4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1.ҒТЖ табиғатқа қалай әсер етеді?
А) 3 жақты ;
В) 2 жақты;
С) табиғатқа әсер етумен;
D) кәсіби іс- әрекеттермен;
Е) еңбек құралдарымен.
2. ҒТЖ нәтижесінде механизациялау, автоматтандыру арқылы ол не артты?
А)ел экономикасы;
В) техника;
С) әлеуметтік-экономика;
D) табиғат байлығын игеру ауқымы;
Е) еңбек құралдары.
3.Жел энергиясы несімен тиімді?
А)үнемділігімен;
В) пайдалылығымен;
С)тазалығымен;
D) табиғат байлығымен;
Е) еңбек құралдарымен.
4. Қазіргі техникалық жектістік мұнай өндіруде қанша мың м тереңдікке дейін бұрғылау мүмкіндігін туғызып отыр?
А)5;
В) 50;
С)20;
D 12;
Е) 10/
5. Шығарылуы келтірілген есептер
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты қорғау және пайдаланудағы ҒТЖ мағынасы, рөлі. Табиғат ресурстарын өндіру, өңдеу, пайдалану бағытындағы ҒТЖ.. Өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану қалай іске асырылады?
2. Зиянды қалдықтарды залалсыздаңдыру. Энергия ресурстарының балама, экологиялық таза көздерін игеру. Экологиялық таза өнімдерді өндіруді барысын сипаттаңыздар.
3. Экологиялық тәртіптер, талаптар, нормалар, стандарттар, сертификаттар т.б. қалай іске асырылады?
Тақырып 11
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ЛАСТАҒАН ҮШІН ТӨЛЕМДЕР
1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғатты пайдалану төлемдері - табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизм
Нарық қатынастарына негізделген экономиканың негізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым- қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлығы тауарға айналады. Өткен тақырыптарда, осыған байланысты, табиғат ресурстарын экономикалық бағалауды, оларды қалпына келтіру (жаңғырту) құнын анықтауды, табиғат қорғау, оның байлықтарын сақтау, молайту, қалпына келтіру шығындарын анықтауды, табиғат қорғау шараларының тиімділігін қарастырдық.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы пайдалану екенін аңғардық. Өйткені табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Жер қойнауы байлықтары /минералдық шикізат/ қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері. Жер, су, орман қорын пайдалану төлемдері
Табиғат ресурстары жалпы халықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берідген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалуына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағында жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды.
Сондықтан, төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:
табиғат пайдалану арендалық (жалақы),дифференциалдық;
табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;
айып төлемдер;
табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциялық рента;
кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып;
пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф;
кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып;
табиғат қорғау шығындарын қайтару;
табиғи ортаны ластағаны үшін төлем;
табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру.
Аталғандардың барлығын табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.
Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты төлемдердің мағынасын, атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады. Табиғат пайдалану төлемдері негізінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсаптында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал ең негізгі қызметі табиғат қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер: нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері
Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебат пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жер, су, ауа т.б. ресурстар жатады, арнайы пайдаланатындар- орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.
Экономикалық мағынасына,атқаратын қызметіне қарап төлемдерді:
табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;
табиғат ресурстарын пайдалану;
табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;
табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;
табиғи ортаны қорғау;
табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады.
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлем ақы алады. Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікке болғанда, иелік құқығын, олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғат пайдалану құқығын алшылар мемлекеттік бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша анықталады.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
(11.1 және 11.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)
Кесте 11.1
№
|
Тұжырым
|
Сәйкес жауаптар
|
1
|
Табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизм
|
|
2
|
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты
|
|
3
|
Жалпы халықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалуына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді.
|
|
4
|
Негізінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады.
|
|
5
|
Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер:
|
|
6
|
Табиғат ресурстарының түріне байланысты төлемдер қалай ерекшеленді
|
|
7
|
Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жататындар
|
|
8
|
Арнайы пайдаланатындар
|
|
9
|
Экономикалық мағынасына,атқаратын қызметіне қарап төлемдерді бөледі.
|
|
10
|
|
|
11
|
Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан.
|
|
Кесте 11.2
Әріптік белгілеулер
|
Сәйкес жауаптар
|
А
|
Төлем ақы алады
|
Ә
|
Орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар
|
Б
|
табиғат ресурстарын пайдалану
|
В
|
жер, су, ауа
|
Г
|
табиғи ортаны қорғау,
|
Ғ
|
Әмбебат пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға
|
Д
|
Табиғат пайдалану төлемдері
|
Е
|
Нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері
|
Ж
|
Ақылы пайдалану екенін
|
З
|
Табиғат ресурстары
|
И
|
Табиғатты пайдалану төлемдері
|
3. Иә/жоқ
Кесте 11.3
№
|
Тұжырым
|
Иә/жоқ
|
1
|
Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлемақы алмайды
|
|
2
|
Төлемдердің қызметіне жатады арендалық (жалақы),дифференциалдық
|
|
3
|
Табиғатты пайдалану төлемдері - табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизм
|
|
4
|
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік құқығы болып табылмайды.
|
|
5
|
Табиғат пайдалану құқығын алшылар мемлекеттік бюджетке ақы төлейді.
|
|
6
|
Әмбебап пайдаланатын ресурстарға орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар ресурстары және т.б жатады
|
|
7
|
Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікке болғанда, иелік құқығын, олардың атынан мемлекет атқарады.
|
|
8
|
Қоғамдық қарым- қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлығы табиғи ортаға әсер етуші затқа айналады.
|
|
9
|
Табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды.
|
|
10
|
Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер: нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері.
|
|
4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1.Табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизм?
А) Табиғатты үнемдеу;
В) Табиғатты пайдалану төлемдері ;
С) Табиғатты пайдалану көлемі;
D) Табиғат байлығы;
Е) Табиғат пайдалану мөлшері.
2.Табиғат пайдалану ресурстары нешеге бөлінеді?
А) 2;
В) 3 ;
С) 5;
D) 6;
Е) 8.
3. Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлем:
А) бюджеттік төлемдер;
В) Табиғатты пайдалану төлемдері;
С) Табиғатты пайдаланушығын төлемдері;
D) Нормативтік төлемдер;
Е); салықтық төлемдер.
4. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жататындар?
А) тынайтқыштар;
В) минералды шикізаттар;
С) жер, су, ауа;
D) орман;
Е) биоресурстар.
5. Нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері қандай төлемдер?
А)табиғи ортаны ластағаны үшін;
В)табиғи ресурстарды артығымен пайдаланғаны үшін;
С) ағаштарды рұқсатсыз кескені үшін;
D)балық аулағаны үшін;
Е) барлығы дұрыс.
5. Ұғымдар мен терминдер
Табиғатты үнемдеу
Табиғатты пайдалану төлемдері
Табиғатты пайдалану көлемі
Табиғат байлығы
Табиғат пайдалану мөлшері
Нормативтік төлемдер
бюджеттік төлемдер
Биоресурстар
Cалықтық төлемдер
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты пайдалану төлемдері - табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизмдері қандай?
2. Жер қойнауы байлықтары /минералдық шикізат/ қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері. Жер, су, орман қорын пайдалану төлемдеріне не кіреді?
3.Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер: нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері туралы баяндаңыздар.
Тақырып 12
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОЛДАНУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗІМІ
1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғатты қорғау шығындарын қайтару, оның экономикалық тиімділігі
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру теткітері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады. Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тәе деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен өзгередіә. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын өзгертіп, іс- әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспарлау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты- табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайныда күшейе түседі. Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнай пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи ортаны қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.
Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілген табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді. Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталагдыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі- өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін арттыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурставры ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді. Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынадай жағдайларда берілуі мүмкін:
ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтылғанда;
суды пайдалану (тұтыну) шамасы нормадағы мөлшерден (шектен) кемігенде;
кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда;
табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанда, орманның құндылығы арттырылғанда,т.б.
Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі- табиғатпайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға жауапкершілігін арттыратын бірден- бір экономикалық механизм. Ресурстарды ақысыз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтыратынын тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.
Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босату, азайту сияқты жеңілдіктер де қолданылады. Мысалы, жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурытарын пайдаланушыларға жеңілдіктер беріледі:
Төлем алынбайды немесе азайтылады. Табиғат қорғау мақсатында пайдаланған ресурстар үшін төлемдер алынбайды. Табиғат қорғау шараларын төлемдердің есебінен жүргізуге рұқсат етіледі. Төлемдер жеңілдіктерімен қоса, салық, қаржыландыру, несие жеңілдіктері де қолданылады.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
(12.1 және 12.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)
Кесте 12.1
№
|
Тұжырым
|
Сәйкес жауаптар
|
1
|
Мүдделілікті қандай теткітер арқылы басқаруға болады.
|
|
2
|
Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері:
|
|
3
|
Көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады
|
|
4
|
Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты
|
|
5
|
Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін ... маңызды рөл атқарады.
|
|
6
|
Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілген табиғат пайдаланушыларға ..., ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.
|
|
7
|
Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурставры ысырапқа ұшырағанда ... кемиді.
|
|
8
|
Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында ... жүйесі де қолданылады
|
|
9
|
Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі.
|
|
10
|
Табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады.
|
|
11
|
Жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурытарын пайдаланушыларға беріледі.
|
|
Кесте 12.2
Әріптік белгілеулер
|
Сәйкес жауаптар
|
А
|
Экономикалық ынталандыру
|
Ә
|
Жоспарлау арқылы
|
Б
|
Жоспарлау, шаруашылық есеп
|
В
|
Табиғи ортаны қорғауды, , молайтуды қамтамасыз ету
|
Г
|
Жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі
|
Ғ
|
Экологиялық нормативтер
|
Д
|
Ынталандыру
|
Е
|
Жеңілдіктер
|
Ж
|
Материалдық сыйлықтар
|
З
|
Өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда
|
И
|
Табиғатпайдалану төлемдері
|
Достарыңызбен бөлісу: |