بسم الله الرحمان الرحيم 1 ислам дінінң ғылыми эвалюциялануы



бет5/7
Дата16.01.2022
өлшемі60,55 Kb.
#112229
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
магистірлік дессертация

«الأصلية الاستعارة» (истиара аслия) және тәуелді «التبعية الاستعارة» (истиара табағия) деп екіге бөледі:

- истиара аслия (الاستعارة الأصلية) - қолданылған сөз немесе туынды емес түбір есім сөзді айтамыз. يا «كوكباً» ما كان أقصر عمره و كذاك عمر كواكب الأسحار

Ей жұлдыз, оның өмірі неткен қысқа еді,

Анау таңдағы жұлдыздардың өмірі сияқты [6, 182 б,].

Мұнда ақын кішкентай баласын жоқтауда оның денесінің кішкентайлығы мен орнының жоғарылығын айғақтап, жұлдызға теңейді. Мұнда ауыспалы мағынада қолданылған сөз бейне «жұлдызға», предмет «балаға» теңеліп, ашық истиъара жолымен жасалғаны көрініп тұр. Ал, қарина оның «ей жұлдыз» деп шақырған қаратпа сөзі. Осында қолданылған «жұлдыз» сөзі туынды емес, түбір есім сөз болу себепті де истиъараның бұл түрі негізгі истиъара деп аталады.

- истиара табағия (الاستعارة التبعية)- қолданылған сөз туынды есім немесе етістік. «وَلَمَّا سَكَتَ عَن مُّوسَى الْغَضَبُ أَخَذَ الأَلْوَاحَ» «Мұсаның ашуы басылғанда, тақтайларды қолына алды.» (Ағраф сүресі 154-аят). Бұл аятта бейне ашық келіп тұр, Мұса ғ.с. ашуы аяқталуын «سَكَتَ» (үндемей қалу) басылумен теңеді. Предмет - ашу аяқталу (үндемей қалу), бейне – басылу етістігі аяқталды мағынасында берілген.

Қазақ әдебиетінде истиараны метонимия деп атайды – яғни  өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.  Метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.

Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады.. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б..[20]


Бәләға іліміндегі истиарадан алатын пайдалар.

Ташхис, тажсим, таудих әдістері арқылы мағынаны қуаттайды. Және де ойды нақтылайды.

Ташхис (تشخيص) – истиара макния әдісі мен (بكت السماءُ على الشهيد) аспанды қайғыдан жылап отқан адамға ұқсатуда. Ал бұл теңдесіз теуедің беретін пайдасы ташхис арқылы болып табылады.

Тажсим (تجسيم) – бұлда истиара макния әдісі арқылы



Таудих (توضيح) – истиара тасрихия әдісіндегі (عبر أسودنا القناة) әскерді арыстанға теңеу арқылы

Араб тіліндегі истиъара (الاستعارة) термині мен қазақ тіліндегі метонимия терминдерінің мағынасы мен қызметі бірдей. Истиара (الاستعارة) – араб тілінде «бір нәрсені көтеріп, басқа орынға ауыстыру» және «өсімсіз қарызға алу» деген мағыналарды береді. Мысалы: استعار المال إذا طلبه عاريةً «қарызға мал-дүние алып, өсімнің болмауын талап ету» [6, 167 б,]. Риторика ғалымдарының бұл сөзді термин ретінде қолдану себебі негізгі мағына мен қолданылған мағына арасындағы ұқсастыққа байланысты бір сөздің орнына басқа бір сөздің айтылуы. Қолданылған қарина (قرينة) ол сөздің ақиқат еместігін меңзеп тұрады.

Истиара – илм әл-байанда теңеудің предметі немесе образы ғана сақталған және сөздің негізгі мағынасы емес, астарлы мағынасы мақсат етіліп отырғанын дәлелдейтін қарина қосылған түрі. Мысалы, ақынның:

Егер өлім тырнақтарын батырса,

Барлық тұмарлардың пайда бермейтінін көрерсің, – деген өлең жолдарында алдымен өлімді жыртқыш аңға теңеп, одан кейін жыртқыш аңды алып тастап оның орнына «тырнақтарын батырса» деген сөз арқылы бұл жерде өлімді жыртқышқа теңеген [3, 230 б,].

Истиара (الاستعارة) – қысқа теңеу, бірақ теңеуден гөрі көркем, мысалы: رأيت أسداً في المدرسة - мектепте арыстан көрдім десе,– мұндағы истиараның негізі – мектепте арыстан сияқты ержүрек, батыр адамды көрдім,- деген мағынаны береді. Мұндағы المشبه «предмет», – адам, أداة «қосымша» – сияқты,وجه شبه «белгі» – ержүрек, батыр және мектеп сөзі «қаринаны» беріп арыстан деп айтуы ержүректі қалауына дәлел болды.

Истиараның негізгі үш діңгегі бар: 1مستعار منه (мустаъар минһу) немесе мушаббаһ биһи) «образ», 2 مستعار له (мустаъар лаһу) немесе مشبه (мушаббаһ) «предмет», 3مستعار (мустаъар), яғни «қолданылған сөз». Мұндағы мустаар минһу мен мустаъар истиъараның екі жағы деп аталады.

Истиарада وجه شبه «белгі», أداة التشبيه «теңеу қосымшалары» міндетті түрде айтылмауы керек, сонымен қатар теңеу де истиараны қолданғаннан кейін ұмытылады, айтылмайды. Мұндағы مشبه (мушаббаһ) «предмет» مشبه به (мушаббаһ биһи) «образдың» бір мүшесі екендігін мақұлдайды (бір адамның аты немесе оның белгісі болу керек). Ал истиъара үшін مشبه(мушаббаһ) «предмет» пен مشبه به(мушаббаһ биһи) «образдың» кірігуі қажет, истиара жалпылықты қажет етеді, сол үшін ол есім бола алмайды, есім оның жеке белгілеріне қарсы келуі мүмкін, егер ол атақты есім болмаса. Мысалы: «سمعت اليوم سخبانا» (мен бүгін «Сахбанды» естідім) десе, «Сахбан» шешендігімен аты шыққан тұлға болғандықтан, оның Сахбан сияқты шешен біреуді айтып тұрғаны түсінікті. Немесе قُسّ Құс шешендігімен, حاتم Хатым (қазақта Атымтай жомарт) жомарттығымен белгілі; сондықтан Атымтай мен Құсты көрдім десе,ол образда шешендік пен жомарттықтың бір екендігін көреміз.

Истиараныأداة -теңеу қосымшасы немесе وجه شبه белгі екеуінің бірі түсіп қалған теңеу деуге болады, бірақ теңеуге қарағанда көркем, әсерлі; өйткені теңеуде асыра бағалау қолданғанда міндетті түрде бір-бірімен байланыстары жақын, ұқсас, бірақ өзара бірікпейтін «предмет» пен «образ» айтылуы керек. Ал истиараның одан айырмашылығы: сол екеуінің бірігуінде, мұнда «предмет» пен «образ» екеуі бір мағынада, бір сөзбен қолданылады. Истиара сөздерді қуаттандырып, көркемдеп кемелдендіреді, адам сезімдеріне әсер етіп, құмарларын қандырады [3, 244-245 б,]. Мысалы: فأمطرت لؤلؤاً من نرجس و سقت وردا و عضَّت على العناب بالبرد. «нарцистен маржан тамшылап, раушан гүлін суарды, бұршақпен қызыл жүзімді тістеді» [3, 246 б,].

Ақын сүйіктісінің көз жасының мөлдірлігін маржанға, көзінің әдемілігін нарцис гүліне, жүзінің сұлулығын раушан гүліне, қынамен боялған тырнақтарының қызылдығын жүзім жемісіне теңеп, тістерінің аппақтығын бұршаққа ұқсатты. Бұл истиарада тек бейне ғана айтылып, ашық истиара болады. Мұндай образды метонимияларды сәтті қолдана білу ақынның хас шеберлігін көрсетсе керек. Ал шеберлік- мазмұн мен түрдің, яғни айтылмақ идея мен оның тілдегі көрінісінің үйлесімі.

Әл-истиара (الاستعارة) - тілдік мағынасы бірдей нәрсенің бір орыннан басқа орынға ауыстырылуы. Мысалы: бір адам біреуден бір затты қарызға алды десек? Яғни сол алынған зат берген адамның қолынан алған адамға пайда беру үшін ауысуы. Осыдан түсінетініміз: истиараның атқаратын қызметі - ол араларында ұқсастығы бар екеуін біріктіру.

Араб ғалымы ибн әл-Әсир:

«Мағынадан ауыстырылып алынған екеу арасындағы қарым-қатынас ауыспалы мағынадағы истиъараның негізгі түрі болып табылады. Кейбір адамдар біреулерден бір зат айырбастап алады. Сол айырбастап алушы екеуінің затты қарызға алуға себеп болатын таныстығы бар болғанда ғана айырбас жүзеге асады. Ал егер екеуі таныс болмаса еш нәрсені де қарызға алмас еді. Осы үкім сөздердің бір-біріне ауысуына да қолданылады және сол екі сөздің арасындағы бір-біріне мағына ауысудағы байланысы екі тұлғаның бір-бірінен бір заттың көшуіне себеп болған таныстық сияқты»,-дейді. Байқағанымыз: сөздің негізгі мағынасы мен ауыстырып қолданатын ауыспалы мағына арасында байланыс бар және тек екеуін біріктіретін мағыналық байланыс болғанда ғана ауыстырылып қолданылады» [13, 166-167 б,].

Көрнекті араб ғалымы әл-Жахиз истиараға төмендегідей анықтама береді:«Истиара дегеніміз - егер оның орнына қолдануға болатын болса, бір нәрсені басқазаттың есімімен атау» [12, 173 б,].

Қудама ибн Жаъфар: «Кейбір сөздер мағынаны кеңейту және ауыспалы мағына беру үшін кейбірінің орнына ауыстырылады» [12, 173 б,].

Абду-л-Қаһһар әл-Журжани:

«Истиара сөз діңгектерінің бірі және сөздердің жіктелуі мен мағынаның кеңеюінде оған тірек артады, әсемдігіне жетеді, өлеңдер мен поэзия көркемделінеді», – деді. [12, 173 б,].

Әр-Румани: «الاستعارة استعمال العبارة»«على غير ما وضعت له في أصل اللغة»

«Истиара - фразаның тілдік негіздегі орнында қолданылмауы»,– деді Оған мысал ретінде Хажжаждың: «إني أرى رؤوساً قد أينعت و حان قطافها» жұлуға уақыты келген, піскен бастарды көріп тұрмын» - деген сөзін келтіреді. [14, 231 б,].

Ибн әл-Әсир:« «Истиара - ауыстырылғаны жасырын екі сөз арасында байланысы бар мағыналық ауысуы», – деді [13, 174-175 б,].

Мәжәз ақли

Қазіргі таңдағы бәләға кітаптарын жазушы ғалымдар. Мажаз ақли бөлімін баян ілімінің тармағы ретінде қарастырады. Яғни мажаз луғауи мен бірге қарастырсақ, ол үлкен қателік болып табылады. Себебі мажаз мурсал - қолданып отырған сөздің өз орнында қолданбауын айтады. Ал мажаз ақли – етістіктің немесе оның мағынасының басқа бір мағынаға тірек артуы. Негізгі тірегін қалауына кедергі болатын қаринасы бар байланыс. Демек бұл мажаз ақлиді мағани ілімінен деп қарастырамыз.

2.1.4 Киная

Киная тілдік мағынасы: жасыру, көмкеру.

Киная терминдік мағынасы – ол дәлелді айтуменен және оған ишарат етуменен мағынаны жасыру, немесе оның мағнасын жасырушы сөз, оны текқана қаринамен түсінеміз [2, 93 б,].

Жоғарыдағы мысалда Зайдтің тәкапарлығын тура мағынада айтпай жасыру (киная) арқылы жеткізуде. Осы секілді қазақ әдебиетінде де тәкапарлықты, даңдайсуды «Мұрнын шүйіріп» деген сөз арқылы қолданылады.

Киная (Метафора) – айтылған сөздің тура мағынасын емес астарлы мағынасын мақсат ете отырып тыңдаушыға жеткізу әдісі.Әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Біреудің ісінің дұрыс еместігін түсіндіру үшін «бармағыңды тістеп қалма» деп киная әдісімен жеткізуге айтылады. Сол секілді: «беті қызарды; шаң жуытпайтын т. б.» [20]

Риториктер әл-кинаяны жасырын айтылуына байланысты үшке бөлген: 1 – жасырын айтылған صفة (сифа)-сипат, 2 –موصوف (маусуф)-сипатталынған нәрсе, 3 – نسبة (нисбә)-қатыс, байланыс [6, 211 б,]. Сипаттың жасырын айтылуы: мұнда тек сипаттың өзі ғана талап етіледі (батырлық, жомарттық, т.б.).

و قال المتنبي في إيقاع سيف الدولة ببني كلاب:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет