Кориандр немесе кинза
- бір жылдық өсімдік.көкөніс және ет
тағамдарына дәмкосар ретінде қолданады. Ароматы чабер мен базиликке
Караганда төменірек, сондықтан тағамға кеп мөлшерде қосуға болады. Қүрғақ
күйінде ароматын жоғалтады, сондықтан оны аз кептіреді.
Саудаға түсетін татымды көкөністер балғын, таза, сарғаймаған,
механикалық зақымданбаған, аурусыз болу керек. Олардьщ сактау мерзімі
бірнеше сағатка созылады, себебі олар тез солады.
3.2.7. Десертті кекөністер
Десертті көкөністерге рауғаш, спаржа, бөрікгүл- жатады. Десертті
көкеністердің дәмдік қасиеті өте жоғары. Олар басқа көкөністерге қарағанда
ерте піседі және С витаминінің көзі. Бүл көкөністерден жасалған тағамдарды
әдетте десерт ретінде колданады.
Рауғаш (ревень)
-
қарақүмык түқымдасына жататын көп жылдьщ
шептесін өсімдік. Тағамға жуан етті, қалыңдығы 2 см дейін, үзындығы 30-70 см
черешки қолданылады. Оньщ күрамында С, В1, РР витаминдері бар. Рауғаш
қүрамында алма кышқылы (1%) және пектин заттары (0,94%) болғандьщтан,
оны кисель, компот, тосап, мармелад, желе, салат жасауда, сонымен катар
консервілеуде кең қолданады.
Спаржа
-
тамакка жас, шырынды, үзындығы 18-20 см тамыр сабақтары
Колданады. Жас тамырлары тәтті, нәзік дәм мен иіске ие, түсі ақшыл-қызғылт
болады. Жер бетіне шықкан тамыры тамаққа қолданбайды, себебі күн
сәулесінің әсерінен олар жасылданып, ащы болады. Спаржа қүрамында 93% су,
2% азотты заттар, 2,3% кант, 0,6%күл, 20 мг% С витамині бар. Гарнир ретінде,
сонымен катар консервілеуде кең колданады.
Достарыңызбен бөлісу: |