« وصبحهم و بسطهمو تراب فمساهم و بسطهموحرير»
Бұл өлең жолдарымен әл-Мутәнәбби қолбасшы Сейфуддәуләнің Бәну Киләб жерін басып кіріп, жаулап алуы туралы:
Олардың кешке төсенгендері - жібек
Таң ертең төсенгендері - топырақ – деп Бәну Киләб тайпасын сипаттаған, яғни Сейфуддәулә оларға шабуыл жасамай тұрғандағы кештегі төсенгендері – жібек, ал ертесіне – топырақ деп олардың жеңілгендіктерін сипаттайды. Ақын мұнда Бәну Киләб тайпасының кешкі мезгілдегі құдіреттілігін, ал таңертеңгі жеңілістен кейінгі кедейлік пен қор болғандығын тұспалдап сипаттаған. Өйткені олардың кешке жібекті төсенулері – олардың үстемдігін мегзесе, осы төсеніш ертеңгісін топыраққа айналғанын, яғни кедейлік пен қор (құл) болғандығын білдіреді. Бұл өлең жолдары жасырын мағынамен қоса тура мағынаны да береді. Тура мағынада түсінетін болсақ, БәнуКиләб тайпасының, шындығында кешке төсеніштері жібек болғаны рас және ертесіне топырақтың (жердің) үстіне отырғандықтары да шындық [6, 213 б,].
Жібектің ерекше сипаты қазақ тілінде де көптеген ауыспалы мағынада жұмсалуына негіз болады. Мысалы: жібектей үлбіреу; кестелі жібек көрпедей; жібектей жұмсақ; жібектей майда. Сонымен қатар, барлықтың, байлықтың көрсеткіші болып табылуы қазақ тілі мен араб тілінің ұқсас тұстарын бейнелейді.
Киная ан сифа
Киная ан сифа деп - айтылғнзаттың анық бір сипатын жасыру. Мыс; «وَيَوْمَ يَعَضُّ الظَّالِمُ عَلَى يَدَيْهِ» «Қиамет күні залымдар саусақтарын тистейді» (Фурхан сүресі, 27-аят). Аятта саусақты тістеу дегеннен түсінілетін бірінші нәрсе ол өкіну. Алайда бұл аят адамдардың өкінуін жасырып тұр. Яғни бір сипат киная (жасырылып) болып тұр.
Киная ан маусуф
Киная ан маусуф деп - белгілі бір сипатталған нәрсені білдіру үшін оны ашық айтпай сол сипатталған нәрсе мен сипаттар арасында тығыз байланысы бар сипаттың ерекшеленуі (осы ерекше сипатын айту арқылы сипатталған нәрсені меңзейді). Мыс; «Алланың қылышы» деп Сахаба Халид ибн Уалидтің (Алла оған разы болсын) сипатын ескеріп бірақ өзін жасырып тұр. «Кәламулла» деп Мусаның (Алланың салемі болсын) Алламенен тілдесу сипатын ашық айтып оның өзін жасырып тұр.
Киная ан нисба
Киная ан нисба деп - байланыс, қатыс арқылы жасырын айту,осы арқылы сипатталушыны (маусуфты) бір сипатпен (сифа) тығыз байланысын ашық айтпай, оны сол сипатталған нәрсеге байланысы бар затқа қатыстыру.Мыс; «Арман атымтай жомарт екен» «Әдептілік деген шәкірт бойында» «Омар айтылғанда әділдік еске түседі.
قال الشاعر
Достарыңызбен бөлісу: |