4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Басқару әдістерінің жүйесін нешеге бөлуге болады?
А)2 ;
В) 3;
С)8;
D)6;
Е) 5.
2. Әкімшлік актілерді орындау қалай жүзеге асырылады?
А) тура және жанама;
В) тікелей және жанама;
С) қосымша және жанама;
D) бөлшекті және жаппай;
Е) тікелей және мақсатты.
3. Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
А) Экономикалық әдіс;
В) Ұйымдастырушылық;
С) Техникалық ұйымдастырушылық;
D) Әлеуметтік- психологиялық;
Е) Әкімшілік басқару жүйесі.
4. Баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие,т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
А) Экономикалық әдіс;
В) ұйымдастырушылық;
С) Техникалық ұйцымдастырушылық;
D) Әлеуметтік- психологиялық;
Е) Әкімшілік басқару жүйесі.
5. Ұғымдар мен терминдер
Техникалық ұйымдастырушылық әдіс
Ұйымдастырушылық әдіс
Экономикалық әдіс
Әкімшілік басқару жүйесі
Экологиялық сараптаулар
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру. Басқарудың заңдық негіздері қандай?
2.Мемлекеттік басқару органдары, олардың құрылымы атқаратын міндеттеріне не кіреді?
3. кологиялық сараптаулар. Макро- және микро- деңгейдегі менеджмент. Баскарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулерін атаңыздар
Тақырып 14
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ХАЛҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Тақырып бойынша теориялық материал
Жер атмосферасының жылынуы, озон қабатының ыдырауы. Әлемдік ластауларды болдырмау шараларын экономикалық басқару механизмі
Өндірістің қазіргі дамыған кезеңінде экология мәселелері ұлттық шеңберден шығып, халықаралық мәселеге айналды. Оның басты себептері бір жағынан халықаралық, экономикалық қатынастардың дамуы болса, екінші жағынан атмосфераға шығарылған, суға төгілген зиянды қалдықтардың әсері мемлекеттік шекарамен шектеліп қалмайды, басқа елдерге де әсер етеді. Өнеркәсібі дамыған елдер көптеген шикізаттарды басқа елдерден алады. Мұның тиімділігі: бірінші, өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету, екінші, шикізат өндірудің табиғи ортаға зиянды әсері басқа елде қалады, үшінші, ұлттық байлық сақталады. Табиғи ортаны қорғауда халықаралық қандай мәселелер туындайды? Мысалы, атмосфералық ауа және мемлекетаралық су айдындарын пайдалану, қорғау мәселесін алайық. Ауаны, суды ешбір мемлекет бөліп алып бір елдің екіншісіне байланыссыз өте алмайды. Бір елдегі ауаның, судың ластануы екінші елге зиянын тигізеді.
Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер және ұйымдар
Сондықтан, мұндай мәселелер халықаралық дәрежеде шешілуі тиіс. Мысалы, Балтық теңізін, Қара теңізді, Каспий теңізін қорғау бірқатар елдердің бірлесіп шешіп жатқан мәселелер. Мемлекетаралық суларды қорғауда бірқатар халықарлық шешімдер қабылданады (ЕртісғІле, Талас,Еділ- Жайық өзнедері,Каспий,Арал теңіздері; ядролық сынақ әсері көптеген көрші елдерге зиянын келтіреді. Ғарыш кеңістігі, әлемдік мұхиттар халықарарлық нормаларға сәйкес қорауды талап етеді. Барлық елдер табиғи ортаны қорғауға көмектесуі керек. Табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдастырудың жұмысы осыған сәйкес құрылады. Біріккен ұлттар ұйымның жанынан құрылған бірнеше халықаралық ұйымдар бар.
Атмосфера ауасын, мұхиттарды, су ресурстарын, ғарыш қеңістігін қорғау мәселелері
Табиғи ортаны қорғау бағдарламмасы.
Табиғи ортаны қорғау халықаралық одағы.
Жабайы табиғатты қорғау әлемдік қоры.
ЮНЕП басқарушы Кеңесі Навйроби (Кения) қаласында орналасқан. Бағдарлама бойынша мынандай тақырыптмен жұмыс жасалдады: елді мекендер және табиғи орта; құрлықтағы экология жүйелері; табиғи орта және оның дамуы; мұхиттарды ластандан және ондағы биоқорларды қорғау; табиғи ортаны қорғауды кешенді басқару;халықаралық құқық және табиғи ортаны қорғау; табиғи ортаны қорғау турасында білім беру. Мұнда экономикалық зерттеулер де жүргізіледі. Мысалы, табиғатты қорғау шығындары және тиімділігі зерттеледі. Жер бетіндегі тіршілікті сақтау мақсатында бүкіләлемдік табиғатты қорғау стратегиясы жасалды. Мұнда тіршілікті сақтаудың басты бағыттары және оған қажетті ұлттық, халықаралық, қаржылық айқындалады. Бағдарламаның құрамына табиғатты қорғау жоспарлары, құқықтық қорғау нормалары, тәжірибе жинақтау және ғылыми – зерттеу жұмыстары кіреді. Ғылыми еңбектер жарияланып тұрады. Жинақтың жалпы атының аудармасы- табиғат қоры және табиғи орта.
«Қазақстан-2030» даму стратегиясы және табиғатты қорғау мен пайдалану мәселелері
ЮНЕСКО (ғылым,білім және мәдениет бойынша) бағдарламалары: «Адам және биосфера», «Адам табиғи ортада» т.б.
ВОЗ Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы- табиғи ортаны сауықтыру, атмосфераны тазарту, атмосфералық тазалық көрсеткіштерін, ластанумен күресу шаралары, т.б. мәселелерді зерттейді.
Халықаралық Аграрлық және азықтық ұйым – азықтық табиғат қорларын, табиғатты қорғау нормаларын және бұл мәселелер бойынша халықаралық келісімдерді зерттейді.
Аталғандардан басқа: Халықаралық ғалымдар одағы, қоршаған орта жөніндегі жөніндегі ғылыми комитет, қоршаған орта мониторингінің глобалды жүйесі, дүниежжүзілік метеорологиялық ұйым, халықаралық океанографиялық комитетү. Жұмыс істейді.
Табиғат қорғау мәселелері халықаралық конференцияларда, келісімдерде талқыланып тұрады.
1975 жылы Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластауына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақты, тірі организмдерді қорғауды, қорықтар құру, табиғи ортаны жақсарту, ғылыми- зерттеу жұмыстарын халықаралық бағдарламаларға сәйкесжүргізуге келісті.
Теңіз қорын пайдалану құқы, теңіз жағалаулары, балық аулау, халықтың сімі, экологиялық, білім беру, жердің тақырлануына қарсы күрес туралы,т.б. мәселелер бойынша конференциялар өткізілді.
БҰҰ 1972 жылы Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы халықаралық жарғы қабылданды.
БҰҰ 27 Бас Ассамблеясы 5 маусымды Дүние жүзі табиғи ортаны қорғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.
Ай және ғарыш келісімдері бойынша онда ядролық қаруды сынамау, жасанды жер серіктерін жою әреткеттерін жүргізбеу турасында шешімдер қабылданды.
Экологиялық қауіпсіздіқ және тұрақты даму
Атмосферада және жер бетінде ядролық қаруды сынамау туралы келісімге қол жетті. Химиялық және бактериологиялық жаппай қырып жоятын қаруларды қолдануға тыйым салынды. Желдің бағытын өзгертуге бағытталған шараларды жүргізуге тйым салынады. Теңіздерді мұнаймен ластауға қарсы келісімдер бекітілді. Халықаралық келісімдер бойынша ашық теңіздерде балық аулау тәртібі реттеледі. Мұнда балық аулау мөлшері, құралдары, мерзімдері шектеледі. Жойып бара жатқан балық, аң, құстар түрлері бойынша оларды қорғау тәртібі, аулауға қарсы шаралар белгіленеді. Өсімдік түрлері бойынша да сондай келісімдер бар.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
(14.1 және 14.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)
Кесте 14.1
№
|
Тұжырым
|
Сәйкес жауаптар
|
1
|
Қаруды сынамау туралы келісімге қол жетті.
|
|
2
|
Келісімдері бойынша онда ядролық қаруды сынамау, жасанды жер серіктерін жою әреткеттерін жүргізбеу турасында шешімдер қабылданды.
|
|
3
|
БҰҰ 27 Бас Ассамблеясы ... Дүние жүзі табиғи ортаны қорғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.
|
|
4
|
Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы халықаралық жарғы қабылданды.
|
|
5
|
Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қол қойды
|
|
6
|
«Адам және биосфера», «Адам табиғи ортада» бағдарламалары:
|
|
7
|
ЮНЕП басқарушы Кеңесі ... қаласында орналасқан.
|
|
8
|
... бойынша ашық теңіздерде балық аулау тәртібі реттеледі.
|
|
Кесте 14.2
Әріптік белгілеулер
|
Сәйкес жауаптар
|
А
|
Халықаралық келісімдер
|
Ә
|
ЮНЕСКО
|
Б
|
Навйроби
|
В
|
1975 жылы
|
Г
|
БҰҰ 1972 жылы
|
Ғ
|
5 маусымды
|
Д
|
Ай және ғарыш
|
Е
|
Атмосферада және жер бетінде ядролық
|
3. Иә/жоқ
Кесте 14.3
№
|
Тұжырым
|
Иә/жоқ
|
1
|
Өндірістің қазіргі дамыған кезеңінде экология мәселелері ұлттық шеңберден шығып, халықаралық мәселеге айналды. Оның басты себептері бір жағынан халықаралық, экономикалық қатынастардың дамуы болса, екінші жағынан атмосфераға шығарылған, суға төгілген зиянды қалдықтардың әсері мемлекеттік шекарамен шектеліп қалмайды, басқа елдерге де әсер етеді.
|
|
2
|
Өнеркәсібі дамыған елдер көптеген шикізаттарды басқа елдерден алады.
|
|
3
|
БҰҰ 1973 жылы Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы халықаралық жарғы қабылданды.
|
|
4
|
БҰҰ 27 Бас Ассамблеясы 10 маусымды Дүние жүзі табиғи ортаны қорғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.
|
|
5
|
1975 жылы Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластауына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақты, тірі организмдерді қорғауды, қорықтар құру, табиғи ортаны жақсарту, ғылыми- зерттеу жұмыстарын халықаралық бағдарламаларға сәйкесжүргізуге келісті.
|
|
6
|
Әлі күге дейін атмосферада және жер бетінде ядролық қаруды сынамау туралы келісімге қол жеткізе алдмай келеміз.
|
|
7
|
ЮНЕСКО (ғылым,білім және мәдениет бойынша) бағдарламалары: «Адам және биосфера», «Адам табиғи ортада» т.б.
|
|
8
|
ЮНЕП басқарушы Кеңесі Генрмания қаласында орналасқан.
|
|
9
|
Жер бетіндегі тіршілікті сақтау мақсатында бүкіләлемдік табиғатты қорғау стратегиясы жасалды.
|
|
10
|
Табиғат қорғау мәселелері халықаралық конференцияларда, келісімдерде талқыланып тұрады.
|
|
4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1.Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы халықаралық жарғы қабылданды қай жылы қабылданды?
А)1972;
В) 1973;
С) 1970;
D) 1975;
Е) 1976.
2. БҰҰ нешінші Бас Ассамблеясы 5 маусымды Дүние жүзі табиғи ортаны қорғау күні деп жариялады?
А) 21;
В) 23;
С) 30;
D) 27;
Е) 24.
3. ЮНЕСКО бағдарламалары:
А) Қоғамдық мәселелер;
В) «Адам және биосфера», «Адам табиғи ортада» .;
С) «Адам және Қоғам»;
D) «Табиғи ортаны қорғау»;
Е) «Адам өмірін қорғау».
4. Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қай жылы қой қойды?
А)1972;
В) 1973;
С) 1970;
D) 1975;
Е) 1976.
5. Ұғымдар мен терминдер
Адам және биосфера
Адам табиғи ортада
Экологиялық қауіпсіздіқ және тұрақты даму
«Қазақстан-2030» даму стратегиясы және табиғатты қорғау мен пайдалану мәселелері
Табиғи ортаны қорғау бағдарламмасы.
Табиғи ортаны қорғау халықаралық одағы.
Жабайы табиғатты қорғау әлемдік қоры.
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Жер атмосферасының жылынуы, озон қабатының ыдырауы. Әемдік ластауларды болдырмау шараларын экономикалық басқару механизмдері туралы не білесіздер?
2. Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер және ұйымдарды атаңыздар.
3. Атмосфера ауасын, мұхиттарды, су ресурстарын, ғарыш қеңістігін қорғау мәселелері туралы баяндаңыздар.
4. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы және табиғатты қорғау мен пайдалану мәселелері атаңыздар.
5. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму дегеніміз не?
Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін ұсынылатын рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары
Рефераттардың тақырыптары
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы кезгі жағдайы
Табиғи ресурстардың әлеуметтік-экологиялық экономикалық бағалауларының бүгінгі проблемалары.
Қазақстандағы минералдық шикізат ресурстарын ұтымды пайдаланудың жолдары
Қазақстандағы жер ресурстарын оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері
Қазақстандағы су ресурстарын оңтайлы пайдаланудың проблемалары
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық тетігі
Адам денсаулығына қауіпсіз буып-түюші материалдардың; антисептиктердің, фунгицидтердің түрлерін әзірлеп, қолданысқа енгізу әдістері
Калдық сақтауыш пен карьерадағы тозаңды кемітудің тиімді шараларын әзірлеу мүмкіндіктері
Түрлі-түсті металлургиядағы металлургиялық процестің зиянды қалдықтарын жою (көму) проблемалары
Табиғи ортаның ластауынын бақылайтын жүйені әзілеу
Табиғатты пайдаланудың құқықтық аспектілері
Табиғатты қорғау шараларына және ресурстарды үнемдеуге ынталандыратын жүйені жетілдіру
Жартылай шөлейт зоналарындағы өнімділігі төмен жердің құнарлылыгын қалпына келтіретін қолданыстағы әдістерді экономикалық тұрғыдан бағалау
Аралды сақтау және Арал бассейніндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары
Балқаш көлінін су бассейніндегіқорғаудың проблемалары және оларды шешудің жолдары
Каспийдың проблемалары және оларды шешудің жолдары
Семей полигоны және қоршаган орта
Қазақстандағы қайталама ресурстарды пайдаланудың проблемалары және қайталама ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
Табиғи ресурстар төлемдері табиғатты ұтымды пайдаланудың құралы ретінде
Қазақстан қалаларының экологиялық жағдайы және оны жақсарту жолдары
Қазақстан өзендерінің экологиялық проблемалары
Радиоактивтілік және радиоактивтік ластану.
Қазақстан көлдерінің экологиялық проблемалары
Энергиялық ресурстарды пайдаланудың жағдайы мен келешегі.
Қазақстанның ауыл шаруашылық секторындағы экономикалық проблемалары
Ғаламдық жылыну проблемалары
Озон қабатының таусылу проблемалары
Баяндама тақырыптары
Өндірістің зиянды қалдықтарын жою (көму) проблемалары.
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластауын бақылайтын жүйе.
Мемлекеттік экологиялық сараптама.
Нарықтық экономика жағдайындағы қоршаған ортаны қорғаудың және экологиялық есеп айырусыдың тұжырымдамасы.
Шетелдердегі қоршаған ортаны басқару (жеке мемлекеттің үлгісінде).
Қайталама ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.
Қазақстан қорықтары және олардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі
Орман ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
Өсімдіктер мен хайуаннаттар әлемін қорғау және оңтайлы пайдалану.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты оңтайлы пайдалунадағы ҒТЖ-дің негізгі бағыттары
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстары оңтайлы пайдаланудағы қалдықты аз шығаратын және қалдықсыз өндірістердің маңызы
Атмосфералық ауаны қорғау.
Отын-энергия ресурстарын пайдаланудың проблемалары.
Энергияның дәстүрлі емес көздері
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінің теориялық тұжырымдамасы (осы заманға және өткенді шолатын көздері.
Экономикалық өсу және қоршаған ортаны қорғау: жаңа тәсілдемелерді талдау
Халық шаруашылығындағы табиғи ресурстар экономикасының резервтері
Мелиорацияның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оның экономикалық салдары
Табиғат объектілерінің жағымсыз экологиялық салдарын экономикалық тұрғыдан бағалау (нақты мысалмен).
Ноосфера туралы В.И. Вернадскийдің ілімі және оның осы заманғы жағдайдағы рөлі
Экологиялық дағдарыстың себебін экономикалық талдау
Табиғатты қорғау шараларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемелік тәсілдемесі
Табиғатты қорғау шараларына материалдық тұрғыдан ынталаандырудың принциптері мен әдістері
Қоршаған ортаға шығарылған шығарынды төлемдерінің шамасын анықтау әдістері.
Қоршаған ортаны қорғаудың басқару құрылымың қайта құру.
Экологиялық-экономикалық сараптамаларды жүргізудің формалары мен тетіктері
Апаттар мен инциденттерден қоршаған ортаға келетін экономикалық зиян
Энергиялық бағдарламаларды дамытудың экологиялық аспектілері
Әр түрлі энергия көздерінің экологиялық-экономикалық тиімділіктерінің салыстырмалы талдауы
Экологиялық қауыпсіздік жүйелірінің дамуы
Қаупсіздік және қоршаған ортаны қорғау: әдіснама проблемалары.
Жекелеген табиғи ресурс түрлерін (су, орман,минералдық шикізат ресурстары) пайдаланудың экономикалық тиімділігі
Табиғи ресурстары экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістемесі
Қоршаған ортаны қорғаудың жоспарлы көршеткіштер жүйесін жетілдіру
Қоршаған ортаны қорғаудың АҚШ-тағы тәжірибесі
Шығыс Еуропа елдеріндегі табиғатты пайдаланудың экономикалық тетіктері
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізгі
Н.Қ. Мамыров, Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы.
Тонкопий М.С. Экономика природопользования. Алматы 1998.
Нестеров П.М. экономика природопользования и рынок., М.1997
Экология и экономика природопользования. Под редакцией Э.В.Гирусова. М. ЮНТИ, 1998
Демина Т.А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды. М. 1993.
Упушев Е.М. экология,природопользование, экономика. Алматы 2002.
Голуб А.А. Струкова Е.Б. Экономика природопользования ресурсов.
Мұқаүлы С., Үпішев Е.М. Табиғат пайдалану экономикасы. Алматы, 1999.
Сатыбалдин С., Төлемисов О. Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы , 1992.
Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки природных ресурсов. М. 1988.
Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. М. 1992.
Шимова О.С. Соколовский Н.К. Основы экологии и экономика природопользования. Минск, 2001№
Каргажанов З.К. и др. Платежи за пользование природными ресурсами. Алматы, 1997.
Қосымша
Каргажанов З.К., Айтекенов К.М., Нарибаев Е.Г. Платежи за недропользование в РК . Алматы, 2001.
Временная типовая методика определение экономической эффективности осуществления природоохранных мероприятий и оценки экономического ущерба причиняемого народному хоз яйству загрязнением окружающей среды. М,1991.
Методические рекомендации по определению платы за выбросы (сбросы, размещение) загрязняющих веществ в природную среду. А; 1991№
Вопросы рационального природопользования в условиях формирования рыночных отношений. Под редакцией Тонкопия М.С. Каз ГАУ, 1996 .
Методические указания для проведения практических занятий по «Экономике природопользования» А. КазГУ, 1997.
Сборник кейсов по «Экономике природопользования». Гарварский институт по международному развитию (Н11Д), КазГАУ, А., 1997№
Хейман У. Экономический метаболизм. 1998№
Каженбаев С. , Макмутов С. Табиғат қорғау.Алматы, 1992.
Достарыңызбен бөлісу: |