Зерттеу сұрағы: Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай маңызды рөл атқарды?



Дата12.12.2023
өлшемі61,2 Kb.
#196607
Байланысты:
f627a84466e01e
белсенді туризм срс, наурыз, КСП 9 кл 2 чет, Қауіпсіздік журналы, квал тест 6

1 тапсырма. Зерттеу сұрағы: Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай маңызды рөл атқарды?

ХҮ-ХҮІІІ ғ. қазақ қоғамы иерархиялы ұйымдастырылған әлеуметтік құрылым болды. Оның басында хан тұрды. Жоғары сословиені Шыңғыс хан ұрпақтары сұлтандар мен мұсылман аристоктариясы: қожалар құрады. Бір саты төмен Шыңғыс хан ұрпақтарына жатпайтын ру-тайпалық шонжарлар – билер, батырлар, байлар, ақсақалдар тұрды. Қоғамдық сатының төменгі деңгейін рулық қауымдарға біріккен қатардағы көшпелілер иеленді. Құлдар мен күңдер ерекше құқықсыз топты құрады.


Миға шабуыл: Студенттер берілген сөздерге ассоциация құрайды. Өзара байланыстырып сөйлем құрайды. Қоғам, әлеумет, ақсүйек, халық және т.б.


Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.


Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.


Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:


1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;


2) субъект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...

Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.


“Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам және тұлғалардың, олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды.


Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.

Ақсүйектердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен артықшылықтары болған. Мемлекеттік билік Ақсүйектер қолына берілген. Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар “текті”, “бекзат”, “бек” лауазымын иеленген кісілерді асыл Ақсүйек деп құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Шыңғыс ханның ұрпақтары — хан, сұлтандар Ақсүйек саналып келді. Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей өкіметі Ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде Ақсүйек әулетінің өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы Ақсүйек ұғымы әлеуметтану ғылымындағы “аристократия”, “элита” ұғымдарына жақын келеді.


Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәуелділігімен түсіндірілді.

2 тапсырма. 2.1 Студенттер бейнематериалды қарап, кем дегенде 5 әлеуметтік топты анықтайды. https://www.youtube.com/watch?v=DpLTY0vchHs


Сұлтандар, Қожалар, Билер, Байлар, Төленгіттер

2.2 Интерпретация



  • Жеке жұмыс жасау;

  • Бір әлеуметтік топты таңдаңыздар: ақсүйек, сұлтандар, қожалар, билер, байлар, батырлар, ақсақалдар, қара халық, еріксіз адамдар;

  • Әлеуметтік топтардың қазақ қоғамында атқарған рөлін анықтаңдар.



Билер. Рулар мен тайпалардың басшылары – билер ерекше құқықтарды иеленді. Би сөзі – түркілік бек сөзінің нұсқасы, моңғолдық нойон мен араб-парсылық әмірге сәйкес келеді. Билердің ықпалы орасан болды және кейде ықпалынан да асып кетуі мүмкін еді. Ол басқаратын рудың көптігіне, жолының үлкендігіне, сондай-ақ бидің өз беделіне байланысты болды. Билерге қол астындағы рулар ауқымында сот, әкімшілік және әскери билік тиісті болды. Билер әдеттік құқықтың білгірлері болды және сотты соған сәйкес жүргізді (сондықтан әдеттік құқық бойынша жүргізілетін сотты билер соты деп атайды). Билердің үлкен саяси салмағы болды: сұлтандармен бірге құрылтайларға қатысты және мемлекеттік мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Неғұрлым ықпалды билер ханның жанындағы билер кеңесіне кірді.

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.


Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:


Төле би Әлібекұлы – Ұлы Жүздің биі, қоғам қайраткері, шешен, ақын және «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығаруға үлкен үлкесін қосқан адам.


Ол 1663 жылы қазіргі Жамбыл ауданының Жайсан шатқалында туылған. Бала кезінен өте тапқыр, зерек және ақылды болғаны белгілі. Осы қасиеттерінің арқасында, ауылдастарының құрметіне және сүйіспеншілігіне ие болды. 15 жасынан бастап сот істеріне қатысып, өзінің әділдігімен және шешендігімен халық арасында танымал бола бастады. Тәуке ханның тұсында, барлық жүздердің басты биі болып саналған. Бірақ, жоңғар шапқыншылығынан кейін, Қазақ хандығы бірнеше ұсақ хандықтарға бөліне бастады. Жерімізді жаудан тазарту үшін, ол қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарын әскери одақ құруға итермелеп, жоңғарлармен соғысуға шақырды. Төле би қиын кезеңде өмір сүрген. Аңызға сүйенсек, Жоңғар әскері Ұлы Жүздің аумағына кіріп келгенде, жергілікті тұрғындар баспаналарын қалдырып, қашып кеткен. Тек Төле би ғана өз үйін тастамады. Әскер қолбасшысы одан неліктен қашпадың деп сұрағанда, ол киіз үйдің үстіне ұя салған қарлығашты көрсетіп, құстың тыныштығын бұзғысы келмейтінін айтқан. Бұған таң қалған жоңғарлар, бидің өмірін сақтап қалды. Осы сәттен бастап, адамдар оны «қарлығаш әулие» деп атап кеткен. Ол Ұлы Жүздің Ресей империясына қосылуына әсерін тигізді. 1733 жылы бір топ сұлтандар мен билер, патшайым Анна Иоанновнадан Ұлы Жүзді орыс империясына қабылдауын сұрады. 1734 жылдың 10 маусымында бұл өтініш қанағаттандырылды. Кейбір деректер бойынша, ол көптеген батырлардың, билердің және тіпті хандардың тәлімгері болған. Абылай ханға «Сабалақ» деген атты өзі қойған. Бұхар Жыраудың айтуынша, бұл кезде Абылай, Төле бидің түйелерін бағып жүрген. 1756 жылы 93 жасында Оңтүстік Қазақстан облысының Ақбұрхан ордасында қайтыс болып, Ташкент қаласында жерленді.


Қазыбек Келдібекұлы – 1667 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген (нақты туылған жері белгісіз). Балалық шағын Қаратау мен Ұлытауда өткізді.Жас кезінен бастап, өзінің өткір ақыл-ойымен және терең білімімен ерекшеленген. Көптеген аңыз-әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен жақсы таныс болған. 14 жасында қазақ елшілерімен бірге, Жоңғар ханы – Сыбан Раптанмен келіссөздер жүргізуге аттанды. Өзінің батылдығының және шешендік өнерінің арқасында, халықтан ұрланған мүлікті елге қайтарып, тұтқындарды босатты. Оның шешендігіне таң қалған Сыбан Раптан, болашақ биді «қаз дауысты» деп атап, бұл ат Қазыбек бидің өмірінің соңына дейін сақталып қалды. Бұдан кейін, Жоңғар хандығына тағы да бірнеше рет дипломатиялық сапармен барған. Осындай сапарлардың бірінде, тұтқынға алынған Абылай ханды босата алды. Қазыбек би Абылайды қазақ халқын біріктіре алатын адам ретінде қарастырып, оны азат ету үшін үлкен табандылық танытты. Сондай-ақ, келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан қаласы және қазақтың 32 елді мекені жаудан құтқарылды. Тәуке хан Қазыбекті Орта Жүздің басты биі етіп тағайындаған. Ол үш жүзді біріктіруге үлкен үлесін қосып, жоңғар басқыншыларына қарсы жалпыұлттық күресті ұйымдастырған. Сондай-ақ, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болып саналады. Тәуке хан өлгеннен кейін, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандардың тұсында, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан. Атақты би 1764 жылдың желтоқсанында Семізбұға тауының етегінде қайтыс болды. Оның баласы Бекболат киіз үй салып, әкесінің денесін төрт ай бойы осында ұстады. Қар жауып болған соң, мәйітті Түркістанға жеткізіп, Ясауи кесенесінде жерледі. Қазыбек өмірінің барлық кезеңінде елімізді біртұтастыққа шақырды, хандар арасындағы алауыздықтарды шешіп отырды және көрші халықтармен өркениетті қарым-қатынасты орнатуға тырысты.
Әйтеке би Бәйбекұлы – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге барып қажы атанған, Әмір Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейтқұл туған. Сейтқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самархан шаһарын 40 жылдай билеген атақты Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.

Сейтқұл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан- Шан, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекмембет, Бекенші ұрпақтары өсіп өнген. Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жылтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самархан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.


Әйтеке бидің біздің тарихымызда алатын орны ерекше. Ол тек қана шешен ғана емес, сонымен бірге, ержүрек батыр ретінде жұртқа танымал болған.


Өзбекстандағы қазіргі Қызылша ауылының аумағында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Сырдария мен Әмудария өзендерінің оңтүстігінде өткізді. Ол Қоқан ханы Ақшаның немересі болып табылады. Атақты Ұлықбек медресесін оқып бітіріп, араб, парсы және түркі тілдерін жақсы меңгеріп алған. 25 жасынан бастап, Ордабасы, Күлтөбе және Ұлытауда өтетін билер құрылтайына қатысып отырды. Бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, билер мен тайпалар арасындағы келіспеушіліктер жойылған. Әйтеке би жас болғанымен, түрлі алауыздықтарды шешу кезінде, оның пікірімен барлығы санасқан. Хандар мен әскери қолбасшылар одан кеңес алуға тырысқан. Тәуке хан оны өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған. Ханмен бірге, жоңғарлардың Сайрамға жасаған шабуылына тойтарыс берген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру мақсатында, қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға үлкен үлесін тигізді. Орыстармен дипломатиялық, сауда-саттық және достық қарым-қатынастарын дамытуға белсенді қатысты. Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, жабдықталған мықты әскер құруды армандаған. Ол сарбаздарды мылтықтармен және зеңбіректермен қаруландыруды талап етті. Сондай-ақ, әскерді сұлтандар емес, халық арасынан шыққан батыр басқаруын жөн көрді. Бұл ұсыныс – тиісті қолдауын таппады. Бұған ренжіген Әйтебе би, Хан Кеңесінің мүшелігінен өз еркімен кететіні туралы хабарлап, 56 жасында өмірден озды. Өзбекстанның Нұрата ауданында жерленді. Ал, кейбір мәліметтер бойынша, оның қабірі Ташкенттен 75 шақырым қашықтықта орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет