+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы ***
Ірі ошақты миокард инфарктысы бойынша емдеуде жатқан 68 - жастағы әйелде 3-ші аптада кеуде торшасындағы ауру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының жеделдеу сатысы.
Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?//
+ глюкокортикостероидтарды// ***
Өкпе туберкулезін өткерген 42 жастағы әйел адамға констриктивті перикардит диагнозы қойылды. Комбинирленген туберкулезге қарсы терапия науқастың жағдайының жақсаруына алып келмеді. Берілген жағдайда қандай ем тағайындау тиімдірек?//
+ субтотальды перикардэктомия//
***
Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады://
+ антибиотиктер// ***
20 жасар студенттің балалық шақтан мойын қантамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке таралатын Боткина-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталады. Иығында АҚ - 170/100 мм сб.б., санда - 140/80 мм сб.б. Рентгенологиялық сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің оюлануы анықталады. Науқасты жүргізудің қандай жолы дұрыс?//
+ оперативті ем ***
Бас ауруы, мұрыннан қан кету, қабақтарының ісінуі және бел аймағындағы ауру сезімі шағымдары бар 35 жастағы әйелде кенет жағдайы нашарлаған. Об-ті: тынысы шулы, (клокочущее), ТЖ 26 рет минутына, өкпеде көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар; жүрек тондары қатты, «аттың шабуылы» ырғағы, АҚ – 180/130 мм с.б. Тексергенде зәр анализінде: белок-3,1 г/л, эритроциттер барлық к\а. УДЗ: екі бүйректің паренхимасының жіңішкерленуі. Қандай препаратты тағайындау ең тиімді болып табылады?//
+ фуросемид// ***
64 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін іркілісті жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамыды. Тексергенде: холестерин – 4,2 ммоль/л. ЭКГ: қарыншалардың жиырылу жиілігі 110 рет минутына болатын жүрекшелердің фибрилляциясы. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы - 35%.Аритмияны емдеуде қандай дәрілерді тағайындаған барынша тиімді болады?//