«Топтағы бірлікті нығайту» тренингі Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту. Танысу «Менің атым»



бет2/8
Дата21.05.2020
өлшемі91,73 Kb.
#70180
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15.05.2020. ЖСЛ-2пар
живопись, 15.05.2020. ЖСЛ-2пар, 15.05.2020. ЖСЛ-2пар, 15.05.2020. ЖСЛ-2пар
Қыздыру жаттығуы «Геометриялық фигура» ойыны

Белгілі бір уақытта барлық қатысушы топтар бірігіп геометриялық фигура жасаулары керек.

Тіктөртбұрыш – 12 секунд ішінде.

Текше – 10 секунд ішінде.

Үшбұрыш – 8 секунд ішінде.

Ромб – 6 секунд ішінде.

Шеңбер – 3 секунд ішінде.
Негізгі тренинг «Адам.Шатыр.Жер сілкінісі» ойыны

Топ үш-үштен топтасып бөлінеді. Бір адам артық қалуы керек. Егер қатысушы саны жетпесе тәлімгер қоса ойынға қатысуға болады.

Ойынның шарты: жүргізуші «Адамдар ауысамыз!» деген бұйрық берсе, шатыр астындағы адамдар жылдам-жылдам орындарын ауыстырады. Сол кезде артық тұрған адам өзіне паналайтын шатыр тауып алуы керек. Артық қалып қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын мұқият тыңдап тұруы қажет. Жүргізуші «Шатырлар ауысамыз!» деген бұйрық бергенде шатырлар ауысып, артық қалған оқушы жылдам біреуге шатыр болуға тырысады. Тағы да артық қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын тосады. Келесі бұйрық «Жер сілкінісі» дегенде шатырлар да, адамдар да ауысады. Осы кезде артық қалған адам өзіне орын табуға тырысады. Осылайша бірнеше қайталауға болады.
Қоштасу «Хат жазу» ойыны

Қажетті құралдар: ақ парақ, қалам (түрлі-түсті болса жақсы), скочь.

Барлығымыз ақ парақты алып, бір-біріміздің арқамызға жабыстырамыз. Жабыстырып болған соң қолымызға қалам алып,бір-бірімізге тілек жазуды бастаймыз. Бір жазған адамға бірнеше рет жазу рұқсат етілмейді. Хат жазу аяқталған соң жабыстырылған парақты алып, өз орнымызға отырамыз.

Соңында бүгінгі өткен тренинг бойынша оқушылардың алған әсерлері мен сезімдері жайында талдау жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет