Тоқболат Еңсегенұлы



бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31938
  1   2   3   4   5   6
Тоқболат Еңсегенұлы,

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

профессоры, филология ғылымдарының докторы
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ

АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Көне түркі руна жазуының туып, қалыптасуын, дәуірін білмей сол руна алфавитімен бірнеше ғасырлар бойы жазылған енапат, құнды шығармаларға талдау жасап, ғылыми тұрғыда баға беру мүмкін емес. Ондай зерттеу жұмысы келте біткен іс болады. Бір ғана дәлел–көне түркі руна жазба шығармаларының айқын танылатын, өзге ел жазба мұраларына ұқсамайтын айрықша ерекшелігі барын тағы еске салу қажет-ақ. Өйткені, әрбір әріп – руна алфавитінің өзіндік құпиясы, өзіндік көтеріп тұрған мағынасы сияқты ауыр жүгі бар. Кез-келген озық жетістік оқшау тұрып өрге баспайды. Сондықтан көне түркі руна жазуының туып дамуының түп-төркінін табу үшін әуелі шығыстағы іргесі ертеден қалыптасқан елдердің жазба мәдениеті мен көне түркі руна алфавиті арасындағы сабақтастықтың бар не жоғын анықтау қажет-ақ. Оған қоса көне түркі руна жазуы түркі және қазақ халқының таңба, белгілері әсерімен жасалғанын немесе ықпалы болмағанын білу ниетінде оларды бір-бірімен салыстырып зерттеу құнды мәселенің бірі саналады.

Көне замандағы өзге елдердің әріптік жазуы мен көне түркі руна алфавиті және көне түркі таңба, белгілерін бір-бірімен салыстырып сырын ашқанда, бұл саланы зерттейтін семиотека тәсілін пайдаланған тиімді. Бұл термин көне грек тілінде ‘’белгі’’, ‘’таңба’’ деген мағынаны білдіреді. Түйіп айтқанда, семиотека – жалпы таңбалар жүйесін саралайтын ғылым саласы. Таңбаларды тіл білімі тұрғысынан зерттеуде семиотека іштей үш құрамға бөлінеді. Сонда ғана таңба, белгілердің жұмбақ құпиясы жіктеліп, талданып көрсетіледі. Бұл зерттеуге семиотеканың екінші құрамы сәйкес келеді. Онда таңбалар жүйесін, содан айқындалған сөйлем, сөздің логикалық мәнін, мағынасын танытып, байқалған таңбалар өрнегіне түсініктеме береді. Осы ережеге сүйене отырып, ең бірінші, әлем мәдениетінің алғашқы ошағы атанған Шумер сына жазба белгілері мен көне түркі руна жазуы арасындағы байланыс, сабақтастықты салыстырып зерттеу көзделді. Алдын-ала білдіреріміз, Шумер сына жазуында бір белгі-таңба (логография) бір сөзді білдіреді. Мысалға, Шумер сына жазуындағы мына деген белгі‘’отан’’, ‘’жер’’ деген атауды танытады (1, 29-б.). Көне түркі руна жазуындағы сол белгіге ұқсас алфавиті латынша ‘’d’’ қазақша ‘’д’’ деген дыбыстық мағынаны білдіреді (‘’кириллица әрпі’’ деп айтпай-ақ қоялық). Шумер сына жазуындағы мына деген белгі “он” деген сандық атауды білдірсе, көне түркі руна жазуында соған ұқсас деген әріп латынша “О,U”, қазақша “О,У” дыбыстық мағына береді. Шумерлердегі мына белгі “түнгі аспан’’ деген ұғымды танытады. Түркі жазуындағыалфавиті латынша “пt”, қазақша “нт” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуында мына деген белгі “аш”-“бір” деген сөзді білдірсе (көне түркі тілінде де сол мағынаны танытады), түркі руна жазуында “І” деген әріп латынша “S”, қазақша “С” дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер жазуындағы деген белгі “күн” деген атауды танытса, көне түркі руна жазуындағыдеген әріп латынша ” М “қазақша “М” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуы мен көне түркі руна алфавиті арасында осындай ұқсастықтар тізе берсе баршылық.

Сондай-ақ,шумерлер мен көне түркі тілдерінде де біршама ұқсастық бар. Мысалға, шумер тіліндегі “ада” қазақша “ата”, көне түркі тілінде “дада, ада” деп айтылады. Шумер тілінде “ама”-қазақша “ана”, көне түркі тілінде сол сөз “ама, аба” деп айтылады. Шумер тіліндегі “думу”-қазақша “ұрпақ”, түркі тілінде ‘’тума’’ деп айтылады. Шумерлер адамды ‘’Ши’’ деп атаса түркі тілінде сол сөз ‘’Щи, Чи’’ деп айтылады. Шумерлер шопанды ‘’Шуба, Сипа’’ десе, түркі тілінде шопан сөзі ‘’Чупан’’ деп аталады. Шумер тіліндегі ‘’Емек’’ қазақша ‘’тіл’’ деп аталса, түркі тілінде ‘’емек, емук’’ деп айтылады. Шумердегі ‘’Уш’’үш сан атауы түркі тілінде де “уш” деп аталады. Шумер тіліндегі “кен” қазақша “кең” сөзі көне түркі тілінде де “кен” деп аталады. “От” сөзі шумерше “уд” деп аталса, түркі тілінде де солай ‘’уд’’ деп айтылады. Бұл келтірген дәлелдерімізге шумер және көне түркі тілін салыстырып зерттеген ғалымдардың бірі А.Бахтидің: ‘’Мы расмотрели 46 слов, из них 33 слова польностью схожи, т.е. более 72%, 13 слов схожи по корню т.е 28 %’’,деп жазғаны негіз (1, 21-б.). Көне түркі руна жазуы мен Шумер сына жазуы және олардың тілдерінің арасындағы ұқсастықтар көне түркі мәдениеті дүние жүзінде алғашқылардың қатарында қалыптасқанын тағы нақтылай түседі. Сонымен, көне түркілер бағзы заманнан мекендеген Орта Азия, соның ішінде Амудария мен Сырдарияның Арал теңізіне құяр төменгі ағысының аралығындағы Хорезм өңірі–әлемдік мәдениеттің алғашқы бастау алған орталығының бірі болып табылады.

Орта Азиядан Месопотамиядағы екі өзен аралығында қоныс аударған шумерлер өздерімен бірге көшпелілер мәдениетінің озық үлгілерін ала келгені, шумерлерге қатысты кез-келген мәселелер төңірегінде салыстырып қарағанда шындыққа сай келіп тұрғандығы танылады. Мысалға, көне түркілердің кәсібі  мал шаруашылығы болса шумерлерде де тап солай. Атап айтқанда, көне түркілерде қой түлігіне қатысты 100 сөз болса, шумерлерде де қой тұқымына қатысты екі жүзге жуық сөз бар екен. Көне түркілер ел басқарған билеушісін Тәңір жарылқап жіберген құдірет санап, жарты құдайға теңесе, шумерлер де ел әкімдерін солай көсем санап құрметтеген. Көне түркілер дүниеден өткен ірі тұлғаны соған қатысты қымбат мүліктерімен қоса жер астына жіберсе, шумерлер де сол дәстүрді пайдаланған. Көне түркілер күнге, отқа, жерге, суға табынса, шумерлер де солай жасап, күн құдайын “Тамуз” деген, қазақта ең ыстық ай “тамыз” деп аталады.Шумерлер Жер, су құдайын “Энлил”, перзентті қорғайтын құдайын “Иштар” деп атаған. Бұрын шыққан кітапта біз арнайы зерттеп тұжырымдағандай, көне түркілер көктегі жалғыз жаратушы Тәңірге табынса (2), шумерлер де сол нанымды иеленген.

Осы мәселе жайлы А.Бахтидің: ‘’Шумеры поэтому верховным богом считали древнешумерского бога неба Ану-дингир, что значит бог неба. Интересно, что шумеры свое небесное божество Ану назвали также Дингир. Шумерские звонкие согласные соответствуют тюркским глухим. Например: шумерские “Д” и тюркские “Т”, “Дінгір-тенгір”, деп дәлелдегені біздің пікірімізді нақтылай түседі (1, 22, 92-б.). Бұл сала бойынша ірі ойшыл О.Сүлейменов шумер мен көне түркі тілдері арасындағы сабақтастықты тереңдете зерттей келіп: «Үшінші жағынан шумер және көне түркі тілдерінің жақындығы сондай, тіпті салыстыратын материал көлемі шағын болғанда да, ол жақынырақ айқын сезіледі. Өйткені, бұл тілдердің арасында пәлендей үлкен фонетикалық айырма бітіп үлгірмеген. Асты сызылған сөздер менің қосқаным»,– деп жазды (3, 240-б.). Қысқасы, шумер сына жазуы мен көне түркі руна алфавиті арасындағы ұқсастықтар және де бұл екі ел тұрмысындағы ежелден қалыптасқан сабақтастықтар көне түркі жазба мәдениетінің түп-төркіні тіпті тереңде жатқандығын айғақтап тұр. Тіл білімі мен тарих саласының мамандары бұл мәселені арнайы тереңдете зерттесе ғылымға тың серпіліс туғызатыны байқалады. Көне түркі және қазақ халқының таңба, белгілерінің осы көне түркі руна жазуының жасалуына қатысы бүгінгі кезге дейін ауызға алына қоймаған күрделі де құнды салалардың бірі. Өзгесін айтпағанда, тек ғана аталар жасаған бір таңбаның өзі бір ру, тайпаның бүкіл тұрмыс-тірлігін, кәсібін, наным, сенімін ашып беріп, мәдениет деңгейін танытады. Егер қазақ таңба-белгілерін ретімен түгел жинап сыр-сипатын ашса, ең бірінші қазақ тарихын шынайы түрде толымды етіп жасауға жол басталар еді. Бұл әуелі тарих пен тіл мамандарын ірі жетістікке апаратын өте асыл қазына. Әрине, бұл қасиетті мұраның кілтін тауып, құпиясын ашуға қара басының, қарнының қамын ойлап, айламен жұлқып-тартып қорғап, өз мүддесін орындаған соң тояттап қалатын пенделердің бейшара қарекеті емес, бұған халқының қамын, арын ойлаған, бойында ұлттық намыс оты лаулаған адамдардың құлшынысы керек. Зерттеп отырған тақырыптағы кейбір соған қатысты мәселелердің мәнін түсінікті етіп жеткізуге себепші болатын бабалар қалыптастырған таңба-белгі жөнінде қысқаша сөз қозғау қажеттілігі байқалады.



Таңба–бағзы заманнан әлемнің бірсыпыра елдерінде пайда болып, ру-тайпалардың ерекше белгі, айғағы, кейде мөрі ретінде қолданылды. Әсіресе, көне түркі және монғол халықтарында белгі, таңба ежелден кең түрде өмірге еніп, сол ру-тайпалардың елтаңбасы, хан жарлығын білдіретін құжат, жазу есебінде қолданылды. Көне түркі және қазақ белгі-таңбалары – көне түркі руна жазу алфавитін жасауға себепші болды ма? Бұл күрделі сұраққа нақты дәлелдермен және орнықты тұжырымдармен түйіндеп жауап бермекпіз. Бұл орайда әуелі М.Қашқари кітабындағы көне түркі таңбаларын алып, оны көне түркі руна жазуы алфавитімен өзара салыстырып зерттеу қолға алынды. Мысалға, оғыз ұлысына қарайтын қайық руының таңбасы «» деп белгіленіпті. Бұл таңба қосағындағы
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет