Туралы әдістеме қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін



бет1/5
Дата16.03.2023
өлшемі107,32 Kb.
#172680
  1   2   3   4   5
Байланысты:
банкротство әдістеме











Маргулан Шыныбаев

БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕ


Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін
қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңына қысқаша әдістеме


СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ


      1. Соттан тыс банкроттығы туралы.



Соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша мыналар кредиторлар болады:


  • екінші деңгейдегі банктер;

  • микро қарыжылық ұйымдар;

  • микро кредиттік ұымдар;

  • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

  • коллекторлар.

Осы кредиторларға қарыз адамдар ғана Соттан тыс банкроттыққа арыз тапсырады, ал басқа жеке немесе заңды тұлғаларға қарыз адамдар – бұндай арыз бере алмайды.


Соттан тыс банкроттық рәсімін мына этаптарға бөлуге болады:


  1. Арыз тапсыру үшін құжаттарды реттеу;

  2. Арызды өткізу;

  3. Арызды қабылдау бойынша процедура;

  4. Банкроттық рәсімі;

  5. Банкрот деп тану туралы шешім қабылдау.



Ескерту:


  • Соттан тыс банкроттық кезінде жеке тұлғаның мүлкі сатылмайды;



  1. Соттан тыс банкроттыққа арыз тапсыру жолдары.




Банкроттыққа арыз тапсыру үшін:


  1. Қарыздың мөлшері 1600 АЕК (5 520 000 теңге 2023 жылға) төмен болу тиіс;

  2. Ортақ меншікте және жеке меншігінде мүлік болмау тиіс;

  3. Кредиторларға соңғы 12 ай бойы қатарынан қарыз өтелмеу тиіс;

  4. Кешіктіру басталғаннан күннен бастап 18 ай ішінде борышкерге қатысты берешекті реттеу немесе өндіріп алу жұмыстары жүргізілу тиіс;

  5. Соңғы 7 жылдың ішінде соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімі қолданбауы тиіс.



Ескерту:

Банкроттыққа жоғарыдағы талаптарды ескермей арыз беруге болады, егер:


  • Міндеттемелерді орындамау мерзімі арыз берілген күнге 5 жылдан асса;

  • Егер борышкер арыз берілген күннің алдындағы 6 ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік (АСП) көмек алушы болып табылса.

  1. Соттан тыс банкроттыққа арыз

тапсыру үшін мынаны білу қажет.

  1. Қарыздың мөлшері 1600 АЕК (5 520 000 теңге 2023 жылы) төмен болу керек.




  1. Ортақ меншікте және жеке меншігінде мүлік болмау керек.


Яғни адамның атында ортақ меншік және жеке меншік мүлік болмау керек.


Жеке меншік дегеніміз – мүліктің адамның өзінің басында жеке меншігінде болуы.
Ортақ меншік дегеніміз – мүліктің екi немесе бiрнеше адамның меншiгiнде болуы.


Ортақ меншік түрлері:


  • еріл-зайыптылардың ортақ мүлігі;

  • жекешелендірумен алған тұрғын үйге ортақ меншік;

  • мұрагерлікпен бірнеше мұрагер атына өткен мүлікке ортақ меншік;

  • адамдардың бірлесіп алған мүлікке ортақ меншігі;

  • тұрғын үйде үлексерлік меншік.

  1. Кредиторларға соңғы 12 ай бойы қатарынан қарыз өтелмеуі туралы.


Бұл талаптың мәні – борышкер кредиторлар алдындағы қарыздарын 12 ай бойы төлей алмауында.
Банкроттыққа арыз тапсыру кезінде қарыздар бойынша 12 ай бойы қатарынан төлем жасалмаған болу керек.


  1. Кешіктіру басталғаннан күннен бастап 18 ай ішінде борышкерге қатысты берешекті реттеу немесе өндіріп алу жұмыстары жүргізілу керек.




Бұл талап екі бөліктен тұрады:


  1. Борышкерге қатысты заем шарты бойынша орындалмаған міндеттерді реттеу;

  2. Борышкерге қатысты өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізу.



Борышкерге қатысты заем шарты бойынша орындалмаған міндеттерді реттеуге қатысты.


Банктен алынған кредит бойынша Қарыз алушы Банкке берешекті реттеу үшін мынадай өтінішпен жүгіну керек:


  1. банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

  2. шет ел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;

  3. негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;

  4. берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;

  5. банктік қарыз мерзімін өзгертуге;

  6. мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;

  7. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өзі дербес өткізуіне;

  8. банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына банкке кепіл мүлкін беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;

  9. сатып алушыға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы.



Бұл Өтініш жазбаша болу керек. Өтініште - кредитті төлей алмау себептерін, кірістер және басқа да мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді көрсетеді.
Дәл осылай Микроқаржы ұйымынан алынған кредит бойынша да берешекті реттеу үшін өтнішпен жүгінеді.


Борышкерге қатысты өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізу туралы.




Борышкерге қатысты өндіріп алу жөніндегі рәсімдер мыналар:


  1. қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы хабарлау;

  2. қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдану;

  3. берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру;

  4. сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгіну.



Борышкерге қатысты заем шарты бойынша орындалмаған міндеттерді реттеу жүргізілгенін растайтын құжаттар:


  1. Банктің, микроқаржылық ұйымның жазбаша жауаптары;

  2. Банктің, микроқаржылық ұйымның борышкердің арызына жауап бермеген жағдайда;

  • борышкер арызының көшірмесі;

  • Казпочта арқылы арыздың жіберілгені туралы хабарлама;

  • немесе арыздың электрондық форматта жіберілгені туралы растама.

  1. Соттан тыс банкроттық рәсіміне

арыз дайындау және тапсыру.

Соттан тыс банкроттыққа арыз екі тәсілмен тапсырылады:


  1. Жазбаша қолма-қол;

  2. Электронды түрде.

Борышкер белгіленген нысан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз береді.


Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздың мазмұны


Арыздың шаблонын Уәкілетті орган бекітеді.


Арызда көрсетілу керек ақпарат:


  1. Борышкердің аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефон нөмірі, болса электронды поштасы;

  2. Кредиторлардың атауы;

  3. Кредиторлар алдындағы қарыздың мөлшері;

  4. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыра алмаудың себептері;

  5. Арызға тіркелетін құжаттардың тізбесі.



Арызға келесі құжаттар тіркеу керек:


  1. Кредиторлардың атауы, берешек сомасы, тұрған жері көрсетілген тізімі;

  2. Борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі:

  • Банктің қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы оның себептерінің уәжді негіздемесі көрсетілген жауаптары;

  • Егер Банк берешекті реттеу туралы арызға жауап бермеген жағдайда осы арыздың жіберілгенін растайтын құжаттар – арыздың көшермесі, немесе арыздың электрондық форматта жіберілгені туралы дәлел.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет