Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



бет10/11
Дата23.05.2017
өлшемі1,67 Mb.
#16605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Иә/жоқ
Кесте 12.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады.




2

Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалмайды.




3

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру.




4

Жоспарлау, шаруашылық есеп әдістері баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.




5

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде маңызы жоқ.




6

Жоспарлау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады.




7

Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босатпау, азайтпау сияқты жеңілдіктер де қолданылады.




8

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқара алмайды.




9

Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі- өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады.




10

Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурставры ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артпайды, таза пайда кемимейді.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1.Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері:

А) табиғи ;

В) экономикалық-математикалық;

С) құқықтық әдістер;

D) нормативтік әдістер;

Е) жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру.


2. Табиғат ресурстар ысырапқа ұшырағанда,

А)өнімнің өзіндік құңы артады ;

В) өнімнің өзіндік құңы кемиді;

С) пайда мөлшері артады.;

D) өнімнің өзіндік құны жыл сайын азайуға ұшырайды;

Е) дұрыс жауабы жоқ.


3. Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері нешеу?

А)2 ;


В) 3;

С)8;


D)6;

Е) 9.
4. Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін ол не маңызды рөл атқарады.

А) жер ресурстары;

В) экологиялық орта;

С) табиғи құқықтар;

D) экологиялық заңдар;

Е) экологиялық нормативтер.
5. Ұғымдар мен терминдер
Экономикалық ынталандыру

Құқықтық әдістер;

Нормативтік әдістер
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты қорғау шығындарын қайтару, оның экономикалық тиімділігі қалай анықталады?

2. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін арттыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Тақырып 13

ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру. Басқарудың заңдық негіздері

Экология саласында басқару бұл саладағы еңбектің ерекшелігімен байланысты. Мұнда еңбектің нәтижесі тікелей қоғамдық сипатта болады. Табиғат қорғау нәтижесі жалпыхалықтық, мемлекетаралық, планетарлық дүниежүзілік мүдделерді көздейді. Жергілікті жеке мүделер жалпыхалықтық, мүдделердің басымдылығын ескереді. Табиғат қорғау нәтижелері жалпыхалықтық мүддеге тікелей әсер етеді.

Өндірістің материалдық саласында еңбектің қоғамдық сипаты тауар алмасуы арқылы көрінеді, яғни еңбектің қоғамдық қажеттігін тауарға деген сұраныс көрсетеді. Ал экология саласында еңбек қоғамдық қажеттіктен туындайды. Қоғамдық қажеттік болған дықтан ғана жеке табиғат пайдаланушылар табиғат қорғау шығындарын (еңбек) жұмсауға мәжбүр болады. Көпшілік жағдайда табиғат пайдаланушылар басқалардың мұндай мүмкіншілігін шектейді, олардың табиғат пайдалану жағдайларына тікелей немесе жанама әсер етеді. Жеке табиғат пайдаланушылардың зиянды әрекеттері оларға тіпті сезілмеуі де мүмкін. Сол себепті олар табиғат қорғау шығындарын шығаруға, еңбек жұмсауға мүдделі емес. Бірақ табиғатқа зиянды әсер қоғамның басқа мүшелерінің мүддесінеқазіргі кезде немесе болашақта нұқсан келтірері сөзсіз. Сондықтан қоғамдық мүдделер көзделе отырып, табиғ,ат қорғау шараларын қолдануға, яғни еңбек жұмсауға , жеке табиғат пайдаланушылар құқықтық, экономикалық тұрғыдан мәжбүр етіледі.

Экология саласында басқарудың негізі- табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты- өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын нормаларын орындауды бұйымдастыру және бақылау.

Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық – ұйымдастырушылық, экологиялық экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі. Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда табиғи және қоғмдық құбылыстар бір- бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басруды талап етеді.

Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады:



Мемлекеттік басқару органдары, олардың құрылымы атқаратын міндеттері

Кейбір ғалымдар (мысалы Голуб А.А) басқарудың үшінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды. Біздің ойымызша, ол экономикалық жүйеге кіреді. Нарықтық деп басқа белгілеріне қарап бөлуге ешбір негіз жоқ, басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе жоғарыда айтылған экология саласындағы еңбектің қоғамдық сипатына байланысты басқарудың барлық әдістері үйлесімді кешенді қолданылуға тиіс, сонда ғана ол нәтижелі болады. Сонымен қатар басқарудың екі негізгі жүйелерінің ерекшеліктерін де айта кетуіміз керек.

Әкімшілік басқару жүйесі- табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережнлерін, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектерін белгілеуге басым назар аударылады.

Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерінорындауэкономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік)басқарылады.

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады.

Құқықтық – қазақстан республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыретін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.



Экологиялық сараптаулар. Макро- және микро- деңгейдегі менеджмент. Баскарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер

Техникалық ұйцымдастырушылық- табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйцымдастыру.

Әлеуметтік- психологиялық –жеке адамдармен, ұйымдармен, ұжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт- насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс- баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие,т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобаоары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылығы, шығарылатын қалдықтар,табиғатқа келтірілетін әсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан етеді.




2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(13.1 және 13.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 13.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Табиғат қорғау нәтижесі .... мүдделерді көздейді.




2

Жергілікті жеке мүделер ... басымдылығын ескереді.




3

Жалпыхалықтық мүддеге тікелей әсер етеді




4

Еңбек қоғамдық қажеттіктен туындайды.




5

Табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі.




6

Табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережнлерін, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады.




7

Табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйцымдастыру.




8

Жеке адамдармен, ұйымдармен, ұжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт- насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.




9

Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.




10

Табиғат пайдалануды басқаруда ... кеңінен қолданылады




11

Әкімшілік актілер орындалуға әсер етеді.



Кесте 13.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

Табиғат қорғау нәтижелері

Ә

Дүниежүзілік

Б

Жалпыхалықтық, мүдделердің

В

Әкімшілік басқару жүйесі

Г

Экология саласында басқарудың негізі

Ғ

Экология саласында

Д

Техникалық ұйымдастырушылық

Е

Ұйымдастырушылық

Ж

Әлеуметтік- психологиялық

З

Міндетті және тікелей

И

Оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері


3. Иә/жоқ
Кесте 13.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Табиғат қорғау нәтижесі жалпыхалықтық, мемлекетаралық, планетарлық дүниежүзілік мүдделерді көздейді.




2

Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобаоары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылығы, шығарылатын қалдықтар,табиғатқа келтірілетін әсерлер міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпейді.




3

Құқықтық – қазақстан республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыретін, құқықтарын белгілеу.




4

Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер берілмейді




5

Әлеуметтік салада еңбек қоғамдқ қажеттіктен туындайды




6

Әкімшілік басқару жүйесі- табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережнлерін, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады.




7

Кейбір ғалымдар (мысалы Голуб А.А) басқарудың төртінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды.




8

Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік)басқарылады.




9

Экология саласында басқарудың негізі- табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың экономикалық тиімсіздігі




10

Әкімшілік актілер тура және жана түрде орындауға әсер етеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет