Түсінік хат
Бұл бағдарлама қоғам құбылыстарының тығыз байланысын меңгертеді. Жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиеленуінде барлық білім салаларымен тығыз байланысады. Оқушылардың білімі мен білігін, дүниеге көзқарасын кеңейтіп, танымдық қабілетін дамытып, адамгершілік қасиетін байытуға ықпал етеді. Ерекшелігі – баланы өздігінен зерттеу жұмыстармен айналысуға және жан – жақты білім алуға жетелейді.
«Елтану» таңдау сабағы білімділік, дамытушылық және тәрбиелік қызмет атқарады.
Мақсаты:
Білімділік:
Туған жер, туған ел жайында түсініктерін кеңейту;
Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде білімдерін арттыру;
Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білуге үйрету;
Еліміздің атақты азаматтары жайлы түсінік беру;
Халықтар достастығы, ұлттар арасындағы татулық, бірлік жайында түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:
Өз бетінше тақырыпқа сәйкес материал жинастыруға үйрету;
Оқушының ақыл – ойын, зейінін, қиялын дамыту;
Қабылдау қабілеттері мен ынта – ықыласын дамыту;
Оқушының дүниетанымын, елтанымын дамыту;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының азаматы екенін мақтан тұтуға тәрбиелеу;
Заңға бағынуға тәрбиелеу;
Елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Міндеті:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау;
Қазақстан Республикасы жайында материал жинақтап, сынып ішінде ұйымдастыру;
Халықтар достығын, бірлікті, ынтымақты сақтау;
Танымдық және интеллектуалды қабілеттерін жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуын анықтау;
Жас ұрпақты қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Қоғам мен мемлекеттің қажетін қанағаттандыратын ел азаматы болу;
Жан – жақты білімді, білікті ұрпақ тәрбиеленеді;
Жаңа заманның ағымына сәйкес жас ұрпақ ұлттық рухта тәрбиеленеді;
Оқушының танымдылық қызығушылығы мен бейімділігі артады;
Оқушы жинақтау, армандау, ойлау сияқты жаңа нәтижелерге қол жеткізеді;
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігі артады;
Өзіндік дамуы қамтамасыз етіледі;
Елін, жерін сүйетін тұлға қалыптасады.
Не білуі керек:
1 деңгей
|
2 - деңгей
|
3 - деңгей
|
бағдарлама курсын меңгеру;
мемлекеттік рәміздерді, авторларын білу;
тақырыптардың мазмұнын түсіну;
еліміздегі, аумақтағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде түсінігі болу;
атақты адамдарды білу;
ұлттық салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды білу.
|
бағдарламаны толық меңгеру;
бағдарлама тақырыбына сай қосымша материалдармен жұмыс жасай білу;
мемлекеттік рәміздер туралы түсінігі болу;
ұлттық салт – дәстүрлерді жетік білу;
аудан тарихынан хабары болу;
құқық, теңге, қарулы күштер жайында түсінігі болу.
|
бағдарламаның сыртында қосымша материалмен жұмыс істеу;
бағдарламаны толық меңгеру;
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
проблемалық мәселеге сын көзбен қарау;
Қазақстан мемлекетінің ерекшеліктерін білу;
өздігінен дұрыс шешім қабылдай білу.
|
2 сыныптың бағдарламасы
I бөлімі.
Ел елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты-
8 сағат:
Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жайында, оның Қазақстан Республикасы үшін жасап отырған ерен еңбегі, халқына жасаған жолдауы жайында түсінік қалыптастыру.
Елдің рәміздерін, олардың мазмұнын білу.
Тәуелсіздік жеңістері, ел өміріндегі өзгерістерді бағалау, мақтан тұту.
Бала құқығын білу, заңға бағынуға, заңды құрметтеуге үйрету. Қазақстанның бас қаласы – Астана.
II бөлімі. Туған жерім – алтын бесігім – 5сағат
Туған жердің сұлулығын бейнелеп, жеткізе білуге дағдыландыру. Отбасы – шағын Отан екенін сезіндіру.
Қостанай облысы жөнінде жалпы мәліметтер беру; халқы, климаты, су ресурстары, әлеуметтік сферасы жөнінде білімдерін кеңейту.
Ауыл ерекшеліктері. Оқушыларды туған жері Қарасудың тарихымен таныстыру.
III бөлімі. Ата дәстүрі – тәлім- тәрбие көзі - 9 сағат.
Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлерімен, әдет – ғұрпымен таныстыру. Қазақтың баспанасы – киіз үйі, қазақтың ұлттық киімдері, зергелік өнері жайлы білімдерін кеңейту.
Қонақты қарсы алу рәсімі туралы, үйге келген қонақ күту, қадірлей білуге, сый – құрмет, қошемет көрсетуге үйрету.
Өз елінің тарихын оқып, біліп, құрмет тұту. Қазақ халқының тыйым сөздері.
Ескірмейтін есті сөздерді жадында сақтап өсу мақсатында жұмыстар атқару.
IV бөлімі. Жігіттің үш жұрты немесе туыстық қатынастар - 4 сағат
Ағайын жұрт, ағайын арасы немесе ата тегі, туыстық атаулары жөнінде түсінік беру. Қайын жұртқа, нағашы жұртқа кімдер жататынын түсіндіру. Жас ұрпағымызды қасиетті ата жолына бет бұрғызу. Бауырмалдыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге үйрету.
V бөлімі. Табиғат – өз үйім - 4 сағат
Туған жерінің табиғаты жөнінде мәлімет бере отырып, оның жануарлары мен өсімдіктері, табиғи ресурстары туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Әлемдік тіршіліктің негізі – Күн –Ана, Жер – Ана, су және ауа екенін ұғындыру.
VI бөлімі. Ұлттық тағамдар – 4 сағат
Ас – адамның арқауы екендігін түсіндіре отырып, асты қадірлеуге, қастерлеуге үйрету. Нанды дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру. Қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге, қадірлеуге үйрету. Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру.
3 сыныптың бағдарламасы
I бөлімі. Туған елім – Қазақстан – 12 сағат
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері жөнінде білім деңгейлерін кеңейту.
Қазақ халқының батырлары, олардың өмірі, ерлігі жөнінде мәлімет беру.
Ата заңымызда бекітілген «Баланың негізгі міндеттері мен құқықтары» атты тараулармен таныстыру. Ең қымбат қазына – адам; оның құқықтарымен таныстыру.
Ел қорғаны – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынантын Республикалық Ұлан туралы әңгіме.
Қазақстанның астаналары жөнінде, қазақ халқының қонақжайлығы жөнінде мәлімет беру.
Қостанай облысы жайлы мәлімет беру. Облыстағы мұражайлар мен мәдени орталықтар; аудандар атауларымен таныстыру.
Салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету. Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Лондон олимпиадасының жеңімпаздары туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға қазіргі қоғамды және дүние жүзін ойландыратын мәселелер ішімдік, темекі және нашақорлық туралы, сонымен қатар олардың әсерлерінен туындайтын аурулармен таныстыра отырып, рухани ерік – күшін дамыту.
II бөлімі. Өткен өмірден- 6 сағат
Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында мәлімет беру.
Бөгенбай батыр туралы білімдерін кеңейту.
Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мәлімет бере отырып, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Бауыржан Момышұлының өмірі, ерліктері, бізге қалдырған тағылымдарымен таныстыру.
Өжет мінезді Әлия мен Мәншүктің қайсарлығын, ұлт жандылығын бүгінгі ұрпаққа үлгі ету. Балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерешеліктері жайында жалпы мәлімет беру; тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы мен негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру. Өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету.
IІІ бөлімі. Біздің мекеніміз – 3 сағат
Алматы қаласы туралы білетін өлең, әндер айтқыза отырып, жаңа мәліметтер беру.
Оқушыларды табиғат мен Жер Ананы сүйе білуге, айналадағы орта мен табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру. Оқушылардың өз туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аралдың тағдыры жайлы мәлімет беру.
Арақарағай ертегісі туралы әңгімелеу.
IV бөлімі. Қарасу – біздің берекелі жеріміз - 11 сағат
Қарасу ауданы жайлы мәлімет беру.
Қарасу ауданының тың жерлерін игеру.
Қарасулықтар Ұлы Отан соғысында. Оқушыларды «Мен тірі қалғаным үшін бақыттымын» атты кітаппен таныстыра отырып, белгілі адам Жанәбіл Шаяхметұлы Тұрсынов туралы мағлұмат беру.
Белгілі ақын және сазгер Ғұсман Наурызбаевтің өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру.
Қарасу жерінің атақты адамдары жөнінде мәлімет беру.
Аудандық аурухананың тарихымен таныстыра отырып, дәрігерлердің аяулы алақаны жөнінде әңгімелеу.
Қарасу ауданының спорттық жетістіктерімен таныстыру; атақты спортшылары жайлы мағлұмат беру; Қарасу спортшылары қазіргі таңда. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары туралы әңгімелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
«Қоғамдық тәртіп сақшылары» - Қарасу аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысы жөнінде ақпарат беру. Сақшылар әулеті жөнінде әңгімелеу.
«Қарасу» сауда - өнеркәсіптік компаниясы жайлы мәлімет беру. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде әңгімелесу.
V бөлімі. Құқықтық білім беру – 2 сағат
Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесімен таныстыра отырып, облыстық, аудандық ел басқару органдары жөнінде мәлімет беру.
Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Тұжырым жасауға үйрету. Бойына адамгершілік, патриоттық, құқықтық тәрбие сіңіру.
4 сыныптың бағдарламасы
I бөлімі. Мәдени мұра – 4 сағат
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинатқан ғимараттардың бірі Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген Ахмет Йассауи, Айша бибі, Арыстан баб сәулет ғимараттары жөнінде мәлімет беру.
Әлемнің жеті кереметі жайлы түсінік.
Мұсылмандық жыл санау жүйесімен таныстыру. Халқының мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.
II бөлімі. Атадан қалған естелік – 4 сағат
Қорқыт ата туралы мәлімет беру; түркі халықтарының фольклорындағы Қорықт ата туралы аңыз - әңгімелердің бірімен таныстыру; Қорқыт ата кітабы жөнінде әңгімелеу; сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Алтын адам жайлы мәлімет беру.
Қазақ халқының билік айту дәстүрі ерте заманнан қалыптасқаны жайлы, билердің даулы мәселені шешу жайлы мәлімет беру. Қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайлы мәлімет.
III бөлімі. Біз жас ұландармыз – 4 сағат
Еліміздің қарулы күштерінің әскери киім нысандары; әскери киім белгілері. Далалық киім нысаны; олардың түрлері. Әскери бас киімдері. Әскери сыртқы киім түрлері. Әскери қызметші әйелдердің киімдер туралы әңгімелеу.
IV бөлімі. Қазақстан Республикасының марапаттаулары - 6 сағат
Оқушылардың мемлекеттік марапаттаулары жөнінде білімдерін кеңейту. Танымдық деңгейлерін дамыту. Олармен қандай еңбек, не үшін марапатталатынын түсіндіру.
Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері. "Алтын Қыран" орденi.
"Халық қаhарманы" атағы. "Қазақстанның Еңбек Ерi" атағы.
Ордендер. "Отан" орденi "Барыс" I, II, III дәрежелі ордені.
"Даңқ" I, II, III дәрежелі ордені. "Айбын" I, II, III дәрежелі ордені.
"Парасат" орденi. "Достық" орденi. "Құрмет" ордені.
Медальдар. Құрметті атақтар.
V бөлімі. Алыс шетел – таяу шетел – 7 сағат
Оқушыларды мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге шақыру; отаншылдық рухта тәрбиелеу. Әр мемлекеттің астанасын білу. Әр елдің мемлекеттік рәміздері. Әр елдің Президенттерін білу. Әр елдің ақша айналымы жайында. Басқа ұлттардың әдет – ғұрыптары, салт - дәстүрлері. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету.
VI бөлімі. Құқықтық білім беру – 9 сағат
Қазақстан Республикасының Ата заңы жайында мағлұмат беру. Ата заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру. Заңдық білімдерін кеңейту.
Құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шышншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Оқушыларға Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын түсіндіре отырып, денсаулықты сақтауға, білім алуға, еңбек етуге үйрету.
Адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру; құқықтық білімдерін толықтыру.
Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындыру.
2 сынып
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
I бөлімі. Ел елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты.
|
1
|
Қазақстан – Республикам менің
|
1
|
|
2
|
Ел басшысымен көрікті
|
1
|
|
3
|
Елдігім - өрлігімнің белгісі
|
1
|
|
4
|
Сүйемін туған тілді – ана тілін
|
1
|
|
5
|
Астана – арман қала
|
1
|
|
6
|
Тәуелсіздік қадамдары
|
1
|
|
7
|
Құқықтық тәрбие
|
1
|
|
8
|
Менің құқығым
|
1
|
|
|
II бөлімі. Туған жерім – алтын бесігім.
|
|
|
1
|
Отан отбасынан басталады
|
1
|
|
2
|
Қостанай облысы туралы
|
1
|
|
3
|
Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз
|
1
|
|
4
|
Біздің берекелі жеріміз
|
1
|
|
5
|
Туған жерім - Қарасу
|
1
|
|
|
III бөлімі. Ата дәстүрі – тәлім- тәрбие көзі
|
|
|
1
|
Ұлттық салт - дәстүрлері
|
1
|
|
2
|
Қазақтың баспанасы – киіз үй
|
1
|
|
3
|
Қазақтың ұлттық киімдері
|
1
|
|
4
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
|
1
|
|
5
|
Қазақтың зергелік өнері
|
1
|
|
6
|
Қыз өссе – елдің көркі
|
1
|
|
7
|
Қонақ келсе - құт
|
1
|
|
8
|
Тыйым сөздер
|
1
|
|
9
|
Ата салтым – асыл қазынам
|
1
|
|
IV бөлімі.
Жігіттің үш жұрты немесе туыстық қатынастар
|
1
|
Ағайын жұрт. Ағайынның арасы немесе ата тегі туралы.
|
1
|
|
2
|
Туысым – түптамырым.
|
1
|
|
3
|
Қайын жұрт
|
1
|
|
4
|
Нағашы жұрт.
|
1
|
|
|
V бөлімі. Табиғат – өз үйім.
|
|
|
1
|
Туған жерімнің табиғаты
|
1
|
|
2
|
Эколлогия және біз.
|
1
|
|
3
|
Төрт құдіретті білейік.
|
1
|
|
4
|
Өз өлкемнің өсімдіктері мен жануарлары
|
1
|
|
VI бөлімі. Ұлттық тағамдар
|
1
|
Ас – адамның арқауы
|
1
|
|
2
|
Қасиетті астың шежіресі
|
1
|
|
3
|
Қазақтың ұлттық тағамдары
|
1
|
|
4
|
Сүт және сүт тағамдары
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |