Дәлдібеков (бокс), А. Винокуров (велоспорт), И. Байрамуков (еркін күрес) секілді сайыпқырандар алтын-күміс медаль алып, алтын әріппен атын жазып қалдырды.

Олимпиаданың отаны саналатын Грекияда (Афины) өткен 2004 жылы XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-орынға сырғыды. Бұл жарыста жалғыз алтынмен шектелген Қазақстанның спорттық бағы қайтты деу асылық болар, десе де алдыңғы жылдардағы нәтижелерге қарап қалғанымыз анық. Бокстан Б. Артаев алтын алса, Г. Лалиев (еркін күрес), Г. Цурцумиа (грек-рим күресі), Г. Головкин (бокс), С. Филимонов (ауыл атлетика) күміс, С. Елеуов (бокс), М. Манукян (грек-рим күресі), Д. Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді.

Бокс шеберлері шаршы алаңның шаңын қағып, алып балуандарымыз боз кілемде терін төккен Пекин олимпиадасы Қазақстан спортының даңқын асырды. Сонымен қатар жеңіл атлетика, грек-рим күресі, таэквонда, дзю-да секілді спорт түрлерінен де жүлделі орындар иемденді. Б. Сәрсекбаев, И. Ильиндар алтын, И. Некрасова, А. Жіткеев, А. Важенина, Т. Тигиевтар күміс, Н. Теңізбаев, Ә. Мәмбетов, М. Грабовецкая, Е. Шалыгина, М. Муталимов, Е. Шыналиев, А. Шылмановтар қола жүлдені иемденді. Бұл кездегі қазақстанның әлемдік рейтингтегі орны – 29-ыншы болды.

2012 жылы Лондонда XXX жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жақсы жетістіктерге жетті. Бұл додада Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға ие болды. Ауыр атлетикамыз атқа қонған жылы отандық және легионерлер бар И. Ильин, З. Чиншанло, М. Манеза, С. Подобедова жеңістерімен Қазақстан құрамасының әлемдік аренадағы рейтингін жақсартты. С. Сәпиев, О. Рыпаковалар алтын алса, Ә. Ниязымбетов күміс ұтса, А. Таңатаров, Г. Манюрова, Д. Гаджиев, М. Вольнова, И. Дычко қола жүлдені жеңіп алды. Осылайша Рио де Жанейро олимпиадасына дейінгі 5 олимпиадада отандастарымыз 16 алтын, 17 күміс, 19 қола – барлығы 52 медаль жеңіп алған.

Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамаларыны ішінде боксшы спортшыларымыздың жолы табысты болуда. Еліміз қатысқан олимпиада ойындарының тарихында ең көп алтын алған спорт түрі – осы бокс. Алты алтын жүлдені жеңіп алған боксшыларға басқа спорт түрі теңесе алмайтыны анық. Сондай-ақ техникасы күшті, үздік өнер көрсеткен боксшыларға берілетін В. Баркер кубогын үш спортшы (В. Жиров – Атланта-1996), (Б. Артаев – Афина-2004), (С. Сәпиев – Лондон-2012) жеңіп алып, осы кубокты ұтқан елдер арасында әлем бойынша екінші орынға ие болды.



Атланта олимпиадасы (1996) 

Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі);

Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін);

Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).

Сидней олимпиадасы (2000)

Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика);

Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).

Афины олимпиадасы (2004)

Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі);

Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі);

Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).

Бейжің олимпиадасы (2008)

Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);

Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі);

Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі),

Лондон олимпиадасы (2012)

Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі);

Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі);

Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі).

Әрбір Қазақстан азаматы Ел­басы ұсынған реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуы керек. Міне, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласында осыны нақтылап айтып отыр. Өзінің 2015 жылдың сәуірінде өткен Қазақстан Рес­публикасы Президентінің сайлауы сайлауалды тұғырнамасында Президент 5 ілкімді жобасын жариялап, оны жүзеге асыруда атқарылатын «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында айналып өте алмайтын әлемдік дағдарыстан шығар жолды бағамдайтын іс-шараларды белгілеген болатын. Енді, міне, Елбасы жаңа жылдың алғашқы күндері өтпей жатып, сол мәселеге қайта айналып, межеленген міндеттерді орындаудың практикалық кезеңін айқындап, елдің көңілін тағы аударды. Көптеген көкейкесті мәселелерге жауап берді. Өйткені, осы жыл әлем үшін оңайға соқпай тұрғанын бәріміз сеземіз.

Қазақстан қарыштап дамып келе жатқан жас мемлекет. Алдымызда әлемнің жан-жақты дамыған 30 озық елінің қатарына ену міндеті менмұндалайды. Бұл үшін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» қолға алынды. Оны дағдарыс кезінде қалай жүзеге асыру керектігі мақалада айқын көр­сетілген. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, кез келген реформа заңмен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан, Үкімет пен Парламент заңнамаларды өзгерту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін, жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда алдыңғы қатардағы үл­гілі мемлекет болуымызға жол ашпақ. Президент сонымен қатар, қабылданған заңдарда, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көп көңіл бөлді. Сот жүйесінің 5 сатылыдан 3 сатылыға көшкендігі, жұртшылықтың сот төрелігіне тез, әрі әділетті қол жеткізуіне мейлінше заманауи тұрғыда мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Мұның да өркениетті қоғамдастық қатарына енуге деген өз ұмтылысымыздың көрінісі екендігі даусыз.

Әр буынның өз арманы бар. «Бізге ата-бабаларымыздың көп­теген ұрпақтары үшін Қазақ­станның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік», – дей отырып Президент тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту жолында бар күш-жігерімізді салуымыз керектігін шегелеп өтті. Биыл 25 жылдығы аталып өтілмек Тәуелсіздікті елдегі барлық ұлт өкілдері қас­терлеуі тиіс. Осы орайда қоғамдық келісім ұйымдары да азаттықтан асқан қасиетті ұғым жоқ екендігін, келісім мен бірліктің ел дамуының кепілі екендігін кеңінен түсіндіруі керек. Мақалада айтылған міндеттерді жүзеге асыруға Қазақ­стан халқы Ассамблеясы белсене қатысатыны сөзсіз. Алдымен, бұл – жұртшылық арасында насихат жұмыстарын жүргізу мен Елбасы қойған тапсырмалар бойынша бірігіп, «бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығару» деген ұғым.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=130&t=18933



2. http://www.inform.kz
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет