Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



бет8/11
Дата23.05.2017
өлшемі1,67 Mb.
#16605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Кесте 9.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

ең озық қолжетiмдi технологиялар

Ә

инерттi қалдықтар

Б

қалдықтарды залалсыздандыру

В

қоршаған орта

Г

қоршаған ортаға эмиссиялар

Ғ

қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер

Д

қоршаған орта сапасының нормативтерi

Е

қоршаған ортаның сапасы

Ж

қоршаған ортаны ластау

З

қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал

И

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi

К

табиғи ресурстарды қорғау

Л

табиғат пайдаланушы

М

мемлекеттiк экологиялық бақылау


3. Иә/жоқ
Кесте 9.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

2

3

1

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік.




2

Варианттарды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін «компенсация» (орнын толтыру) әдісі қолданылмайды.





Кесте 9.3

1

2

3

3

Тиімді өндірістің ең басты белгісі- нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу.




4

Кешенді пайдалану варианттарының экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым көп шығын жұмсап қанағаттандыру.




5

Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталады




6

Минералдық шикізатты пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады.




7

Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірінен бөлек пайдалану аталады




8

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану- өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдаланбай, қайта көму.




9

Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану- кен қорын және оны өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.




10

Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы ресурстардың бір бөлігін пайдалануды айтады.




11

Кешенді пайдалану деп- табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.




12

Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану кіреді.




13

кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімділіктер сомасының шығынға көбейтіндісі.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі – ластанудың қай түріне жатады?

А) Радиоактивті;

В) Физикалық;

С) Микробиологиялық;

D) Химиялық;

Е) Жарықтық.


2. Табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

А) Арнайы;

В) Жалпы;

С) Үнемді;

D) Кешенді;

Е) Ерекше.


3. Кешенді пайдалану дәрежесі – бұл:

А) тауарға алынған элементтер саны ;

В) кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі ;

С) тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны;

D) экономикалық тиімділік;

Е) барлық жауаптар дұрыс.


4. Механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

А) қалдықтарды жою;

В) қалдықтарды залалсыздандыру;

С) қалдықтарды есепке алу;

D) қалдықтарды кәдеге жарату;

Е) қалдықтарды өңдеу.


5. Қазіргі кезде кешенді пайдалану варианттарының тиімді әдісі болып есептеледі:

А) орнын толтыру;

В) келтірілген шығындарды салыстыру;

С) контрибуциялық;

D)экстерналды;

Е) инверсивті.


5. Ұғымдар мен терминдер
Қоршаған ортаның сапасы

Қоршаған ортаны ластау

Мемлекеттiк экологиялық бақылау

Кешенді пайдалану

Минералдық шикізат

Шикізат қоры

«Компенсация» (орнын толтыру) әдісі

Келтірілген шығындарды салыстыру.

Инерттi қалдықтар
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және кешенді қорғаудың басты бағыттары қандай?

2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау және кешенді пайдалану варианттарын қалай таңдайды?

3. Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың табиғи ортаға әсері қандай?

4. Кешенді пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлуметтік тиімділігі қандай?

5. Қазақстандағы аумақтық өндіріс кешендері туралы баяндап беріңіздер
Тақырып10

ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС. ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯ

1. Тақырып бойынша теориялық материал
Ғылыми – техникалық жетістіктер (ҒТЖ) табиғат қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Соңғы ғасырда әсіресе оның екінші жартысында, ҒТЖ арқасында табиғат пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны әсіресе артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейеді. ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектесті. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты.

ҒТЖ табиғатқа екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндіріске көп мөлшерде шикізат қолданылып, өндіріс қалдықтары көбейіп, оның табиғи ортаға әсері артып, табиғи орта ластанады. Екінші жағынан,ҒТЖ нәтижесінде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шикізат мөлшеріазаяды, технологиялық процестер жетілдіріледі, олардың табиғатқа зиянды әсері шектеледі, шикізаттың бір түрі екіншісімен алмастырылады, қалдықтар қайта қолданылады және табиғат қорғау шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндіктер ашылады. Табиғи және антропогендік апаттарға жол бермеуге, олардың зиянын азайтуға мүмкіндіктер туады.

ҒТЖ нәтижесінде механизациялау, автоматтандыру арқылы табиғат байлығын игеру ауқымы артты. Мысалы , қуатты экскаваторлар көмірді ашық әдіспен көптеп өндіруге мүмкіндік береді. Мұнай мен газ өндірудің жаңа әдістері арқасында олардың өндірілу шамасы артты; құбырлармен тасымалдау, сұйылтыптасымалдау мүмкіндігі туды. Кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу әдістері жетілдірілуде. Пайдалы қазбаларды геофизикалық барлау, ғарыштан барлау әдістері кеңінен қолданыла бастады.

Мұнай өндіруде қазіргі техникалық жектістік 5 мың м тереңдікке дейін бұрғылау мүмкіндігін туғызып отыр, тек қана тік бұрғылау емес, көлбеу, қиғаш бұрғылаулар жүргізілуде. Жер қабатына қосымша қысым тудырылып мұнай өндіру көлемі артты. Минералдық шикізаттың басқа түрлері де механизациялау арқлы көптеп өндірілуде.

Қуатты техника ағаш даярлау өнімділігін арттырады. Жаңа технологиялар ағаш қалдықтарынан, жарамсыз ағаштардан жаңа материалдар мен бұйымдар жасауға мүмкіндік туғызды.

Ауыл шаруашылығын механизациялау, химия қолдану және суландыру егістіктің көлемін, жердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қуатты жер қазатын техниканың арқасында едәуір алқаптарды сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.

Жалпы табиғат пайдаланудың қай саласын алсақ та, бүгінгі ҒТЖ –сіз көзге елестету қиын. Сонымен қатар, табиғат пайдалану саласында күннен- күнге қиындап отырған мәселелерді шешуге тура келеді. Өйткені табиғат байлығының оңай игеруге болатын қоры шектеулі және игеріліп болды. Сондықтан бұрын игеруге қиын қорларды игеруге тура келеді және өндірістің өсуіне байланысты экологиялық жағдай күрделене түсті.

Осы жағдайда бірден- бір тиімді жол ҒТЖ-ді пайдалану, әсіресе отын энергиясының жаңа көздерін, жаңа технология, жаңа материалдар игеру. Энергияның табиғи ортаны ластамайтын көздерін пайдаланудың болашағы зор. Геотермал және гелиотермал энергиясын, жел энергиясын пайдалану ҒТЖ нәтижесінде ғана мүмкін болады. Күн және жел энергиясының Қазақстан үшін әсіресе маңызы зор. Бірақ, күн энергиясын пайдалану технологиясы әзірше өте қымбат. Күн батареяларының пайдалы коэффициенті 20%- тен аспайды, оларды жасайтын элементтер өте қымбат. Сондықтан кремний күн батериясынан 1 квт энергия алу, атом энергиясынан 100 есе қымбатқа түседі. Күннің қызуын электр энергиясына айналдыратын жаңа әдіс табылатын болса, тазалығы жағынан және энергия көзімен қамтамасыз ету жағынан өте тиімді болар еді.

Жел энергиясы да экологиялық тазалығымен тиімді. Оны пайдалану мүмкіндіктері Қазақстанда жүзеге асырылмай келеді. Оның тиімділігі әлдеқашан ләлелденген. Шағын жел электр станциялары ауыл шаруашылығы үшін әсіресе тиімді болар еді.

Тау өзендеріне салынатын шағын гидростанцияларды да тиімді энергия көзі деп қарауға болады. Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда алдыңғы қатардың бірінде. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс тау өзендерінде жалпы қуатты қазіргі жылу электр станцияларына тән келетін шағын су электр станцияларын салуға болады, ал жел электр станцияларының мүмкіндігі одан ондаған есе артық.

Шағын су, жел электр станцияларының тиімділігі де жоғары. Мысалы, Алматы облысына қажетті қуатты 500мвт жылу электр станциясын салуға 6-8 жыл керек, ал республика бойынша жел энергия қондырғыларының бір күнде екеуін құрып пайдалануға беруге болады. Сонда бір ТЭС салынатын жылда бірнеше мың жел энергия қондырғсын салып, одан ТЭС- тен екі есе артық энергия алуға болады. Бір ТЭС салынып біткенше, жел қондырғыларна жұмсалған қаржының 60-70%-і қарастырылады. Пайдалану шығындары да өте аз. Бір қондырғыны бір адам басқара алады. Оның тағы бір тиімді жағы ауыл шаруашылық тұтынушыларға жақындығы. Сондықтан энергияның электр желісінде жоғалуы азаяды.

Отын көзі ретінде сутегін пайдалану қызықтыратын іс. Автомобиль жанармайына бензиннің орнына сутегін қолдану атмосфераны ластанудан қорғауға көп көмегін тигізер еді. Бірақ мұның шешілмеген мәселелері әлі көп. Басты қиындықтар сутегін алу алынғаннан кейін оны буланудан сақтау үшін өте төмен температурада ұстап тұру керек. Қазіргі жағдайда сутегін алу бензинге қарағанда әлденеше есе қымбат. Элекртролиз жолымен алу көп мөлшерде электр энергиясын талап етеді. Сондықтан әлі тиімсіз, болашақтың ісі.

Атмосфераны автомобильдердің ластауын болдырмаудың тағы да бір жолы аккумулятор қолдану. Ол мәселе де толығымен шешілмей келеді, аккумулятордың пайдалы коэффициенті өте төмен.

ҒТЖ- дің басты бағытының бірі табиғат ресурстарын үнемдейтін жаңа материалдар, жаңа технология, жаңа техника қолдану арқылы табиғатқа өндірістің жағымсыз әсерін азайтады. Жалпы ҒТЖ табиғат ресурстарын пайдалануды түбегейлі өзгертуге бағытталуы керек. Оның ішінде қалдықсыз технология қолдану аса маңызды.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(10.1 және 10.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 10.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектесті.




2

Көмірді ашық әдіспен көптеп өндіруге мүмкіндік береді.




3

Қазіргі техникалық жектістік 5 мың м тереңдікке дейін бұрғылау мүмкіндігін туғызып отыр, тек қана тік бұрғылау емес, көлбеу, қиғаш бұрғылаулар жүргізілуде.




4

Ағаш қалдықтарынан, жарамсыз ағаштардан жаңа материалдар мен бұйымдар жасауға мүмкіндік туғызды.




5

ҒТЖ нәтижесінде ғана мүмкін болады




6

Пайдалы коэффициенті 20%- тен аспайды, оларды жасайтын элементтер өте қымбат




7

1 квт энергия алу, атом энергиясынан 100 есе қымбатқа түседі.




8

Экологиялық тазалығымен тиімді.




9

Бензиннің орнына сутегін қолдану атмосфераны ластанудан қорғауға көп көмегін тигізер еді




10

Көп мөлшерде электр энергиясын талап етеді




11

Атмосфераны автомобильдердің ластауын болдырмаудың тағы да бір жолы



Кесте 10.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

1

2

А

Қуатты экскаваторлар

Ә

ҒТЖ

Б

Геотермал және гелиотермал энергиясын, жел энергиясын пайдалану

В

Автомобиль жанармайына

Кесте 10.2 жалғасы

1

2

Г

Жел энергиясы

Ғ

Жаңа технологиялар

Д

Күн батареяларының

Е

Мұнай өндіруде

Ж

Кремний күн батериясынан

З

Элекртролиз жолымен алу

И

Аккумулятор қолдану


3. Иә/жоқ
Кесте 10.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Ғылыми – техникалық жетістіктер (ҒТЖ) табиғат қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады




2

ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектесті.




3

ҒТЖ табиғатқа 3 жақты әсер етеді




4

ҒТЖ нәтижесінде механизациялау, автоматтандыру арқылы табиғат байлығын игеру ауқымы төмендеп кетті .




5

ҒТЖ нәтижесінде 1992 жылдан бастап пайдалы қазбаларды геофизикалық барлау, ғарыштан барлау әдістері кеңінен қолданыла бастады.




6

Күн батареяларының пайдалы коэффициенті 20%- тен аспайды.




7

Кремний күн батериясынан 1 квт энергия алу, атом энергиясынан 100 есе арзанға түседі.




8

Жел энергиясы да экологиялық тазалығымен тиімді.




9

Мұнай өндіруде қазіргі техникалық жектістік 5 мың м тереңдікке дейін бұрғылау мүмкіндігін туғызып отыр, тек қана тік бұрғылау емес, көлбеу, қиғаш бұрғылаулар жүргізілуде.




10

Тау өзендеріне салынатын шағын гидростанцияларды да тиімсіз энергия көзі деп қарауға болады.




11

Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда соңғы қатардың бірінде




12

Алматы облысына қажетті қуатты 500мвт жылу электр станциясын салуға 6-8 жыл керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет