137
телейді,
оны өздігінен ойлантып-
толғантуға, әрбір зат пен құбылыс-
тың мазмұн-мағынасын пайымдай
білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-
тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым
күрделендіріп, заттар мен құбылыс-
тар арасындағы себепті байланыстар-
ды зерделей танитын міндеттерге
машықтану керек.
Егер табиғи дамуда баланың психи-
касы күрделеніп, сана-сезімі жетіле-
тін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары
арқылы оның дүниетанымы
мен бі-
лімінің шеңбері кеңейеді. Оның да-
мып жетілуі, сыртқы ортадан түйсі-
ніп, қабылдаған, көріп білгендерін ой
елегінен өткізіп, санасының өрісте-
уіне әсер етуі сыртқы факторлардың
(экстериоризация) ішкі факторларға
(интериоризация) айналуымен бел-
гіленеді. Осы жайт Л.С.Выготский-
дің
адамның мәдени-тарихи дамуы
жайындағы теориясының мәнісінен
туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді
бір ерекшелігі: баланың айналасын-
дағы адамдармен қарым-қатынас
жасауда тарихи тәжірибелерді, ты-
ныс-тіршілік
шындығын өзгелердің
сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жа-
намалай үйренуі. Осылайша, бала
өзінің дербестігін, жеке басының пси-
хикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу-
меттік ортадан меңгерген білімі мен
әр алуан мағлұматтары оның ішкі
дүниесінің, психикасының дамуын-
дағы ең жоғарғы функция, яғни бол-
мыстың бала санасындағы бейне-
ленуі деп аталады.
Баланың
басынан кешірген әр қилы
оқиғалар мен болмысты белгі, таңба-
лар ретінде танып-біліп, мән-жайын
түсінуі оның жан дүниесін байыта-
ды, яғни мұндай процесс баланың әр-
бір нәрсенің мазмұнын өз ойымен,
ақылмен пайымдай білуін қалып-
тастырады. Выготскийдің айтуын-
ша,
дамудың осы жолы бойынша
материалдық (заттық) дүние жоға-
ры психикалық қызмет арқылы мә-
дени факторға (оның бейнесіне) ай-
налады. Сондай-ақ жаттаудың сөз-
дік-мағыналық еске айналуы, нәрсе-
лердің бейнесін көз алдына келтіріп
елестетуі – сол зат жайындағы ойлау
әрекетіне алып келеді, немесе бұлар
шығармашылық қиялға айналады:
қарапайым қимыл-қоғалыстар ерік-
ті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоға-
рыда айтқанымыздай,
ішкі процес-
тер толығымен сыртқы әсерлер нә-
тижесінде пайда болып, қайтадан
ішкі процестерге (интериоризация)
айналады. Психикалық құбылыс-
тардың пайда болуы туралы осы пі-
кір, баланың мәдени дамуындағы кез
келген
функциясының сыртқы кө-
рінісінің сахнаға шығуы екі түрлі
бағытта анық байқалатынын көрсе-
теді. Оның бірі – әлеуметтік сипатта,
екіншісі психологиялық сипатта кө-
рініп отырады. Даму процесіндегі
мұндай психикалық заңдылық алды-
мен адамдардың өзара қарым-қаты-
насы
арқылы өріс алса, жақсы бай-
қалады. Л.С.Выготский «Жоғары пси-
хикалық функциялардың даму тари-
хы» дейтін еңбегінде (1931) осы пікі-
рін одан әрі жалғастыра түсіп, «бала-
ның жоғары психикалық функциясы
әлеуметтік ортада ересектермен қа-
рым-қатынас жасау арқылы туындап
отырады, осы жағдайда ғана оның
сана-сезімі өсіп жетіледі», – дейді.
Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы
«баланың
дамуының жақын арада-
Достарыңызбен бөлісу: