Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебі «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»



Дата25.08.2017
өлшемі98,51 Kb.
#27397

Есжанова Айнагуль Алпамысқызы Мұғалім портфолиосы В2 есебі
№ 3 топ 3 – деңгей
Ақтөбе қаласы 23.04.2014 ж.

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы
рефлексивтік есебі


«Сабақ – оқытушының  педагогикалық
мәдениетінің айнасы»
А.Сухомлинский

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.



«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.
Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» -  деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.
Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.
   Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 33бет)
Мектептегі тәжірибе кезінде «Атан түйе шөккен жер» тақырыбында
2 класта әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ өткіздім.
Оқу тәжірибесіне «субъект- субъект» қатынастың енгізілуі оқушы мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақты нығайты. Енді мен оқушыларыма бұрынғыдай тек механикалық түрде білім алушылар ретінде қарамай, керісінше сыныбымда жағымды қарым-қатынас, жылы әрекет, бір-біріне көмек, құрмет, сенім орнатуға тырыстым. Балалардың қызығушылығын ояту үшін және сабақ басында өзін-өзі реттеу үшін сабағымды «Мен-сіздер» психологиялық тренингтен бастадым. Мұнда «Екі аяқ не үшін керек?» деген сұраққа оқушыларым «Шетте жүрсен туған жерге жету үшін керек», деп жауап берді. Сонда бұл тренингті өткізудегі мақсатым- балалардың ойын сабақ тақырыбымен байланыстыру, «Бабалар өмірі- ұрпаққа өнеге» атты бөлімнің мазмұның тереңірек ашу. Сонымен қатар тез, жылдам оқу дағдыларын дамыту, сабақтың басында барлық назарларын оқуға аударту, жинақылыққа машықтандыру. Осы жұмысты жүргізу барысында балалар оқуға дайын, білем деген ынтасы жоғары екенін байқадым. Мұғалім ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап  бағыттап отырса, тұлғаның  бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс бағыт  беру  ұстаз  біздің  абройлы  міндетіміз  екенін  естен  шығармау бүгінгі күннің басты мақсаты. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 29 бет).
Қару мен батырлардың суреттерін таңдап алу арқылы екі топқа бөлінді. Осы жерде орындарына кім тез орналасса сол топ «тамаша» смайлигіне ие болады дегенді айтқанда «қарулар» тобы оқу құралдарын дайындап «Алақан- алақанда» әдісімен тез-ақ көрсете қойды. Бұл жерде де мен балаларды өзін-өзі реттеуін және оларда ынтымақтастық  атмосферасы  бұрынғысынан да  тереңдеп  , бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық  сезімдері одан   әрі  жанданды. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылардың тасада қалып қоятын оқушы болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты. Жоспарланған шараларда  оқушылар арасында  қызығушылық   тудырған мәселелер  туындаған сайын мен  өзім берген  бағытым  тұлға  бойына  тереңірек  толғандыратын   дұрыс, маңызды әрекет  деп  түсіндім. Себебі  ол  өзіне деген сенімі тапсырма барысында   іздемпаздығы, қырағылығы,  шығармашылығы, сөйлеу  және  ойлау  қабілеті  қалыптасады.
Педагогикалық тәжірибемді саралай келе сыныбымда ынтымақтастықты орнату үшін педагогикалық стратегияларды тиімді таңдап оқу және оқыту барысында пайдалану қажет деген ойды түйдім.Ынтымақтастық педагогика- да бірнеше бағытты өзіме бөліп алдым.
Маған барлығынан жақыны жеке- адамгершілік тіл табу идеялары.
Тұлғаны тәрбиелеу үшін, оқу-тәрбиелеу үдерісті жаңаша жеке бағыттау үшін бала - адами тұлға, бала- жеке қабілеттер мен қасиеттерге ие, тұлғаның басым сапалары – махаббат, мейірім, сана, азаматшылық, көңіл, жақсылық және т.б). Педагогикалық қатынастың адамгершілігі (педагогикалық балажандық, балаға оптимистік сенім, міндеріне шыдамдылық, басымдық салмақты стимуляция).Баламен қатынасты демократиялануы (Бала құқығы конвенцияның сақталуы).Қыспақтан бас тарту (қыспақты жылы көңілмен ауыстыру, дербестікке және өнерпаздыққа ұтыс тігу, ұжым арқылы жанама талаптарды пайдалану).Жеке тіл табу (оқытуды орташа оқушыға бағыттамай, тұлғаның пайдалы ,ұтымды сапаларын іздеу, психолого-педагогикалық диагностиканы қолдану,жүргізу).«Мен» тұжырымдамасын құру (Мен ұнаймын, Мен алғырмын, Менің қолымнан келеді, Мен -пайдалымын).
Мен  өз  сыныбымда ынтымақтастық  атмосфераны  қалыптастыру  үшін балаларымды басқа мектептерде осы бағытта қалай жұмыс істейтінімен таныстырдым. Оларға қатты ұнады, себебі олар бір-біріне көмектесу, тен болу, ролдерді бөліп алу, бір-бірін бағалау сияқты жұмыстар оларға ұнайтының айтты. Содан бірігіп отырып біз топ ережелерін шығарып алдық. Бұны мен «жаңаша» оқудан жалығып кетпесін деген мақсатпен ұйымдастыр-дым. Топтағы серіктеспен сыпайы жіне жайдарлы аралас, кез келген кластасымен жұмыс істеуге дайын бол, топта жауапкершілікті тек өзіне ғана емес, басқаларға да сезін, топтағы бірлескен жұмыс жауапты және тиянақты еңбек екенің ұмытпа. «Үш болмайды»-ны бұзба. Олар,
- "Барлығы айтылды" деп айтуға болмайды;
- Топқа өзінің пікірінді хабарлаудан тартынуға болмайды ( көрінген сылтау айтып);
- Өз ойынды айтқанда өзінің жаман көңіл-күйінді көрсетуге болмайды.
Осы алдын –ала жұмыстарының нәтижесі сабақ басында да көрініп көзге түсіп жатты.
Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. «Мұхтар Әуезов» атты кластер толтырып, екі топ бір-бірімен алмастырып , қателерін тауып жатты. Бір-біріне сұрақтар қойып, өз ойларын еркін дәлелдеуге тырысты. Бірақ, бұл жұмыста нашар оқитын оқушылар тапсырманы орындауды жақсы оқитын оқушыларға итермелеп отырды. Ал бағалауға келгенде өздеріне жоғары баға қойғандарын байқадым.
Бастауыш класс оқушылары сурет салуды қатты ұнатады. Үйге «Әбілмансұр» мәтіні бойынша сурет салу берілді. Ол суреттерді көрсету және мәтіннің қай жерін бейнелегенін түсіндіруін «сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі арқылы тексерілді. Ішкі шеңберде орналасқан оқушылар орындарын ауыстырып, айтқандарын басқа балаларға айтқандарын толықтырып отырғаның байқадым. Жұмыс аяқталған соң оқушыларға «Кімнің суреті сендерге ұнады?» деп сұрақ қойғанда жас ерекшеліктеріне сәйкес Лана мен Жанель деген оқушым «Өзімдікі» деп жауап берді. Ал бірін-бірі бағалағанда да қалған оқушылар жоғары смайликті осы балаларға берді.
Өткен сабақтағы білімді тексеруге «Карта ойнау» әдісін пайдаландым. Бұл жерде оқуы төмен 3 оқушымды ортаға шығарып «Сабалақ, Әбілмансұр, Абылай» сөздері жазылған парақшаларды басына кигізіп класс оқушылары қимыл арқылы оларға түсіндірулері керек болды. Ал тақтаға шыққан оқушылар олардың қимылдарын қарап басында жазылып тұрған мәселерді табу керек болды. Бұл жаңа тәсіл  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, бірлесе әрекет жасады. Оқушы сыни тұрғыдан ойлана бастады, өзіме де сыни тұрғыдан ойлауым керектігін түсіндім. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты.
Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы», «мұғалім мен класс», «оқушы мен класс». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім.  Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек. Балаларға бір слайдқа қазақтың батырларының есімдерін жазып көрсеттім. Соның ішінде Райымбек деген сөзді қызыл түспен ерекшелеп жаздым. Олар «Фото- қөз» әдісі бойынша оларды көзбен суретке түсіріп, еске түсіргендерін айту керек. Оқушыларым естеріне түскен есімдерді айтып жатты. Мен олардан «Осы сөздердің ішінде ерекше көзге түскен сөз бар ма?» деген сұрақ қойдым.
Сонда орташа оқитын Қуат Ұлан Райымбек батыр деген сөз қызыл түспен жазылғаның айтып, сабақ тақырыбын және мақсатын анықтап алдық. Райыбектің суретін көрсетіп «Бұл суреттегі адам туралы не айта аласыңдар?» деген сұрақ қойдым. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады. Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді.
Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта диалогтің орны бөлек.  Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды.  Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де диалогтік  тапсырмаларды қамтуға тырыстым.  Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалыосы  сабағымда «Оқып-оқытамын» әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. «Оқып –оқытамын» әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып  түсінгендерін білмей де қалды.  Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты. Бүркітпай Арман топтық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай отырғанының салдарынан түсінбегенін байқатты. Бірақ соңғы бақылаушының айтқандарынан ұққанын айтып қуанып жатты.
Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалардың түсінгенін бақылау мақсатында «Спринт-оқу» әдісін пайдаландым. Мұнда әр балаға сұрақ беріліп, олар көзбен оқу арқылы белгілі уақыт ішінде өз сұрақтарына жауап табу керек болды.Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл әдістің нәтижесі көп. Ой – пікірін ашық, еркін айтты, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін түзеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мақсатында сабақ барысында барлық ақпаратты презентациялар арқылы көрсеттім. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.
Ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда сабағымда «Автор орындығы» тәсілін қоландым. Мұнда «қонаққа» келген Райымбек батырға оқушы өз ойын айтты. Сонда бұл оқушылар қазірден бастап өз ойын сенімді жеткізе алады, қай тапсырма болсада белсене қатысып, оны орындау үшін алгоритм құрып қасындағы барлығын сол іске жұмылдыра алатынына көз жеткіздім.
Сабақтарымды жоспарлаған кезінде оқушыларымды бағалау әдістерін көп іздедім және ойландым. Содан өзіме тәжірибе кезінде негізгісі болып «Смайликтер» арқылы бағалауды алдым. Танымдық белсенділік көрсеткен үшін оқушы ой әрекетінің көлеміне және терендігіне қарай лайықты смайлигін алады.(1- 5 ұпайға дейін). Жинаған смайликтер "жалақы" ақырында дербес өмір бастайды. Оқушы оны сарапталған ұпайдың жиынтығын бағаға айырбастай алады, жинақтау үшін сақтай алады, айырбастай алады, сыйлай алады т.б. Біріқ ,тек қана баланың жауабын ескеру менің мақсатым болған жоқ, керісінше дәстүрлі оқытуда көбінесе ұмытылып қалатын психологиялық заңдарды жұмыс істеткім келді.
Біріншіден, бағаны заттай сезіну, смайликті алу, оның құнын білу.
Екіншіден, баланың әрекетін еркін қылу,баға алуға қызығушылықты ояту. Ол үшін 1 ұпай- жарайсың, 2 ұпай – тамаша, 3ұпай –бәрекелді, 4 ұпай – озатсың, 5 ұпай – 5 есе жарайсың !!! Балаларда дұрыс емес жауап берем деген, дұрыс емес әрекет жасаймын, дұрыс емес қимылдаймын деген қорқыныш кете бастады.
Үшіншіден, байқалмаған қол мен жауап қысқартылды, балалар белсенділік таныта бастады. Мұғалімнің уақыты да үнемделе бастады: журналға аландау қажеттілігі, әділдігі жоғарлады. Ал бастысы бұл өлшемдер баланы білімге ынталандырады. Балаларды ойы үшін немесе ойды айтуға даярлығы үшін, білімге немесе білімді көрсету үшін бағалауға болады. Мысалы, сабақтағы бірінші жауапты бағаладым , ол дұрыс болса да, дұрыс болмаса да.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
2. «Әдебиеттік оқу» 2 класс Қабатай Б.Т. Рахметова С.Р.
3. Интернет рессурстары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет