41
ренттік
жүйке құрылымының жиын-
тығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу,
иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинес-
тетикалық) т.с.с. талдағыштар (анали-
заторлар) бар А. – организмнің сырт-
қы және
ішкі ортасынан келетін ті-
тіркендіргіштерді талдау және син-
тездеу қызметін атқаратын жүйке
аппараты. Түйсіктердің физиология-
лық негіздері болып табылатын – ол
тітіркендіргіштің оған сәйкес анали-
заторға (сезім мүшесіне) әсері нәти-
жесінде пайда болатын жүйке проце-
сі. И.П.Павлов бойынша, анализатор –
бұл тітіркендіргіштерді қабылдау,
өңдеу
және оларға жауап қайтаруға
қатысатын афференттік және эффе-
ренттік жүйке жолдарының жиынты-
ғы. А. – тітіркендіргіштердің әсері-
мен рефлекторлық түрде өзгеріп оты-
ратын белсенді мүше, сондықтан түй-
сік пассивті емес, ал әрқашан қозға-
лыстық
компоненттерден тұратын
белсенді психикалық процесс болып
табылады. А. үш бөлімнен тұрады: Пе-
рифериялық бөлім (рецептор) – сырт-
қы энергияны жүйке процесіне айнал-
дыратын арнайы трансформатор.
Афференттік (орталыққа бағытталған)
және эфференттік (орталықтан шыға-
тын) жүйке талшықтары немесе өт-
кізгіш жолдар; А-дың мидағы қабық-
асты және қабықты бөлімдері; бұлар-
да перифериялық (шеткі) бөлімдер-
ден келетін жүйке
импульстарының
өңдеуі іске асады. А-дың шеткі бө-
лімдерінің белгілі бір жасушаларына
ми қыртысы жасушаларының белгілі
бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осы-
лайша, мыс., көз торының әртүрлі нүк-
телеріне ми қыртысында кеңістік бо-
йынша әртүрлі орналасқан нүктелер
сәйкес келеді.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ПСИХОЛО-
ГИЯ
– (1913) К.Юнг
негізін салған
тереңдік психологияның бағыты. Ол
психиканың автономды өзіндік рет-
телуші жүйе ретіндегі идеалистік тү-
сінікке негізделеді. Бұл бағыттың тео-
риялық тұжырымы бойынша адам
психикасы
саналы мен санасыздық-
тың өзара компенсациясына негізде-
леді. Ал олардың интеграциясы – тұл-
ғаның тұтастылығына, оның жеке-
даралануына жетудің жолы. А.п. пси-
хопатология және психотерапияға, со-
нымен қатар, философия, антрополо-
гия, мәдениет тарихы, этнология, ми-
фологияға ықпал етеді.
АНАЛОГИЯ
– тиісті, лайықты, ша-
малас, сай келушілік. Объектілер ара-
қатынасындағы кейбір ұқсастықтар.
А. таным әрекетінде гипотезаны (жо-
рамалды) ұсыну үшін пайдаланады.
А.
арқылы ойлау ғылыми жаңалық-
тарға жеткізуі мүмкін. А. – жекелікке
қарай дамитын нәтижелі ой қоры-
тындысы. Аналогия – ұқсастық. Ұқсас
нәрселерді салыстыра отырып зерттей-
ді, аналогия арқылы жасалған қоры-
тынды мәліметтер болжамды сипат-
та болады.
АНАЛЬГЕзИЯ
– ауруға деген сез-
гіштіктің төмендеуі немесе мүлдем
жойылуы. А.
анальгетик-дәрілерін
қолдану арқылы немесе ауру көзімен
байланыспаған объектілерге (музыка,
шу және т.б.) шоғырлану, сондай-ақ
сендіру, өзін-өзі сендіру немесе гип-
ноздың көмегімен жүзеге аса алады.
А. жалпы немесе нүктелік массаждың
да көмегімен, сондай-ақ жылу неме-
се суықты дененің белгілі бір нүктеле-
ріне басу арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: