Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АУРА – лат. желдің соғуы, ызғар де- ген сөзі, қысқа мерзімді санасыздық.  Бұл қояншық ауруының хабаршысы АТРО



Pdf көрінісі
бет60/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АУРА
– лат. желдің соғуы, ызғар де-
ген сөзі, қысқа мерзімді санасыздық. 
Бұл қояншық ауруының хабаршысы
АТРО
АУРА


60
не оның алғашқы белгісі сияқты. Алай-
да қояншық ауруының мұндай бел-
гісі ұстамалы қояншық ауруымен зар-
дап шегетіндердің бәрінде кездесе 
бермейді. Аурудың бұл сипаты балалар 
мен жеткіншектерде сирек кездеседі. 
Аурудың ұстамалы түрі адамның 
қимыл-қозғалысы мен сезімдік әрекет-
терінің тоқтап қалуынан байқалып, 
бірнеше секундқа, не минуттарға со-
зылуы мүмкін.
АУРУ
– сыздау, қақсау. Ағзаны өте 
күшті күйрететін және оның өмір сү-
руіне немесе тұтастығына қауіп ту-
ғызудың нәтижесінде пайда болатын 
психикалық күй. А. жануарлар әлемі 
эволюциясының тапқан бағалығы. 
А. физиологиялық үрдістің дұрыс 
жайымен өтуіне кедергі болу жағы-
нан психикалық маңыздылығы өте 
жоғары. Эмоциялық жағынан ауру 
жәбірлейтін және қиын өтетін сипат-
та болады. Адамның өте жоғары дамы-
ған өнегелілік ниеттері ауруға беріл-
меуге көмектеседі.
АУТИзМ
(грек. 
аиtо – 
қаз. 
өзім
)
 

психологиялық шектелудің ең соңғы 
түрі және күйі. А. индивидтің қорша-
ған ортамен байланыс-қатынастар-
дан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуы-
нан» және өз күйзелістерінің тұйық 
әлеміне енуден көрініс табады. Бұл 
термин субъекттің өз ойлауын ырық-
ты реттеу мүмкіншілігінің төменде-
уін, өзін шектейтін тақырыптар ая-
сындағы ойлардан кете алмауды, кез
келген байланыстардан қашуды, бір-
лескен іс-әрекетке қажеттіліктің бол-
мауын білдіру мақсатында ғылымға 
енгізілді. Нормада А. тұлғаның кө-
бінесе өз ішкі әлем суретіне және оқи-
ғаларды бағалаудың ішкі критерий-
леріне бағдарланумен байланысты 
болатын жеке-дара ерекшеліктерді 
сипаттау үшін қолданылады (
Эго- 
центризмді қараңыз
)

Бұл ерекшелік-
тер индивидтің айналадағыларды 
интуитивтік түрде түсіне білу, олар-
дың рөлін ойнай білу, біреудің пози-
циясында тұру қабілеттілігінің бол-
мауын бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет