Сабақтың тақырыбы: «Білім-инемен құдық қазғандай» сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.
1-жүргізуші: Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білім-инемен құдық қазғандай» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер екі топқа бөлінген.
1. «Жасұлан» тобы
2. «Тұлпарлар»тобы
3. «Жасқыран» тобы
Сайыс мынадай бөлімнен тұрады:
1-бөлім- «Кім білімді?»
2-бөлім- «Полиглот»
3-бөлім- «Ғажайып алаң»
4-бөлім- «Кім тапқыр?»
5-бөлім- «Кім жылдам?»
6-бөлім- «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі»
7-бөлім- «Тез есепте»
1-бөлім «Кім білімді?» Әр топқа ортақ 5 сұрақ беріледі. Барлық 7 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1-топ сұрақтары.
1. Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)
3. Жүз жасаған ақын?(Жамбыл)
4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? неше? нешінші? нешеу?)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)
2-топ сұрақтары
1. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді?( 1992 жыл 4 маусымда)
2. Абай Құнанбаев қай жылы дүиеге келді?
3. Қазақстан Республикасының жел көлемін ата (2,7 миллион шаршы шақырым)
4. А.Байтұрсынов кім? (ақын, ағартушы , ғалым)
5. Біріккен сөздер дегеніміз не?
6. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?( Мәншүк пен Әлия)
7. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
3-топ сұрақтары
1. Қазақ тілінен дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?( 3)
3. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін кім жазған?(Ы.Алтынсарин)
4. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)
5. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
6. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Сабырсыз, арсыз, еріншек», т,б.)
7. Түбір дегеніміз не?
Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
2-ші тур «Полиглот» 3 топқа 7 сұрақтан беріледі. (Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1-топ.
1. Кең әлемді кернейді, бірақ көзің көрмейді./ауа, воздух, air /
2. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың./тұз, соль, sait /
3. Қыздырып соқсаң иленеді, балға мен төстен именеді./темір, железо, iron /
4. Нан бар жерде... бар./ән, песня, song/
5. Көп сөз көмір, аз сөз... /алтын, золото, gold /
6.... ішкен құдығыңа түкірме./су, вода, water/
7. Мал патшасы... /жылқы, лощадь, horse /
2-топ
1. Қазақтардың қасиетті саны... /жеті, семь, seven /
2. Аспаннан ақ ұлпа борады, Қырқаны сейсепке орады.. /қар, снег, snow/
3. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы.... /арыстан, лев, Leon
4. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……Cөз – слово- word
5. Тамшы тас жарады, тас жармаса ……Бас- голова- head
6. Өнер алды – қызыл ………Тіл – язык — tongue
7. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. Жаман – плохой- bad
3-топ
1. …………. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар............................Дос-друг-friend
2. Көп сөз күміс, аз сөз …….Алтын– золото– gold
3. Мектеп – кеме, білім - …….Теңіз – море — sea
4. Денсаулық – зор ……..Байлық - богатство — rihes
5. Білім сандығы — ………Кітап –книга —book
6. Асық ойнаған азады, ….. ойнаған тозады Доп- мяч- bal
7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ...... жоқ күн-солнце-sun
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
3-бөлім «Ғажайып алаң» .Конвертте пән атаулары тұр. Солардың бірін таңдайсыздар, сол пәннен сұрақтар қойылады? (Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі )
Математика
1.Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің атасы емес.Жігердің атасы кім? ( Күдер )
2.Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар. (Оқ қалтада 8 теңге, сол қалтамда 20 теңге)
3.Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс (52 және 48)
4.9 +х = 12 теңдеуінің шешімі нешеге тең? 3 - ке тең
5.15 - тен 7 - еуі кем қандай сан? 8 саны
6. 50 санының көршілерін ата 49 және 51
7. Асанның 100 теңгесі бар еді.
Ол 40 теңгелік 2 нан сатып алды.
Сатушы Асанға неше теңге қайтарды? 20 теңге
8. Сыныпта барлығы 23 оқушы бар. Оның
10 - ы қыз бала, Қалғаны ұлдар. Ұлдар нешеу? 13 ұл
9.1 жылда неше ай бар? 12 ай
Дүниетану
1. Өсімдікті жасыл түске бояйтын зат хлорофилл
2. Мұнайды қалай өндіреді? бұрғылау арқылы
3. Құбылнаманың көк тілі қай тұсты көрсетеді? солтүстікті
4. Өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын мүше. тамыр
5. Бидай қандай жеміске жатады? құрғақ
6. Теңіздің суы қандай? Ащы
7. Әлемнің жеті кереметін ата.
8. Қай ағаш бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)
9. Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты.( 1993 жыл 15 қараша.)
Салт-дәстүр:
1.Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек)
2. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат)
3. Жаңа зат сатып алған адамға не береді? байғазы
4. Қуанышты хабарды айтпас бұрын не сұрайды? Сүйінші
5. Сәби алғаш қаз тұра бастағанда жасалатын дәстүр тұсаукесер
6. Ағаңның келіншегі саған кім болады? жеңге
7. Жаңа көшіп келген көршіге берілетін ас ерулік
8. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі қалай аталады? шаңырақ
9. Жылқының төлін не деп атайды? құлын
Спорт және өнер
1. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? 64
2. Боксшылар қай жерде күш сынасады? рингте
3. Олимпиада чемпионы атанған қызылордалық зілтемірші Илья Ильин
4. Футболда 1 тайм неше минутқа созылады? 45 мин
5. Волейболды барлығы неше адам ойнайды? 12 адам
6. Хорды кім басқарады? дирижер
7. Әнде әр шумақтан соң қайталанады қайырма
8. Затқа қарап салған суретті не деп атайды? натюрморт
9. Табиғат бейнеленген сурет қалай аталады? пейзаж
4-бөлім «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 10 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)
А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
В- Семирамиданың аспалы бағы қайда орналасқан.(Вавилон каласында)
Г-құрылыс материалдарының бірі(Гранит)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И- тігінші құралы (Ине)
Й- қоңыр түсті дәрі (Иод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші(Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… (Нан)
О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)
Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)
Ұ- Абайдың атасы кім?(Ұлжан)
Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)
Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш- тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)
Я- су көлігі(яхта)
Сергіту сәті –
1. Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2.Судың астында қандай тас болмайды? (құрғақ)
3. Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4. 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5.Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)
6. Тамақ пісірерде қазанға ең бірінші не салады? (көз)
7.Стол беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
8. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 – ға тең? (1, 2, 3)
9. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
10. Жанұяда 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (8).
5-бөлім «Кім жылдам?»
1 минут аралығында жылдам дұрыс жауап беру қажет. Шапшаңдық пен тапқырлық керек.
1. Қар жана ма? / ИӘ. ҚАЛАУЫН ТАПСА, ҚАР ЖАНАДЫ/
2. «Қара Көже» атанған кейіпкер қай шығармадан? /«Менің атым Қожа» Б. Соқпақбаев/
3. Қазақ әліпбиінде қазаққа тән неше дыбыс бар? /9/
4. Әлемдегі Екінші Ұстаз. /ӘЛ - ФАРАБИ/
5. Бір қазанға қандай бастар сыймайды?/БІР ҚАЗАНҒА ЕКІ ҚОШҚАРДЫҢ БАСЫ СЫЙМАЙДЫ
6. Ердің сыншысы -... /ЕЛ/
7. Кімдер бір - біріне бөле болады? /АПАЛЫ - СІҢЛІЛІ ҚЫЗДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ/
8. «Биік» сөзінің антонимі /АЛАСА/
9. Кім қартаймайды? /АНАСЫ БАР АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ/
10. Дауысты дыбыс нешеу?/12/
11. Қандай кілт аспанда болады? / БІЛІМ КІЛТІ АСПАНДА/
6-бөлім. «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі»
1. Суға қайнап, сорпасы шықпас. (жұмыртқа)
2. Жас кезінде қара орман
Жыл озған сайын ағарған. (шаш)
3.Күні бойы сен оны,
Екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. (аяқ киім)
4. Егіздер кезікпейді бір – бірімен,
Арасы екі – ақ елі бір – бірінен. (ай мен түн).
5. Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. ( жұлдыз)
6. айдаһар аузын ашса арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (найзағай)
7. орақ құйрық, тарақ бас,
Жас ұйқыны жаратпас. (әтеш)
8. Құрлықта жүре білмейді
Суда жүзе біледі.
Сауыт қылып үстіне
Күмісті тізе жүреді. (балық)
Оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздер туралы мақал – мәтелдер айтады.
Сөздер: тіл, ел, отан, өнер - білім.
7-бөлім«Тез есепте»
«Ерназар әулеті»
Ерте, ерте, ертеде Ерназар деген адам өмір сүріпті. Оның тоғыз ұлы болыпты. Әкесі тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын алып беріпті. Әрі қарай әр келіндерінен тоғыз немере, әр немереден тоғыз шөбере, әр шөбереден тоғыз немене көріпті. Ерназар әулетінің саны қанша? (Ерназардың тұқымы 9 бала, 9немере, 9шөбере, 9неменеден есептегенде 7380 адам. 9+81+729+6561=7380)
7 адамның 7 - ден тазысы болыпты. Әрбір тазысы 7 - ден түлкі ұстайды. Әрбір түлкі 7 - ден тышқан жейді. Әрбір тышқан 7 - ден масақ жиді. Әрбір масақта 7 - ден дән бар. Бәрі қанша?
Жауабы: 7+49+147+1029=1232
Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,Қалбекова Саягүлдің орындауында «Ұстазым» әні.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Осымен «Білім-инемен құдық қазғандай» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын
Достарыңызбен бөлісу: |