Үтір сөйлемнің мағыналық және синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты бірде ажыратушы, бірде бөлуші қызмет атқарады



бет1/3
Дата14.05.2020
өлшемі20,66 Kb.
#68447
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Кулахметова 99999


13 Практикалық сабақ.

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері.

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерінің қолданылуы мен орналасуын білу.


  1. Үтір сөйлемнің мағыналық және синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты бірде ажыратушы, бірде бөлуші қызмет атқарады. Мысалы: Қысқасы, ауданда трактордың құлағын ұстағандардан менен артығы болған жоқ.

Үтірдің қолданылатын жерлері

Сөйлемде үтір төмендегі жағдайларда қолданылады:



  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылады. Мысалы: Қабырға атаулыда қала сәнімен жиналған ішіктер, кестелі жайнамаз, оюлап жазылған дұғалықтар. Төсек-орын, құс жастық, жібек шаршау, шілтерлер де көп.

  2. Сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшау сөздерді (қаратпа, қыстырма, одағай) бөлу үшін қойылады. Мысалы: – Бағар көбейсін, шалым!… Қорықпа, мүмкін, немістер қаланы менсініп тоқтамас та… – Қап, мына боқ мұрынды-ай!

  3. Оңашаланған айқындауыштарды ажыратып тұрады: Мысалы: – …Сол Қарашоқыда бүгін үлкен ауылың, Күнкенің ауылы, маңғытап мал өсіріп, мыңғырап жатқан жоқ па? Осы күні кешке, ымырт жабылған соңАбай өз аулына кеп, аттан түсті де, Әйгерім үйінің киіз есігін көтеріп ашты.

  4. Сөйлем басында келетін иә, жоқ сөздерінен кейін қойылады: – Бұл бірінші балаң ба? – Иә, бірінші балам… Оқуды тастағансың ғой, сірә? – деді әйел. – Иә, тастадым…

  5. Төл сөз хабарлы сөйлем болып, одан кейін автор сөзі келсе, төл сөзден кейін қойылады: Одан пәлендей сөз туады деп дәмеленбесем де, бастауға себеп болсын деп ойлап: – “Шұғаның белгісі” дегеніңіз не нәрсе, тау ма? – дедім. – Жоқ, әншейін, бір обашық, – деді.

  6. Құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларының арасына қойылады: Бар Тобықтының ішінде бір үй қазынаны арам ас салмады десе, сол ең алдымен осы Үркімбай үйі болатын. Абайдың Аймаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі.

Егер бағыныңқы сыңар басыңқы сыңардың басында орналасса, бағыныңқы сыңардың алдынан да үтір қойылады: Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам, алып қашып кету еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет