Қ. Күзембаев, Т. Құлажанов Г. Күзембаева Азық-түлік өнімдерін тану



Pdf көрінісі
бет193/212
Дата07.02.2022
өлшемі2,23 Mb.
#85163
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   212
Байланысты:
kuzembaev k kulazhanov t kuzembaeva g azyktulik onimderin ta

Луфарь (луфарь тұкымдасы)
— теңіз балығы. Ол Африканың 
жағалауьшдағы суларда Орталық және Онтүстік Африкада, Қара теңізде 
тіршілік етеді. Оның мекендейтін жеріне байланысты тұрқы мен салмағы 
езгеріп отырады. Қара теңізден салмағы 300 грамнан 1 килограмм болатын ұсақ 
луфарь, ал мұхиттан —8 килограмдық луфарь ауланады. Еті дөмді жөне хош 
иісті, одан неше түрлі балық тагамын әзірлеуге болады. Құрамындағы белок 
мөлшеріне байланысты асханалық балықтарыньщ інгінде алғашкы орын алады. 
Мұздатылған, тұздалған және ысталған түрде сатылады. 
Шортан
(щука) — шортан тұқымдасына жатады, тұщы суда өседі. Оның 5 
түрі бар. Шортан еті - арық. Уылдырығы жоғары сапасымен ерекшеленеді. 
Шортан Қырымда, Зайсан - Буқтырмада, Ертісте, солтүстік су қоймаларында, 
Түрікменстанньщ шағын өзендерінде, Охот теңізінін жағалау суларында т. б. 
өседі. Кәсіптік маңызы бар.
Ірі
шортандардың салмағы 35 килограмға дейін, ал 
ұсақ шортандардың салмағы 200—300 г болады. Әдетте сауда орьшдарьша 
салмағы 1 — 3 кг шортандар түседі.
Ірі
және орташа шортандарды балык 
котлетін, фрикаделька және фарш жасау ушін пайдаланады, ал ұсақтарын дөмді 
нәрге қайнатады.
¥
зындығы 30 см жоғары (басымен бірге) ірі, ал 30 см дейін -
ұсак шортан болып саналады. Саудаға тірі, мұздатылған, суытылған, тұздалған, 
ысталған және консервілері түрінде түседі. 
Жайьш (Сом)-
жайындар тұқымдасьша жататьш балық. Балхаш көлінде, 
Жайық өзенінде, кішігірім өзен-көлдерде кездеседі. 40 жылдай тіршілік етеді. 
Үзьщдығы 5 м, массасы 300 кг-дай. 4-5 жасында тұқым бере бастайды. 
Уылдырығын көктемде су түбіндегі шөп арасында шашады. Қазақстанда 
жылына 400-500 т жайын ауланады. Мүның жер жүзіндегі суларда 28 тұқымы 
бар. Кәсштік манызы зор. Жайын еті тағамға пайдаланылады, ал терісінен түрлі 
бұымдар жасалынады. Оның денесі ұзьшша келеді, кішкентай арқа канатшасы 
бар,ал аналь қанатшасы үзын және құйрықка жалғасьш кетеді. Қальшты 
ұзындығы - 50-90 см,ал салмағы - 1,5-6 кг. Кейде салмағы 80 кг дейін және 
одан асьш түседі.
Ірі
жайынға ұзындығы (баспен бірге) 53 см жоғары, ал 
ұсағьша - 53 см дейін болатын жайын жатады. Жайын еті дәмді және майлы (4-
11%-май). 
336 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет