Заманауи технологияның қазіргі тандағы дамуы



Дата06.02.2022
өлшемі19,19 Kb.
#81795
Байланысты:
1BZT


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Өнер және спорт» жоғарғы мектебі
«Көркем графика және дизайн» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Заманауи технологияның қазіргі таңдағы дамуы
Орындаған: Асанова Жанар
Топ :ПО 17-1
Пән: Бұйымның заманауи технологиясы


Заманауи технологияның қазіргі тандағы дамуы .


Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы. XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі .


Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  1. оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  2. ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  3. деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады . Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  1. кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

  2. оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

  3. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;

  4. сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

  3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

  5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

  8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.
І-саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.
ІІ-саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
ІІІ-саты — ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» — деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімділігі негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамыта-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, əсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар адам танымастай өзгерді. Ал озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бəрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға (шығу парақтарында) берген өз жауаптарында жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу нəтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет