: «اليمن يتبع ظله و المجد يمشي في ركابه »
Бақ оның көлеңкесіне ілеседі,
Даңқ оның көлігінде жүреді.
Ақын бұл өлең жолдарында мадақтаған адамының жүзінен оның бақыттылығын аңғаратындығының орнына ол қай жерде жүрсе бақ соның артынан ілеседі деп, бақтың оның көлеңкесіне ілесуін оған ажырамас байланыс етті яғни, бақты оның көлеңкесіне, ал даңқты көлігіне теліді [3, 276-б.].
Бәләға іліміндегі киная өнерінің пайдасы.
Киная өнерін бәләғалық мақсатта көп орындарда қолданылады.
Әдіс-тәсілдің сөйлемде тікелей әсер бермейді. Негізінде әдіс-тәсіл жанама келетін болса оның әсері орасан болады. Ммммм
Жасырушы нәрсемен сөзді түсіну жеңілірек жасырылған нәрседен қарағанда.
Жасырушының болмысы әсерлі келеді
Діни мәтіндердің анатомиялық интерпретациялану арқылы эксплицитті және имплицитті сипатта мағына беруі
« Мухкам » ( Х » сөзі – « тыю » , « бекем » , « айқын » деген мағыналарды беретін « ихкам » түбірінен шыққан . Хусам ад - дин әс - Сығнақи « әл - Уәфи » еңбегінде : « Мухкам сөзі – бекем , нұқсандықтан ада деген мағыналарды ұғындыратын ихкам түбірінен шыққан . Сол секілді үкімі жойылмаған , кейбір көзқарастарда кедергі , тың мағыналарын білдіретін ихкам сөзінен алынған . Сол үшін мухкам жорамал ( тәуил ) , мансұх және өзгертулерден тыяды » , — деп , мысалға « Ықылас » сүресі мен Аяту əл - курси » секілді аяттардағы Аллаһ тағаланың сипатта рын келтірген [ 15 , т . 1 , б . 289 ] . Яғни аталған сүре мен аяттардың мағыналары жорамалдауға , өзгертуге келмейді , әрі үкімдері де жойылмаған , ұғымы анық , нақты келгендіктен , мухкам аяттар деп саналады . Терминдік мағынасына келер болсақ , ғалымдардың тілінде мухкам сөзі – кейде мансұх , кейде муташабиһ сөздердің анто нимы ретінде қолданылған . Яғни мансұхталмаған шариғат үкімі немесе мағынасы анық , астарлы ұғымдарды қамтымаған Құран және сүннет мәтіндері мухкам деп танылған . Хусам ад - дин әс - Сығнақи имам әл - Бәздауидің еңбегіне жазған « Әл - Кәфи » атты түсіндірмесінде , Құран мәтіндерін антонимиялық баяндау тәсілдерінің бірі ретінде « мухкам » және « муташабиһ » мәселесіне тоқталған . Алайда ғалым мух кам анықтамасына түсіндірме келтірмей , имам әл - Бәздәуидің мухкамға қарама - қайшы қойған : хафи , мушкил , мужмәл , муташабиһ мәселелерін кеңірек баяндаған . Имам әл - Бәздәуи : « Үкiмi жойылмаған және өзгеруге пайтын мәтіннің мұрат етілген әрі қауатты мағынасы – мух кам » , дей отырып , мысал ретінде Құранның : « Расында , Аллаһ барлық нәрсені білуші » аятын келтірген . Сонымен қатар , мухкамға қарама - қайшы мағыналардағы : хафи , мушкил , мужмәл муташабиһ мәселелеріне қысқаша тоқтала отырып - ақ , мухкам мағынасын айқындаған . Яғни мухкам тақырыбын оның қарама қайшы мағыналарын түсіндіру арқылы баяндаған . Демек , егер сөз мағынасы баяндалған ( муфассар ) сөзден не мәтіннен де ашық келіп , әрі жорамал мен мансұхталуды қабыл етпейтіндей болса , ол мухкам ( нақты ) сөз деп аталады Мысалы : Жаннатта мәңгі қалу жайында сүйіншілеген « Ниса » сүресінің , 57 - аятындағы « мәңгі » ( IL- ) сөзі — мухкам . Өйткені олардың жаннатта мәңгі қалатындықтарын 31 тіркескен сөзімен қуатталған . Осы жоғарыда аталған заһир , насс , муфассар , мухкам кате гориялары - қарама - қарсы ұғымдағы : хафи , мушкил , мужмәл , муташабиһ сөздердің баяндау жолдары ретінде келген . Ендеше мағыналары жасырын , ұғынықсыз келіп , баяндауды қажет ететін осы сөздер мен мәтін түрлеріне тоқталайық .
Достарыңызбен бөлісу: |