Таухид доктринасының атаулары;
Таухид ілімінің атауы көп болғанымен нысаны бір. Себебі барлық Елшілер (Оларға Алланың салауаты мен сәлемі болсын) таухид сенімінде ортақ, бір түсінікте болған. Имам Маликтің «Муатта»-атты муснадында келген хадисте Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі босын) таухид ілімін «расул илм» деп атаған [7, б. 22].
Таухид ілімі – жаратылыс иесiн бiрлеу немесе Хак Тағаланың тек бір күш - құдірет екенін паш ететін ілім. Яғни, таухид ілімінің ең негізгі мәселелерінің бірі – Жаратушы ның бір екенін таныту болғандықтан, бұл пән діни әдебиеттерде «ғилмут таухид» деп аталады. Таухид сөзінің лингвисикалық мағынасы араб тіліндегі « уаххада» — тек, жалғыздау, бiрлеу сөзінен алынған, демек таухид – тек, бір, жалғыз ұғымын білдіреді.
Ақида ілімі - діни наным - сенім ілімі. Ақида ілімінің зерттейтін мәселелерінің барлығы тікелей сенiмге қатысты болғандықтан, таухид тақырыбы діни әдебиеттерде «ғилмул ақида» деп те аталады.
Усулу әд-дин - дін негіздері немесе діннің теория - методологиясын қамтитын ілім. Әбу Ясир Мұхаммал Баздауи «усулу әд-дин» -деп таухид еңбегін атаған. Себебі һижраның бесінші жылы «кәләм» мәселесінің төңірегіндегі талас-тартыстар басылып. Ішкі нәзік мәселелерде бұрмалаушылық өскен себепті муғтазила, философ және софистанияларға қарсы 96 мәселе келтіреді []. Яғни, бұл ілім дiн негіздерін талдауды қарастыратындықтан, «усулу әд-дин» деп те ата лады.
Илмул кәләм - сөз ілімі. Яғни, алғашқыда таухидке қатысты талас - тартыс шыққандықтан , ғұламалардың ара сында сенім тақырыбына «илмул кәләм» деген айдар тағылды. Таухид ілімінің «илмул кәләм» деп аталуын, Сағду Дин әт-Тафтазани «Шарху әл-Ақидати ән-Насафидің» еңбегінде, сегіз түрлі себебін келтіреді. 1. Таухидтің зерттелетін тақырыпшасы «Ужудындағы кәләм, Қидамындағы кәләм» -деген сөздірмен болғандығы үшін. 2. Кәләм маселесі зерттеліу нысанының ең атақтысы және пікірталас пен қақтығыс платформасы болды. Тіпті кейбір адасушылар (ғалибуна би ғайрил хақ) өздерінің Құран жаратылыс деген сөздерін мойындамағаны себепті көптеген хақ иелерін өлтірді. 3. Шариғатты жүзеге асыруда, философиялық логикаға қарсыласуды міндеттеуде кәләмның (сөйлемнің) қабілетті болуы. 4. Ілімдерде тиісті болған алғашқы нәрсе, кәләммен (ауызша, сөз жүзінде) ғана үйренілу және үйретілу болады. Сол себепті бұл кәләм атауы таухид іліміне берілді де, осыған тиесілі болып, ажыратылған күйде таухидтан басқаларына аталмады. 5. Таухид ілімі дискуссия және сөздің басшылығымен ғана жүзеге асырылады. Ал, бұдан өзгелері кітаптарды оқып білумен және ойланумен жүзеге асырылады. 6. Ғылымда қарама-қайшылық және тартыс көп болады. Қарсыластармен пікір-таласта, әрі оларға жауап беруде кәләмға қатты мұқтаждық болады. 7. Таухидтің дәлелі қуатты болғаны себепті, басқа ғылымдардың сөзі сөз емес, таухидтің сөзі сөз болады. 8. Таухид ілімі мықты қатғи дәлелдерге негізделген. Әрі жүрекке жарахат әсерін қалдыруда, онда терең тамырын жайғызуда ілімдердің ең күштісі болды. Сол себепті кәләм» деп аталды. Ал, «кәләм» сөзі арабтың «әл-кәлму» «الكَلْمُ» сөзінен туындаған, яғни жаралау [6, б. 20-21].
Ал, Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) бұл ілімді «әл-Фиқһүл әкбәр» — (ұғым - түсініктердің ұлысы) деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |