Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер



Дата26.01.2022
өлшемі15,3 Kb.
#114822
Байланысты:
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер


Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Қазақ даласы қилы тағдырды басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені болды.

1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны бәрімізге аян.

XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті.Ол тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын» құрды.

Өткен ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.1990 жылы 25 қазанда  Тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді.



«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте шықты.Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін...

Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр.Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы.Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!

Өз басым, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын.Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталғаны да рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткені ғажап емес. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде  әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі, барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Олар – тарих, олар дастан, олар мәңгі жыр-дастан.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК  ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің  бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең.



Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев «Әрбір елдің жадынамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің  арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» - атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бет бұрғанын атап өтті. Сол себепті қазақ елі мәңгі жасауы тиіс.Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк  туымыз желбіреп, кең далада гимн шырқалып ойнағанда, менің халқымнан асқан бақытты ел бар ма? десеңші?! Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Елбасымыздың жүргізіп отырған парасаты мен көреген саясатының жемісі деп білемін. Олай болса, Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызды.Жаңғыру кезеңде  қазақ елі мәңгі жарқырай берсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет