- истиара тасрихия (الإستعارة التصريحية)- ашық истиара бейне (образ) ашық айтылады немесе предметтің орны бейнемен ауыстырылып беріледі.Мұндай жағдайда да сөйлемде қолданылған сөзді тура мағынада түсінуге болмайды, бірақ қолданылған мағынаға саятын немесе сай келетін мағынаны аламыз. Мысалы: 1. «الَر كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَى صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ» «Әлиф Ләм Ра. Бұл кітапты, Алланың рұқсатымен, адамдарды қараңғылықтардан жарыққа әрі үстем әрі мақтауға лайық болған жолға шығаруың үшін біз саған түсірдік.» (Ибраһим сүресі, 1-аят). Мұнда тілдік ауыспалы мағынада қолданып тұрған екі сөз: қараңғылық пен жарық. Қараңғылық – адасушылық, жарық – туралық пен иман. Қараңғылық сөзі адасушылықтың орнына қолданылып тұр, өйткені бұл екі сөзде де туралықтың жоқтығына ұқсас байланыс бар. Сол сияқты жарық сөзі туралық пен иман сөздерінің орнына қолданылып, ол екеуінің арасындағы ұқсастық байланысты меңзейді. Мұндағы негізгі мағынаны қалауына кедергі болатын хал қарина контекстентен түсініледі.Сондықтан бұл астарлы қолданысқа «тасрихия» яғни ашық астарлап айту «истиара тасрихия» деп аталады.
-Истиара макния (الإستعارة المكنية)– жасырын истиарада образ қашанда жасырын тұрады. Мұндай жағдайда сөйлемде қолданылған сөзді тура мағынада түсінуге болмайды. Өйткені ол екінші бір басқа мағына беріп тұрады. Мысалы: «оларды ауыр азаппен сүйіншіле» дегенде сүйіншіле сөзі әдетте қолданылатын жақсылықты емес жамандыққа айтылып тұр. Мұны біз «азаппен» деген сөзден түсіне аламыз. Сондықтан бұл астарлы қолданысқа «мәкния» яғни жасырын астарлап айту «истиара макния» делінеді.
Риториктер истиараны қолданылған сөзге қатысты негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |