Венаға иньекция жасау кезінде шприцте ауа болса қандай асқынулар туындауы мүмкін?



Дата18.06.2020
өлшемі16,37 Kb.
#73849
Байланысты:
Документ (2)
pedagogika-ekzamen

  1. Венаға иньекция жасау кезінде шприцте ауа болса қандай асқынулар туындауы мүмкін?

  1. Шонданай нервісінің невриті және ауа эмболиясы

  2. Тромбофлебит және ауа эмболиясы

  3. Абцесс және тромбофлебит

  4. Эмболия және анафилактикалық шок

  5. Некроз және шонданай нервісінің невриті

  1. Пациенттің венасына дәрілік препаратты енгізер алдында мейірбике бұрау пайдалану қажет. Біраз уақыттан кейін бұрауды әлсірету керек. Венаға иньекция жасаған кезде иықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде тұрған бұрауды қашан босату керек?

  1. Инені венаға енгізгеннен кейін бірден

  2. Иненің венаға түскенін тексергеннен кейін

  3. Дәрілік препаратты енгізгеннен кейін

  4. Инені суырғаннан кейін

  5. Дәрілік препаратты енгізу кезінде

  1. Дәрілік препаратты венаға енгізген кезде медицина қызметкері иньекциялық иненің пациенттің венасына түскеніне көз жеткізуі тиіс. Иненің венаға түскеннің сенімді белгісі не?

  1. Дәрілік затты енгізген кезде пациенттің тамырының толғанын сезіну

  2. Инені басқан кезде ине канюлясында қанның пайда болуы

  3. Венадағы инені пальпация арқылы сезу

  4. Поршеньді өзіне тартқан кезде шприцте қанның пайда болуы

  1. Дәрілік препаратты венаға сорғалатып құюдың дұрыс техникасын анықтаңыз ?

  1. Иненің кесігін жоғары , теріге параллельжәне инені венаға 1/3 ұзындыққа енгізу

  2. Инені кесігін төмен, теріге параллель және инені венаға 1/3 ұзындыққа енгізу

  3. Инені кесігін бүйірге қаратып, теріге параллель және инені венаға 1/3 ұзындыққа енгізу

  4. Инені кесігін жоғары қаратып, теріге параллель және 2/3ұзындыққа енгізу

  1. Ампуладан дәрілік препаратты жинағаннан кейін неліктен қолданылған инені өзгерту және басқа стерильді қолғап кию ұсынылады?

  1. Иненің өткізгіштігі бұзылады

  2. Ине микроорганизмдермен контаминацияланады және жұқтыру қаупі артады

  3. Ине тұйықталып , манипуляция ауыр болады

  4. Иненің биіктігі азаяды, және сынуы мүмкін

  5. Инені стерильді инеге ауыстыру міндетті емес

  1. Тағайындауларды түсіндіргеннен кейін науқас мейірбикеге айтады: «Мен сіз айтқандарды ешнәрсеге түсінген жоқпын» Мейірбике қандай әрекет жасауы керек?

  1. Науқастан нені түсінгенін сұрау

  2. Науқастан білім деңгейін сұрау

  3. Одан жазылған тағайындауды дауыстап оқуын өтіну

  4. Тоқтап қайтадан түсіндіруге уақыт бөлу қажет пе деп ойлау

  5. Әрі қарай түсіндіруді жалғастыру

  1. Мейіргер неліктен түсіндіру жүргізу кезінде фиброгастродуоденоскопия жүргізгенге дейін науқастың темекі тартудан бас тартуын сұрайды ?

  1. Құсу рефлексінің болуы мүмкін

  2. Асқазан сөлінің секрециясы азаяды

  3. Асқазанға өттің кері лықсуы мүмкін мүмкін

  4. Асқазанда сілемейдің өндірілуі азаяды

  5. Газ түзілу артады

  1. Ингаляторды қолдану ережесін науқасқа үйрете отырып мейірбике ингаляторды қалай дұрыс пайдалану керектегі туралы бейнежазбаны іске қосты. Сосын ол ингаляторды дұрыс қолданудың жетістіктері туралы қысқаша дәріс оқыды. Әрі қарай науқастан қандай сұрақтары бар екендігін сұрады. Науқасты оқыту кезінде мейірбикенің осы әрекетінің алгоритміне нені қосу керек?

  1. Оларға ингаляторлар беру және өздері жасап көруді ұсыну.

  2. Науқастар өздерін қызықтырған сұрақтарын жазатын қағаздар тарату

  3. 1 рет өзі көрсету сосын оларды үйлеріне қайтару

  4. Ингаляторларды қалай қолдану қажеттігі туралы толық түсіндірмесі бар қағаздарды тарату

  5. Бейнежазбаны тағы бір рет қайталап қою

  1. Алдағы фиброгастроскопия процедурасы туралы пациентпен түсіндіру жұмысы аяқталғаннан кейін мейіргер пациентпен диалогты қалай аяқтауы керек?

  1. Пациентпен сыпайы қоштасуы

  2. Пациентке өз сезімдерін көрсету

  3. Пациенттің көңіл күйін сұрау

  4. Пациентке өзінің уайымдайтынын көрсету

  5. Пациентке мықты денсаулық тілеу

  1. Пациентпен фиброгастроскопия процедурасы туралы түсіндірме әңгіме жүргізу кезінде мейіргерге алғашқы тұлғааралық байланыс орнату үшін қажет

  1. Қарым қатынастың бейварбаль әдістерін белсеенді қолдану

  2. Қарым қатынастың вербальды әдістерін белсенді қолдану

  3. Көру байланыс орнату

  4. Өзі мен пациент арасындағы қашықтықты қатаң сақтау

  5. Қарым қатынастың вербальды және бейвербаль әдістерін белсенді қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет