Тақырыбы: Психогенетикалық зерттеулер
Психогенетикалық зерттеулердің маңызы
Генетикалық және орта факторларының когнетивті функциялардың өзгермелілігіне әсері
Интеллектіні психогенетикалық зерттеулердің ерекшілігі
Психогенетикалық генетикалық зерттеулеріндегі негізгі әдістер генеологиялық асыранды балаларды зерттеу және егіздерді зерттеу болып табылады. Генеологиялық негіздер немесе генограмма деп атайды (генеологическое дерево). Генеологиялық негіздерді немесе генограмманы жасаудың ережелері мен символдары бар. Пробанд – бойында белгілі бір генетикалық ұқсастығы бар адам немесе зерттеуге алынатын адам (дербес қасиеттер: қабілеттер, ерекше белгілер, тұқым қуатын аурулар). Мінез-құлықтың жоғарғы формалары дамуының екі негізгі тармағы ағымы ретінде көрінетін құбылыстармен үздіксіз байланысты. Психогенетикада кез-келген жаңа түрдің қалыптасып, дамуына, оның ерекшелігінің пайда болуы орта факторлардың әсерлері де мүмкін. Жеке адамның қалыптасып, дамуында ортаның алатын орнын көптеген психогенетиктер мойындаған.
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың әрі қарай дамуында маңызды орын алды. Осы заңдылықтың негізінде ХІХ ғасырдың аяғында неміс биологы А.Вейсман ұсынған организмнің тұқым қуалайтын факторларының мозаикасы (алалығы) туралы ұғым теріске шығарылды. Оның орнына организмнің кез келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі күрделі байланыстар мен өзара әрекеттесу туралы мәселе көтеріледі. Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай құбылысты геннің жан-жақты әсері деп атайды. Гендердің жан- жақты әсерінің биохимиялық негізі біршама жақсы зерттелген. Бір геннің бақылауымен түзілетін бір белок— фермент тек жалғыз ғана белгінің дамуын анықтап қоймайды. Сонымен қатар басқа да белгілер мен қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына әсер етеді. Гендердің жан- жақты әсері көптеген организмдерде кездеседі.
Кемелдену-онтогенездің ұзақ даму кезеңі. Ол жеке тұлғаның рухани, интеллектуалды, дене қабілеттерінің ең жоғарығы дамуымен ерекшеленеді. Хронологиялық жасы шартты, индивидуалды. Ол адамның әлеуметтік- экономикалық жағдайына байланысты. Төмеңгі шекарасы бозбаланыңаяқталуы 20-21 жас, жоғарғы шекарасы қарттық шақтың басталуы 60-65 жасты қамтиды. Л.С.Выготский кемелденудің (18-25 жастардағы) адамда дамуды бала дамуының заңдылығына бағынбайды дейді. Барлық ересек адамның даму деңгейі бірдей болмайды. Әлеуметтік және эмоционалды ессею кезеңінде бірте- бірте дене дамуның өзгеруіне, білім, тәжірибенің өсуіне байланысты болады. Зерттеулерде есеюдің шекарасын, оның дағдарыс кезеңдерін анықтауда бір шешімге келген жоқ. Стадиялар адамдардың өздерінің қойған мақсаттарына байланысты анықталып, шекарасы белгіленеді. Негізінен теориялық зерттеулер қарттық кезеңді балалық шақпен салыстыруда Ф.Олпорт былай көрсетеді: «Қарттық есею дегеніміз адамның балалық шақтағы мотивация формаларын өлшеу»,-деп бағалайды. Сондықтан даму психологиясында бұл кезеңнің зерттеулері өміршең болып табылады. Кейінгі кездерде «акмеология» (грек сөзі- «акме» ең жоғарғы жетістік) бағыты пайда болды. Ол ересек адамның ең жоғарғы жетістігінің интенсивті дамуын зерттеуді қарастырады. Негізін салғандардың бірі-А.А.Бодалев. Алайда көптеген зерттеулердің дені кәсіби мамандықтағы жетістіктерге байланысты болды. Сонымен қоса отбасының тұрақтылығына байланысты аймақты да қамтыды.
Кемелдену кезеңі бозбалалық кезеңінен айырмашылығы өзінің дене және жыныстық пісіп жетілудің жоғары деңгейі мен жалпы соматикалық дамудың аяқталуымен сипатталуы. Бұл кезең интеллектуалды жетістік кезеңі болып табылады. Б.Г.Ананьев: «Ақыл- ой дамуның ерекшелігі- онтогенетикалық феномен болып табылады»,- деді. Э.Клапаред есеюді психикалық «қатаю» қалпы, яғни даму үрдісі тоқтайды, ал В.Джеймстің айтуынша, 25 жастан кейін ересек адам жаңа идеяны қабылдай алмайды: ізденімпаздық өтеді, ақыл- ой байланыстары қалыптасқан, ассимиляцияға қабілеттілік тоқтайды. Л.С.Выготский пікірінше, есею балалық шақ дамуынан басқа заңдылықтарға бағынады. Э.Эриксон кезеңдегі болатын өзгерістер: материалдық, экономикалық, т.б. жағдайларға тәуелсіз жаңа әлеуметтік, экономикалық статусқа байланысты. Ерте есею (21-25) кезеңінде кәсіби мамандану, қызығушылық пен мативтердің бір- біріне тең келу белсенді қалыптасады. Отбасы құру, жан жарын іздеу де негізгі проблема болады. 26-30 жас өмірлік жол табу мен әлеуметтік статус факторларын қарастырады. 30-33, 40-45 жастағылар бала тәрбиесі, жоғары материалдық жетістік, қызықты жұмыс мотивтеріне ауысады. 40-50 55-60 жас отбасындағы өзгерістер (балалардың бөлек кетуі), өмірлік жоспардың өзгеруі, әлеуметтік белсенділікпен сипатталады. Дамудың әр бір стадиялары психоәлеуметтік кикілжіңдермен сипатталады да, ол өз шешімін табады. Жеке тұлғадағы дағдарыс жаңа өмірлік мақсаттарға байланысты тууы мүмкін. Бұл кезең келелі бетбұрыс болды. Э.Эриксон есею кезеңінің барлық стадияларында идентика (жекелік) негізгі актуалды дейді. Оның бұл даму моделін Д.Левинсон дамытады. Д.Левинсон адам өмірінің төрт дәуірді: балалық және бозбалалық кезеңі (0-22жас), ерте есею, орташа есею, кеш есею (60 жастан кейін) деп бөледі.
Жеке тұлғаның бұл кезеңін зерттеушілер дамудың қозғаушы күшін әр түрлі түсіндіреді. Ш.Бюлер есеюдің фазаларын «өзін- өзі анықтау» кезеңі деп қарастырады. Дж.Лоувингер бұл кезеңді өзі туралы қарым- қатынастың қайшылығы жоқ деп психоанализ бен Л.Колбергтің адамгершілік даму теориясымен біріктіре қарастырады. Дж.Лоувингер стадиялары:
Саналық стадиясы: адамдар өздері туралы түсініктерді өздерінің жетістіктеріне байланысты есептейді, беделді адамдар мен құрбы- құрдастарының пікірлеріне де сүйенуі мүмкін. Сонымен бірге өздеріне сын көзбен де қарайды.
Автономды стадия: ішкі өздерінің жеке жетістіктері мен идеал арасындағы кикілжіңдерді саналау. Басқа адамдарды түсінуге, достардың таңдауын сыйлау, төзімділік танытумен ерекшеленеді.
Интегралды стадия: өздерінің ішкі және басқа адамдармен қарым- қатынас талабын орындау, оларды бағалаумен ерекшеленеді.
Р.М.Грановская ересек адамның даму стадияларын: 25-35 ерте есею, 35-45 орташа есею, 45-60 кеш есею, 60-70 қарттық шақ деп бөлінеді. Қарттық кезең дағдарысы- кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады. Бұл дағдарыс екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты. Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды ролді алады. Э.Эриксон теориясына сүйенетін болсақ, қарттық өмір сүруде аяқтау кезеңі болып табылады... Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Эриксонның анықтауы бойынша, даналық дегеніміз ұрпақтар байланысының бірізділігінен тұрады. Қарттық кезеңдегі адамдар тұқым қуалау арқылы және жүре пайда болатын психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін. Мәселен,қарт адамдардың көбі Альцгеймер ауруымен ауырады. Статистика бойынша, дүние жүзінде 65- тен асқан жастағыларды зерттеген: 65- 69 жастағылардың- 13% , 70-74жастағылардың- 16%, 75-79 жастағылардың- 19%, 80-84 жастағылардың- 23%, 85-89 жастағылардың- 40%, 90-100 жастағылардың- 69% Альцгеймер ауруына бейім болатынын көрсеткен. Альцгеймер ауруы (альцгеймер типіндегі пресенильді жəне сенильді деменция)- жанұя мен қоғамның бейімделуінің айқын бұзылыстарына алып келетін тұлғаның, естің жəне практикалық қызмет дағдылардың үдетуші жəне қайтымсыз жоғалуы. Алғаш рет 1907 жылы неміс неврологы Алоис Альцгейлирмен (1864- 1915) сипатталынған. Бұл аурумен 80 жастан жоғары адамдардың 20% зардап шегеді, ол қарт адамдардың өлім себептері арасында төртінші орын алады.
Альцгеймер аруы- нейродегенеративті аурудың ең таратырылған формасы, ол қарт адамдардың ақыл- есінен адасқанына әкеледі (2/3 қарт адамдардың барлығы ақылынан адасады). Қарт адамдардың жасы 65- тен асқандардың 7% ауырады. Клиникалық көрсеткішінің анықтауы бойынша интеллектуалды қабілеттің, естің, сөздің, бағдарланудың озықтығының нашарлануына және пікірінше мәселені шешу қабілетінің нашарлануын көрсетеді. Кейін бірте- бірте дамудағы қозғалыстың, жүріс- тұрысының нашарлануына әкеледі.
Альцгеймер ауруының себептері табиғаттық ауруды және дамуындағы генді айқындайтын біркелкі алдыға жылжытатынымен түсіндіріледі. Альцгеймердің аз кездесетін формасы– ол 65 жастан басталып аутосомалық- доминантты тұқым қуалаушылық мінездемесінде анықталады. Осылардың көбіне геннің 14-ші хромосомасы (пресенилин- 1) жауап береді, ал орташа бөлігінде ерте ауыратыны осы ұқсас гендерімен байланысқан (пресенилин- 2), олар 1-ші хромосомаларда және 21-ші хромосомалардағы амилоидты белогінің алдында тұрғанды көрсетеді. Сыртқы клеткаларынның амилоидты белоктың жиыны нервттік жіпшелерде- осы аурудың барша белгілеріне сай мінездеме болып келеді. Осындай ықпал Дауна синдромында да (патология 21-ші хромосомамен байланысқан) анықталады, және Даунамен ауыратын адамдардың 50 жастарында Альцгеймер ауруына шалдығады. Жоғарыда аталған геннің шарасыз дамуындағы Альцгеймер ауруының ерте формасына әкеледі.
Альцгеймер аурудың ерте басталуы геннің идентификациясымен байланысты, экстракорпоральды ұрықтандыру техникасымен қолдануға рұқсат беретін әбден жаңа үйлесім. Жақын арада 30 жастағы әйел V717L генін тасушы болып, Альцгеймердің ерте дамуындағы ауруын төрт он жылдықта (жиелікте, оның апайында ауруының дамуы 38 жаста пайда болғанын) анықтаған.
Осы әйелдің жұмыртқа жасушалары донорлық спермамен ұрықталған және маткасындағы имплантациясы берілген генмен тестіленген болып көрсетілген. Патологиялық мутацияға жатпайтын бірнеше эмбрионалдардан алынғандары маткаға салынған болатын, солардан тек біреуі ғана дамуында, әйел патологиялық генінсіз дені сау баланы өмірге сәтті әкеліп аяқталған.
Мынандай мысал Альцгеймер ауруындағы ерте дамуын анықтап, басты генетикалық диагнозы баланың осындай генін тоқтату мақсатымен техниканы қолдану болып табылады. Экстракорпоральды ұрықтандыру техникасын қолданғанда этикалық реттелген мәселелерінің мақсатымен байланысты, көп уақыттарда анасының Альцгеймерлік ауруының мүмкіншілігі, бірнеше жылдар аралығында дамылса, онда ол өз баласында асырауға, тәрбиелеуге жағдайы да келмеуі мүмкін.
Альцгеймер ауруының қарапайым формасымен байланысқан аллельді айқындауы үлкен лайықтылықты, абыройды (достоинство) береді (ауру 7-8 он жылдықта пайда болады). 19-шы хромосомада аполипротеин E (Apo E) гені орналасқан, оларда үш варианттары бар (є- 2, є- 3және є- 4 аллельдері). Жие кездесетіні є- 4 солтүстікевропалық популяцияларда- 15%, ал Альцгеймермен ауыратындарда- 40% құрайды, ол дегеніміз екі есе көп екенін байқауға болады. Мұндай образы барлық аллельді Apo E є- 4 маңызды ықпалды алмайды, ол аурудың пайда болуына толық белгі емес, бірақта генотипте бар болғаны- ол генетикалық фактордың тәуекеліне әкеледі. є- 4 бір аллельден тұрған гендерден қарағанда є- 4 екі көшірмесінен екі есе көп тәуекелдікті байқаймыз. Деректер бойынша, ең аз кездесетіні є- 2 аллель (8%) қорғау факторлық рөлін ойнауы мүмкін (Corder et al.,1994).
Қоршаған ортаның әсерінен жігерлі әрекетті генетикалық фактордың тәуекелінде болады. Жие көрсеткіштерінде, бастың жарақаты (аз уақытқа есін жоғалтуға әкеледі) Apo E є- 4 аллелінің бір көшірмесі аурудың тәуекелігінде он есе көбейеді.
Альцгеймер ауруын төмендету тәуекелділік факторларының ішінде ең маңыздысы жоғары білімнің ықпалы (деменциялық даму тәуелділігі 2-3 есе азаяды). Когнитивті іс- әрекетімен байланысқан мамандықтар осы қорғаныстық эффектісін жігерлейді. Кейбір зерттеушілердің көрсеткіші бойынша, үнемі когнитивті белсенділік болу керек, ол шахмат ойыны, кітап, газеттерді оқу, ақпараттарды тыңдау- Альцгеймер ауруының дамуын төмендетеді. Осы қорғаныс эффектіні түсіндіретін болжамы, когнитивті жүктемеде синапстық саны артады да, аурудың дамуын баяулайды. Осындай мәліметтер жануарларға өткізілген эксперименттерінде дәлелденген, белгілі бір қоршаған ортаның толықтыруынан және әр түрлі образды әрекеттері жарты шарының үлкен қабығындағы синапстық және дендриттік таяқшаларының сандарын үлкейтеді.
Қазақстан психологы Сәбет Бап-Баба дарындылықты белгілі іс-әрекет саласындағы табысты қамтамасыз етуші қабілеттер тобы дей келе, дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандылық» деп екіге бөледі. [1] Дарындылықтың негізі Л.Выготскийдің, В.Крутецкийдің, Н.Лейтистің, В.Тепловтың, В.Штерннің «Ақыл-ой дарындылығы», К.Юнгтің «Дарындылық феномені», А.Матюшкиннің «Дарынды балаға ата-анамен тәрбиешінің көзімен қарау», А.Биненің «Ақыл-ой қабілеттілігін өлшеу, зерттеу», В.Меде мен Г.Пиорковскийдің «Балалық дарындылық» Ф.Гальтонның «Таланттың тұқым қууы» еңбектерінде кеңінен қарастырылды. Бірақ, дарындылықтың психогенетикалық негізі мен ерекшеліктері мәні туралы мәліметтер ашылмаған. «Дарындылық», «қабілет», «тума қасиет» сияқты ұғымдар педагогика мен психология ғылымдар саласында жиі кездеседі және қолданылады.
Қабілет дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дарындылық», «шығармашылық» деген терминдермен аталады. Адамның арнай қабілеттері өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллектінің) дамуына әсер етеді.
Психогенетиканың негізін қалаушылардың бірі Ф.Гальтон екені бізге мәлім. Оның «Тұқымдағы ғұлама» кітабында тұқымқуалайтын нышанның талантты және ғұлама адамдардың пайда болуына тигізетін әсері туралы жазылған[2,158]. «Дарындылық» сөзінің өзі туғаннан берілген сый деп түсініледі. Ғұламалылық пен таланттың тұқымқуалайтын табиғатын дарындылық табиғаты дейміз. Тума талант туралы теория ерекше қабілеттерді тұқымқуалайтын нышандармен байланыстырады. Психологияда қабілет жайлы мынандай концепциялар бар: жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан балаға мұра болып қалғандығы. Бұл пікірді психологтар ғана емес, ғылым мен өнердің кейбір өкілдері қолдайды.
Таланттылық немесе ғұламалылық түсініктеріне анықтама беру интеллектіге қарағанда әлдеқайда жауапты. Ғұламалылыққа қажетті психикалық қасиеттерге интеллект, шығармашылық бастау және мотивация жатады. Жалпы, генетика ғылымы негізінде ген арқылы берілетін талант өте қажетті, бірақ ол ғұлама болу үшін жеткіліксіз. Тума талант концепциясын дәлелдеу немесе жоққа шығаруды қарапайым әдістермен түсіндіру өте күрделі. Дарынды адамдардың өмірбаянын талдау концепцияның әділеттілігіне сенімсіздік тудырады. Егер, дарындылықтың генетикалық нышаны мен тума сипаты болса, онда байқауға болатындай қасиеттері арқылы адамдар қай іс-әрекет саласында жетістікке, сәттілікке жететіні туралы болжау жасауға болар еді. Қабілетке тән белгілі сипат болу керек, мысалы, музыкалық дарындылық (бірақ бұл талант әр түрлі формада жүзеге асады).
Енді, таланттың ерте пайда болуы жайлы мәселелерді қарастырайық. Балаларда ерте пайда болатын қабілеттер туралы көптеген мәліметтер бар. Мысалы, бала 5 айлық кезінде сөйлей бастағаны туралы жағдай сипатталған. Бір ай өткен соң баланың сөздік қоры 500 сөзден тұрған, ал үш жасқа келгенде ол үш тілде сөйлеген. Осындай көптеген құбылыстар ретроспективті сипатта болып келеді, себебі оларды ғалымдар басынан бастап бақылап, зерттеген емес. Таланттың ерте көрініс беруі мен ерте дамуы түсініктерін біз шатастырмауымыз керек. Көптеген жағдаяттар ерте немесе алдын ала дамумен түсіндіріледі (әсіресе сөздің дамуы)[2.160].
Генетикалық қабілеттердің пайда болуын белгілі бір икемділіктерді меңгерудегі жеңілдікпен түсіндіруге болады. Кейбір адамдарға бір нәрсені меңгеру үшін үлкен күш керек, ал кейбіреулер жеңілдікпен қағып алады. Бірақ арнайы зерттеулер бұл көзқарасты дәлелдемейді. Жетістікке жеткен музыканттар мен басқаларды зерттеу көрсеткендей, жаттығудың ұзақтығы қабілет дамуының деңгейіне әсер етпейді.
Генетикалық шарттанған қасиеттерді шегеріп тастауға болмайды. Мысалы, мақсатқа қайтсемде жетем деген табандылық, қабілет генетикалық нышанға байланысты болып келеді. Бірақ тума талант концепциясында қабілеттің басқа көрінісі туралы айтылған. Жетістікке жету мен тәжірибенің арқасында дарынды адам нақты іс-әрекеттің икемділігін меңгерудегі жетістік пен сол іс-әрекетке талпынғандықтан көп жаттығады екен. Сәттілік пен жетістік интенсивті жаттығулардан кейін келетіні анық. Ең керемет музыканттардың өзі ата-ана тарапынан итермелеушіліктің болмаған жағдайда музыкамен айналысулары екіталай екендерін мойындауда. Оқудағы сәттілікке әсер ететін тәжірибенің сапасы мен саны, «экстроординарлы» жетістіктің негізі бола алатын әсерлерге [4.77] жататындар:
зейін және ойын жинақтауға қабілеттілік;
мотивацияның деңгейі;
өз-өзіне деген сенімділік, оптимизм;
белсенді болу;
Тума талант концепциясын дәлелдейтін жеткілікті мәліметтер көп емес. Ғұламалардың ұрпақтары қарапайым адамдардан айырмашылықтары жоқ, яғни олардың ерекше қасиеттері тума нышандармен байланысты емес.
Бір жағынан ол тума болады дегенін нақтылайтын мәліметтердің болмағанымен, оған қоршаған ортаның әсерін иденфикация жасау қолдан келмей жатыр. Бұл жағдай жайлы да көптеген көзқарастар мен пікірлер бар. Сол пікірлерді жалпылай отырып мынаны айтуға болады, егер әлеуметтік-экономикалық статус, жанұялық қоршаған орта, дарынды ата-ана барлығы жабылып ғұламаны жасап шығару үшін өз үлестерін қосатын болса, онда жанұядағы әрбір бала сәттілікке мүмкіндік алушы еді. Бірақ, Дарвин, Гальтон, Декарт және тағы басқа дарынды, талантты адамдардың аға, апайлары, бауыр-сіңілдері туралы қайсыларыңыз естіп едіңіздер?
Психогенетикалық ғылыми зерттеулер дарындылық қасиеттердің пайда болуына эмергенез, импрессинг және қоршаған орта әсерлері сияқты фактілерге де ерекше мән береді[2.165].
Эмергенез немесе эмергенетикалық қасиет дегеніміз геннің ерекше конфигурациясына байланысты құбылыс және гендер жиынтығымен анықталады. Геннің кез-келген конфигурациясының өзгерісі белгілі қасиеттің жойылып кетуіне әкеледі. Монозиготалы егіздердің эмергенездік қасиеттері ұқсас болып келеді. Туыс адамдарда бұл жиынтық бірдей емес, олар аз да болса өзгертілген, ол геннің конфигурациясының бұзылуына әкеледі. Туыс адамдар мен таныс емес бөтен адамдардағы эмергенездік қасиеттердің көрініс беруі сирек болады. Осы қасиеттің болуы бір ата-ананың балаларының әр түрлі болатындығын түсіндіре алады.
Импрессингті балалық немесе жасөспірімдік кезеңдегі терең із қалдырып, оның бүкіл болашақ өміріндегі іс-әрекетінің мотивын, адамның әрекет-қылығының өзгеруіне әсерін тигізетін жағдайлар деп түсінеміз.
Адам үшін өзін-өзі бекітуде қоршаған ортаның көңіл аударуы,үлгі тұтуы өте маңызды. Мысалы, физик А.Комтон 8 жаста болғанда анасына «ғылыми трактат» - деп есептелінген дәптерді көрсеткен. Анасы болса оны мәнгі есте қалатындай етіп құттықтаған. Егер анасы сол кезде күлген болса, бала ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын біржола жоғалтар еді [3]. Өзін-өзі бекітуге,үлкендер тарапынан таңқалу, таңырқаудың маңызы өте зор. Балалар тілдерінің ерте шығуы ата-аналарының таңқалуын, көңіл бөлуін туғызды, бұл да өзінің қасиеті бойынша импрессингті еске түсіреді. Сөзді меңгеру де ұқсас заңдар бойынша жүреді. Импрессинг нәтижесінде тұлғаның қызығушылық қасиеті қалыптасады, адамның барлық әрекет-қылығына, «экстроординарлы» қабілеттердің қалыптасуына әсер етіп, нәтижесінде жетістіктің ерекше түрінде жүзеге асады.
Таланттылықтың пайда болуына қоршаған ортаның, жанұяның (жағымды, жағымсыз типтері), ата-ананың балаға қарым-қатынасы, мейірімінің әсері өте зор. Солардың кейбіреулері аяқасты болып келеді. Мысалы, ата-аналық депривация, ата-ана құқығынан айрылған, бір немесе екі ата-анасынан айрылған балалар. Мұндай типті жағдайлар өте жағымсыз нәтижелерге алып келеді. Статистика бойынша тек 8% адамдар ата-анасынан ерте айрылуына байланысты қылмыстық әрекеттерге барған және психикалық патологиялық жағдайларға ұшыраған.
Интеллектуалды дарынды жоғары сынып оқушыларының психологиялық сипаттамалары да көңіл бөлуді қажет етеді. Олардың эмоционалды қасиеттері туралы айтатын болсақ, орташа қабілеттері бар оқушылармен салыстырғанда олардың ішінде оқуға, ойлауға, жалғыздыққа деген үлкен мотивацияның бар екенін байқауға болады. Ғылыми зерттеулер балалардың туу ретіне байланысты олардың арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлген. Ерекше ғұламалардың көбі тұңғыштардың арасынан шыққан. Анасының ең сүйікті баласы өз-өзіне, жетістікке,сәттілікке жететініне сенімді болып, жетістікке және сәттілікке жетеді.
Эфроимсон ғұламалылықтың себебін анықтауда оған қатысы бар генетикалық және қоршаған орта әсерлерімен байланысты факторларды атайды. Осындай факторлардың бірі погадра ауруының әсері.Погадра ауруы зәр шығару процесінің бұзылуымен байланысты және көбінесе ер адамдарда болады. Оның пайда болуы тұқымқууға және тамақтануда пурині бар азықтарды шектен тыс пайлаланудан болуы мүмкін (1000 ер адамның ішінен үшеуінде, 0,3%-інде кездеседі). Ерекше талантты адамдардың арасынан погадра жиі кездеседі. Англияда ерекше талантты 1033 адамдардың арасында 55 погадрамен ауырады екен (5,3%).Осы аурумен ауру жиілігі қарапайым адмдардан гөрі ерекше талантты, дарынды адамдарда жоғары болып келеді.
Погадра ауруымен көптеген физиктер, ғалымдар, саясаткерлер, жазушылар, бейнелеушілер (мысалы, Дарвин, Галилей, Ньютон, Гарвей, Эразм, Роттердам, Монтень, Бисмарк, Кромвель, Александр Македонский, Цезарь, Тургенев, Бетховен, Рубенс, Микеланджело, Рембрандт және тағы басқалар) ауырған.
Погадрамен ауырған ғұлама тұлғалар энергияға толы, табанды, демалуды, мақсаттарына жетуде асығу дегенді білмейтін, темірдей мықты ерікті, жүйелі, айтқанынан қайтпайтын адамдар. Мотивациялары өте жақсы дамыған, соның негізінде ақыл-ойлары, физикалық еңбекке талпынғыштығы, мақсатшылдығы ерекше нәтижелерге жеткізеді.Ғалымдардың пікірінше зәр шығару процесіндегі қышқыл жүйке жүйесіне стимул береді деп есептеген. Зәр қышқылының құрамы кейбір психостимуляторлы заттарға ұқсас келетіні байқалған (мысалы кофеге).
Эфроимсонның пікірі бойынша талантты адамдарда кездесетін тұқым қуалайтын Марфан мен Моррис синдромдары да өте сирек кездесетін ауру. Эфроимсон атап өткен себептердің ішінен гипоманикальды депрессияны да айтуға болады. Гипоманикальды депрессия синдромында тұлғаның жүйке жүйесіне циклотомды ерекшелігі тән. Циклотомдарда көңіл-күйлерінің жиі өзгеруі байқалады.
Мұндай типті тұлғалар талантты адамдардың арасында өте көп, мысалы Гете, Линней, Гоголь, Пушкин, Диккенс, Лев Толстой. Осылардың арасынан циклотимиктер жиі кездеседі. Гипоманикальды депрессия 1000 адамның арасынан төртеуінде кезіксе, ғұламалардың арасынан 100 адамның төртеуінде болады. Көтерілу деңгейі кезінде жүйке жүйесі мен физикалық күштің артуы байқалып, жетістікке жету мүмкіндігі артады.
№ 13- дәріс.
Тақырыбы: Темпераментті психогенетикалық зерттеу.
Сұрақтары:
1. Психикалық қасиеттердің генетикалық негізі.
2. Темпераменттің генетикалық ереркшелігі.
3. Темпераментті зерттеудің қазіргі кезеңдегі негіздері.
Адамның даралығын көрсететін (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де орайлас көрініп отырады. Әр адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі ретінде темперамент саналады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күй ерекшелігінен де, эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.
Психологиялық сөздікте темпераментке мынандай анықтама беріледі: «Темперамент (лат. т. ауд. Temperamentum – бөлшектердің тиісті қатынасы) – тұлғаның психикалық құбылыстарының динамикасын сипаттайтын тұлғаның тұрақты индивидуалды қасиеттерінің заңдық қатынасы.».
Темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темпераменттің әрқилы қасиеттері заңдылықтар негізінде белгілі бір құрылымды түзеді. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.
Индивидке тән динамикалық қасиеттер бір-бірімен байланысып өзіндік бір құрылымды түзеді. Психиканың өзіндік индивидуалдық және табиғи шартталған динамикалық құбылыстар жиынтығын темперамент деп атайды. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қасиеттер қатарына шартты түрде ғана кіргізуге болады, көбінесе олар биологиялық шартталған және туа пайда болатындықтан оның даралық ерекшеліктерін құрайды. Ол ағза, тұлға және танымдық процестер арасындағы «көпір» ретінде жұмыс атқарады.
Көне грек медигі Гиппократ (б.з.д. V ғ.) ілімі бойынша, ағза күйі негізінен оның ішіндегі сұйықтықтың мөлшер қатынасына тәуелді деген (қан, лимфа, өт). Бұл сұйықтықтарды араластырғандағы шығатын пропорциялар грекше «красис» деп аталады. Бірнеше ғасырлар өткен соң римдік емшілер бұл түсінікті латынша temperamentum деді («бөліктердің керекті сәйкестігі»), осыдан «темперамент» сөзі шыққан. Кейіннен антикалық дәуірде адамның психикалық ерекшелігі осы красис немесе темпераменттен, яғни пропорциялардан тәуелді екендігі мойындалды. Римдік анатом және дәрігер Клавдий Гален (б.з.д. II ғ.) темпераменттің алғаш кеңейтілген классификациясын 13 типке бөліп берді. Кейін 4 типке дейін қысқартылды.
Ерте кездегі темпераменттің органикалық негізі туралы деректер қазір тек тарихи қызығушылықты тудырады. Алайда индивидуалдық құрылымы әр түрлілігімен сипатталатын психиканың динамикалық құбылыстарында типтік варианттарды байқауға болады.
Көп ғасырлар бойы психиканың динамикалық құбылыстар тұрғысынан айырмашылық себептерін түсінгісі келген көптеген гипотезалар шықты. Гуморальдық жүйелерге назар аударылды. Неміс философы И. Кант (18 ғ. аяғы) темпераменттің табиғи негізі болып қанның индивидуылдық ерекшелігі саналады деген. Бұған жақын орыс педагогы, анатом және дәрігері П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темперамент қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Бұл теорияға сәйкес қан айналымның жылдамдығы мен күші әр түрлі стимулдарға жауап ретінде ағзаның индивидуалдық қозу және реакция ұзақтығына байланысты.
Неміс психиатры Э. Кречмер индивидтің психикалық құрылысы оның дене құрылымына сәйкес деген. Бұл конституциялық типология теориясының мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты 4 конституционалды психикалық тип белгіленген:
Достарыңызбен бөлісу: |