بسم الله الرحمان الرحيم 1 ислам дінінң ғылыми эвалюциялануы


Харижиттер жабария ағымының тарихы және сенімі



бет3/7
Дата16.01.2022
өлшемі60,55 Kb.
#112229
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
магистірлік дессертация

Харижиттер

    1. жабария ағымының тарихы және сенімі

Тағдыр жайында талас тартыстар төртінші халифа хазіреті Алидің (656-661ж.) халифлық құрған кезеңінде белең алды. Ал умауиялықтар билік құрған. Хижраның 50 ж. Жәһм ибн Сафуанның (қ.б. 128/745) бастауымен пайда болған топты «жабария» деп атады. Олардың сенімі бойынша кез-келген іс Алланың қалауымен жүзеге асады, іс-әрекетте адамның ешқандай рөлі жоқ [2, б. 143].

1.3 муғтазила ағымының тарихы және ұстанымы

Құран – Алланың адамзат баласына түсірген сөзі. Ол ауызша және жазбаша мәтін ретінде танылған. Құран мәтінін түсіндіру алғашқыда пайғамбарға жүктелген міндет болғандықтан, Мухаммад пайғамбардың (Алланың игілі мен сәлемі болсын) жасаған ісі мен айтқан сөзі, келіскен және мақұлдаған амалдары хадис мәтіндерін құрады. Бұл хадис мәтіндері де алғашқыда ауызша айтылғанмен, көп ұзамай хатқа түсіп, мәтін ретінде сақталды.

Мәтіннің мазмұны мен мағынасын білу де аса маңызды. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну үшін, оның семантикасы, яғни негізі мақсат етілген мағынасы айқындалуы қажет. Мәтіннің жету жолы мен түпкі семантикасын анықтау ғалымдардың рационалды - эмпирикалық зерттеулеріне негізделгендіктен, мәтін «қатғи» (кесімді) немесе «занни» (болжамды) категория ларына бөлінеді. Ал бұл – шариғи үкiмнiң кесімді түрде немесе үкімді нақты баяндамай, көмескі түрде берілуіне әсер етеді. Бұл тұрғыда мәтіннің дәрежесін, оның жету жолдары мен семантика сына қарай келесідей бөліп түсіндіруге болады:



  1. Мәтін де, мәтіннің ұғындыратын мағынасы да нақты, кесімді түрде келуі;

  2. Мәтін де, мәтіннің ұғындыратын мағынасы да күмәнді, болжамды келуі;

  3. Мәтін нақты, күмәнсіз жолмен жетіп, бірақ ұғындырған мағынасы болжамды келуі;

  4. Мәтіннің жету жолдары әлсіз, күмәнді болып, ұғындырған мағынасы нақты, кесімді келуі; [3, б. 137].

Жету тұрғысынан нақты әрі кесімді мәтінге – жалғандыққа келісіп алуы мүмкін болмаған бір топтың , өздері секілді екінші бір топтан жеткізген , яғни мутаyатир жолмен жеткен Құран Кәрім мен хадис мәтіндері жатады . Егер бұндай мәтіндердің мән мағынасы да нақты , кесімді келсе , яғни мәтіннің ұғындырған мағынасы анық , нақты үкімді белгілесе , мәтін мазмұнына ой жүгіртіп , ижтиһад жасалынбайды .

Ал тілдің морфологиялық, грамматикалық, лексика - семантикалық ерекшеліктеріне сай семантикасы болжамды келген жағдайда мәтін не мәтін бірліктері әрқилы интерпретацияланады. Нәтижесінде әртүрлі үкімдердің шығуына әсер етеді. Жету жолдары кесімді емес, күмәнді мәтінге – мутаyатир жолмен жеткен хабарлардан басқа, хадис түрлері жатады. Ал мәтін семантикасының болжамды келуіне – кейбір мағынасы нақты, анық келмеген Құран Кәрім аяттары мен пайғамбар хадистерінің мағыналарын айтуға болады. Көпшілік діни мәтіндердің мағынасы, мазмұны мен мәні көп қатпарлы келуі себепті әртүрлі ұғынылып, әрқилы интерпретацияланады. Өйткені тіл табиғатына, оның мазмұндық құрылымдық жүйесіне: тура мағына, бұрма мағына, ауыспалы мағына, астарлы мағына, жасырын мағына, көп мағына, негізгі мағына, қосалқы мағына, жалпы және жалқы мағыналар секілді, лексика - фразеологиялық семантикалар тән. Мұсылман құықтанушылары көп қырлы семантикалық мән - мағыналар мен ұғымдарды қамтыған діни мәтіндерді түсініп, одан үкім шығарудың ғылыми негіздерін бекітті. [3, б. 137].

Арабтың поэтикалық тіл үлгілерін «түркілік дүниетаным және қазақтың этникалық мәдениеті» контексінде қарастыру қазақ тіл білімінің лингвистикалық поэтика, лингвостилистика сияқты сүбелі салаларын ғылыми зерттеудің интердисциплинарлық сипаттағы жаңа бағыттарымен ұштастырады. Себебі поэтикалық тіл үлгілерінің, поэтикалық сөз-образдардың және оларды жасаушы тілдік тетіктердің, яғни көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдардың астарындағы танымдық, ділдік, діни болмыстың қыр-сырына тереңірек үңілу сондай-ақ тілді таным мен ойлаудың құралы тұрғысынан қарастыра отырып, адам баласының ой-санасында бекіген шындық болмыс, әлем, күллі дүние жайлы жинақтаған білім қорын саралауды діттейтін когнитивтік лингвистикалық бағыттың кешенді теориялық-әдіснамалық проблематикаларын да қозғайды. Осы тұрғыдан келгенде де қазақ және араб тілдерінің поэтикалық сөз – бейнелерін және оларды жасайтын тілдік механизмдерді зерттеу өзекті болмақ.

Семантиканың Құран және хадисті зерттеудегі маңызы

Құран – Алланың адамзатқа Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы түсірілген кітабы. Исламның алғашқы жылдарында ауызша және жазбаша мәтін ретінде танылған. Құран мәтінін түсіндіру пайғамбарға жүктелген міндет болғандықтан. Қоғамда пайда болған мәселелерді Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсіндіріп берген. Және Құрандағы мәтіннің коммуникациялық қызметін Мұхаммед пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ісі мен сөзі және мақылдауы арқылы мәтіннің интенциясы, герменевтикасы, репрезентациясын ашып жүзеге асырып отрған. Осылайша хадис мәтіндері құрылып оны үлкен зерттеулер арқылы үмбетке жеткізді. Хадистану методологиясы жолға қойылып «илму әл-иснад» яғни тізбектегі хадис жеткізушілерді таным атты ілім. Және осы тізбектегі жеткізушілерді егжей-тегжейлі зерттейтін «әл-жарх уә әл-тағдил» ғылымы қалыптасты. Оны жеткізушілер мен жету жолдарын зерттеу мәтіннің мағынасын түсініп, шариғи құқықтық нормаларды жүзеге асыру жеткіліксіз. Себебі мәтіндегі нақты ойды түсіну де өте маңызды. Оның лексикалық семантикасы, яғни мәтіннен негізгі мақсат етілген мағынасы айқындалуы керек.

Хадистану методологиясы аһлу сунна уәл жамаға ғалымдары арасында екі бағытқа бөлінді. Лағашқылары аһлу хадис де

2.1 Баян ғылымы Ресурстар стилистикасы
Бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.

Бір мағыналы сөздің әр түрлі бейнеде өзгеріп келуі

Араб тілінде бір мағынаны әртүрлі әдіспен жеткізуге болады. Олар келесідей түрлерге бөлінеді: 1. Ташбиһ 2. Истиара 3. Киная 4. Мажаз.
2.1.2 сөздің метафоралық мағынада қолданылуы
Мажаз тілдік анықтамасы: «جاز» яғни рұхсат ету, келісім беру, өтумағынасында жұмсалатын жәза, жәуазаетістігіненжасалған.

Мажаз терминдік анықтамасы: Айтылған сөздің асылындағытура мағынасын түсінуге бөгет (қарина) кедергі болуда.Бұл термин сөз немесе сөз тіркесінің негізгі орнын (мағынасын) ауыспалы, басқа мағынада қолдануға рұхсат етілгендігін меңзейді [2,121 б,]. Араб тілінде сөзді ауыспалы мағынада қолданудыәл-мәжәз (المجاز) терминімен атайды. Яғни меңзеу (синекдоха) дейді - бұл бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі – үлкен, екіншісі – кіші, бірі – жалпы, екіншісі – жалқы, бірі – бүтін, екіншісі – бөлшек болуы қажет.Мәжәз тәсілі – белгілі бір мағынаны анықтап, естушіге әсерлі ететіндей, табиғи түрде жеткізілетін ең көркем баяндау жолдарының бірі.



Риторика ғалымдары мәжәзды: 1) «المجاز اللغوي әл-мәжәз әл-луғауи, тілдік мәжәз» яғни, арасында келісім мен байланысы бар сөздердің негізгі тілдік мағынасынан басқа мағыналарға көшуі деп екіге бөлді. Бұл мәжәз басқа мағынаның орнына қойылған жеке сөз немесе сөз тіркесi. 2) المجاز العقلي әл-мәжәз әл-ъақли яғни, ақыл-ой, логикалық мәжәз немесе المجاز الحكمي әл-мәжәз әл-хукми яғни, үкімді мәжәз және الإسناد المجازي әл-иснад әл-мәжәзи яғни, мәжәзды тірек деп атады. Әл-мәжәз әл-ъақли– етістіктің немесе оның мағынасының басқа бір мағынаға тірек артуы. Негізгі тірегін қалауына кедергі болатын қаринасы бар байланыс. Әл-иснәд әл-мәжәзи – мәжәзи тірек компонент етістіктің себебіне, оның заманына, мекеніне немесе түбіріне, болмаса фаъилға (негізгі есімше), мафъулға (ырықсыз есімше) өзгермейтін тірек. Нақтырақ айтатын болсақ «المجاز العقلي» әл-мәжәз әл-ъақли, яғни ақыл-ой, логикалық мәжәздың бірнеше байланысу түрлері бар. Олар: السببية әс-сәбәбия (себепті), الزمانية әз-замания (уақытты), المكانية әл-мәкания (мекенді), المصدرية әл-масдария (етістік атауы), المفعولية әл-мафъулия (ырықсыз) немесе الفاعلية әл-фаъилия (негізгі есімше) [6, 147 б,].

Мыс; 1)هذا أسدٌ يُمسِكُ سيفًا бұл жерде тура мағынада емес астарлы мағынада келген. Яғни арыстан сөзін батыр адамның орнына қолдану арқылы. Бұл жерде арыстан сөзін тура мағынадан тосатын себеп (қарина) «қылыштың қолға ұстауы».2) «Жүзіңді бұр». Мында «уәж» (жүз) айтылған «адамның өзі» мақсат етілген. Раббының заты «бақи, мәңгілік» аятында да жағдай осындай. Бұл өнерге әдебиетте «мәжәз мурсал» деп айтылады. Өйткені дене мүшенің бір бөлігін айтып «жүз» деумен оған болмысыңды, тұла бойыңды (зат) бұр деген мағына береді. Қазақ әдебиеттерінде осыған ұқсас сөздер кездеседі. Мысалы, жүз бас қой, жиырма тұяқ мал, көп қол жұмысты өндіріп жібереді, т.б. [20] Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр.



Құранда мәжәз (ауыспалы мағына) жоқ дейтіндер: егер Аллаһ бізге мәжәзбен тіл қатса, оны мутәжаууиз (бір ғана мағынасы болады, ол тура мағына, оны сол тура мағынасында түсіну, астыртын мағынасын іздемеу,) деп атауға болар еді. Бірақ бұл ақиқаттан (тура) мәжәзға (ауыспалы мағына) ауысу, ақиқатқа шамасы келмеу дегенді білдіреді. Бұл Аллаһ тағала үшін мүмкін емес. Себебі Аллаһтың күш-құдіреті барлық нәрсеге жетеді. Аллаһ тағала: «Сендерге тілдерің, қолдарың және аяқтарың не істегендері туралы куәлік береді» деген (Нұр сүресі, 24-аят). Тозақ: «Тағы да қосымша бар ма» деген (Қаф сүресі, 30-аят).

Абдул-Қаһир әл-Журжани «мәжәз дегеніміз – бірінші сөз бен екінші сөз арасын бақылай отырып қолданушының ол сөзді өз орнына қолданбауын қалаған барлық сөздер жатады» [11, 338 б,], деген пікірін білдіреді. Осы ойды қолдай отырып әс-Сәкаки: «тілдік ақиқат – өз мағынасында қолданылған сөз, ал мәжәз – сөзді ақиқат тұрғысында қолдануға кедергі болатын қаринасы бар, басқа мағынада қолданылған сөз», – дейді [1, 239 б,]. Ақиқат пен мәжәз тақырыбын терең қарастырған ғалым Диауиддин әл-Әсир ең алғаш мынадай түсініктеме береді: «тілдік ақиқат – мағыналарға дәлел сөздің ақиқаты, ол бір заттың өзі екендігінің дәлелі емес, айтылған сөздің ақиқаты – тілдік негізде қойылған мағынаға дәлел сөз, ал мәжәз – сөзге қойылған негізгі мағынадан басқа сөздің мағынасына ауысуы».

Мәжәздің шарттары;



  1. اللفظ المستعمل في غير ما وُضع له(тиесілі орынға қолданылмаған сөз)

  2. أن تُوجَد علاقةٌ بين المعنى الحقيقى و المعنى المجازى(тура мағына мен астарлы мағына арасында байланыстың болуы)

  3. أن تُوجَد قرينةٌ مانعةٍ عن إرادة المعنى السابق(алғашқы мағынаны тосатын кедергінің болуы) [2, 123 б,].

Мәжәз деп астарлы мағыналы сөзге айтылады. Мұның антонимі «хақиқи» (тура мағына).

Мәжәз луғаи



Араб тілінде тілдік мәжәздың екі түрі бар: Мажаз мурсал және мәжәзу истиара.

Әл-мәжәз әл-мурсал, жіберілген мәжәз», негізгі мағына мен ауыспалы мағына арасында ұқсастығы жоқ мәжәз

Әл-истиъара (метафора): негізгі мағына мен ауыспалы (мәжәзи) мағына арасындағы байланыста ұқсастығы бар тілдік мәжәз

- Мажаз мурсалтура мағына мен астарлы мағына арасында ешқандай ұқсастық болмауы. Алайда тура мағынада түсінуге бөгет (қарина) болады.



Қазақ тілінде де қадірлі, ел сыйлаған кісінің сөзін көпшілікке үлгі тұту үшін «тыңдаңдар, жұрт сөйлеп жатыр» деп сол адамды көтермелеп, қолдау ауызекі тілде кездесіп отыратын жайт\

ззжжжзжю

Бәләға іліміндегі мәжәз мурсал өнерінің пайдасы.

1. Қысқа нұсқа жеткізу.

2. Сөйлем мағынасын нақтылау және әсерлі етуде

3. Әдеби шығармаларда творчествалық әсемдеу және байланыстыру. [2, 150 б,].

2.1.3 Истиара

Истиара тілдік мағынасы: бір нәрсені уақытша пайдалана тұруға сурау. [2, 67 б,]

Истиара (الإستعارة) - ол негізгі мағнадан тосатын қаринаменен сәйкестік байланыс үшін сөйлеу терминінде оны басқа орынға қойылуын айтады. [2, 150 б,].

Теңеудің бір бөлігі. Бұл жердегі теңеуде қатты ұқсастық болғандықтан бір сөзді басқа мағынада қолдану. «Ғалым теңізді көрдім».Бұл жерде теңіз ғалым болалмайды. Яғни ғалым адам секілдісөйлемейді. Бірақ «ғалым» деген сөз теңіз сөзінің тура мағынасына қолдануға кедергі болуда. Риториктер истиъараны предмет пен бейнеге байланысты ашық الإستعارة التصريحية және жасырын المكنية деп екі тарапқа бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет