" Психология" кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г. К



бет5/5
Дата15.09.2017
өлшемі0,89 Mb.
#33144
1   2   3   4   5

Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

  • Пикник – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

  • Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

  • Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

    Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемделуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбінесе майдашыл. Циклотомик – семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды. Дене құрылымының типі мен кейбір психикалық қасиеттерді химиялық құрамымен, ішкі секреция бездері бөлетін гормондармен шартталған деген. Американдық ғалым У.Шелдон да индивидуалдық психологиялық ерекшелігі мен гормондар жүйесімен реттелінетін дене ерекшелігі (эмбриологиялық белгілер) арасындағы тікелей байланысты көрсетті.

    Темпераменттің табиғи негізі туралы жаңа зерттеулерге басқа нәрсе тән: барлық әрекет-қылық динамикасында көрініс табатын сыртқы және ішкі шарттар міндетті түрде ми арқылы іске асырылады. Осы мидың функционалдық ерекшелігінде, оның қабығы мен қабықастында және жоғары жүйке әрекеті қасиеттерінде қазіргі заман ғылымы бойынша индивидуалдық ерекшеліктер себебі көрсетіледі.

    Динамикалық құбылыстардың белгілі бір құрылымы темперамент типін сипаттайды. Адам темпераментінің қандай екендігін нақты айту қиын. Жүйке жүйесінің типі тұқым қуалаушылықпен анықталса да абсолютті өзгермейді деп айтуға болмайды. Жыл сайын, сонымен қатар жүйеленген жаттығулар, тәрбие, өмірлік жағдайлардан жүйке процестері әлсіз немесе күшті, олардың жұмылдырылуы жылдам немесе баяу болуы мүмкін.

    Темперамент әрекет-қылықтың мазмұнды жағын емес, тек қана динамикалық жағын анықтайтынына ерекше көңіл аудару керек. Бір темпераменттің негізінде «ұлы» немесе әлеуметтік-маңызсыз тұлға болуы мүмкін. Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндерген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

    Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Мысалы, күшті темпераменттің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу – тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип. Екіншісі – ширақ типтер – қозу мен тежелу бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасыу сараң. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Темперамент (Genotype) – бұл хромосомалардың локализацияланған гендік деңгейде орталық жүйке жүйесіндегі психодинамикалық қасиеттердің типологиялық айырмашылықтарының психофизиологиялық негізі

    Темперамент туа пайда болғанымен, адамның бүкіл өмірі барысында көптеген өзгерімтерге ұшырайды. Біз бір темперамент типін жақсы, ал басқасын-жаман деп айыра алмаймыз, себебі әрқайсысының ерекшеліктері орасан зор. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын айырып, жаманынан айырылуға күш салуы керек. Өз темпераментін білуі керек, себебі ол басқалармен қарым-қатынаста, іскерлік барысында орасан зор септігін тигізеді.

    Көрсетілген жұмыстардың көбі [Айзенктің схемасы мен әдістемелері бойынша, экстра – интраверсия және нейротицизм немесе соларға жақын социобелділік, белсенділік және т.б. бағаланады. Психотицизм аз қарастырылады.

    Экстроверсия шкаласы мынандай мінездемелерді біріктіреді, социобелділік, белсенділік, сергектік, доминанттылық, және т.с.с. психотицизм, кешірек, бөлінген, агрессияны көрсетеді, суықтылық, дарашылдық, эмпатияның болмауы және т.б. Осы төмендегі көрсетілген үш суперфакторлар: интраверсия, эмоционалды тұрақтылық, Мен – контроль [246, 250].

    Осы ерекшеліктер құрылымы бойынша онтогенезде тұрақты. Мысалы, нейротицизм мен әлеуметтік экстраверсия, 45 жас аралығындағы адамдарда бағаланған, 0,30 және 0,60 деңгейде түзетілген. Басқа лонгитюдтік зерттеулерде, орта жастан кәрілікке дейінгі адамдарды қамтыған , 30 жас аралығындағы интарвалмен әлеуметтік интраверсия корреляциясы 0,74 тең; қалған шкалалар бойынша (ММРІ қолданылады) корреляция орта есеппен 0,40 жоғары.

    Статистикалық баға бойынша осы төрт зеріттелінген экстраверсия нәтижесі бір – біріне сәйкес келеді; басқаша айтқанда бұл нәтижелер кездейсоқ емес және бір – бірімен қосылуы мүмкін. Берілген экстраверсия зерттеулері нейротицизм зерттелу результатынан төмен. Осыған себеп шкаланың әртүрлілігі. Нейротицизм – эмоционалды тұрақтылық, тұрақсыздық төмен генетикалық келісушіліекті байқайды (20 – 31 % депрессиялар), 5 – 7% депрессиялар жалпы ортаға тәуелді, 14 – 17% - үшінші белгісіз факторларға тән.

    Көріп тұрғанымыздай экстраверсия және нейротицизм немесе индивидуалдың супер факторлары тұқым қуалаушылықтың бағасын, кейде Р. Пломиннің және Д.Ж. Лоэлина талдаулары бойынша сәйкес келеді.

    Жанұялық зерттеулердің результаттары жиі ерекшеленеді, бірақ ылғыйда ата-аналар жұбындағы Х ұқсастық сибилингтық жұптардың балалары егіздерге қарағанда әлде қайда төмен; асыранды балалар өздерінің биологиялық ата-аналарымен 0-ге тең корреляцияға ие. Экстроверсия мен нейротицизмнің сибилингпен ұқсастығы төмен екендігі Думитрашкудың зерттеулерінде айқын байқалады. Интеллектіге қарағанда сибилинг корреляциясы жоғары болады (0,36 – 0,78), нейротицизм бойынша олар 0-ге тең, экстраверсия бойынша олар 0,10; 0,23: 0,34-ке тең.

    Симбилингтің төмен ұқсастығы индивидуалды ортаның маңызды ролін атқарады; барлық жағдайда, метаанализдік төрт үлкен егіздер зерттеулерінде индивидуалды ортада 50% екі жақты ерекшеліктерді түсіндіреді. Бәлкім бұның себептері жанұялық социолизациялық стильде, және психодиагностикалық әдістеме ерекшеліктерінде, және ролдік қарым-қатнаста, сибилингтікте де егіздерді біріктіреді.

    Шындығында Егорова өзінің кейінгі жұмысын былай болжады, әртүрлі мінез-құлық ерекшеліктерін абсалюдті бағалау айырмашылығына қарамастан, әртүрлі эксперттер берген жұпішіндегі ұқсастық және тұқым қуалаушылық бағасы солай қала беруі мүмкін. Бірақта оның келтірілген мәліметтері бойнша ол әрдайым олай бола бермейді. Кеттелдің белгілі 16 – факторлық жеке ерекшелік шкаласынан тұратын «Большая пятерка» - бізде аса белгілі емес жеке тұға моделін суреттеу, адамдардың өзіне және басқаларға деген пікірі қалыптасқан. «Большая пятерка» үлкен дау туғызды, үлкен танымалдылыққа ие болды.

    Орыс тілі кітаптарында әлде қайда толық жазылған.

    Негізінен осы бес фактор осылайша беріледі:


    1. экстраверсия, энергетика, энтузиязм (Surgency).;

    2. келісімге дайындық, альтруизм, орналастыру (Agreeableness);

    3. адалдық, жауапкершілік (Conscientonsness);

    4. нейротизм, жағымсыз эмоцияға бейімділік, невротикалық (Emotional Stability);

    5. ашықтылық, бірегейлік (Culture Openness);

    Адам мінез-құлқының мінездемесі тұқым қуалаушылық әсерінен құралады, әрі бұл әсер өмірдің алғашқы жылдарында байқалады. Біріншіден, екінші ерекшелікте де бір келкі тұқым қуалаушылық байқалады, және де экстроверсияда оның әсері, әрине нейротицизімге қарағанда әлде қайда жоғары. Екіншіден, классикалық егіздер әдісі жоғары тұқым қуалаушылықты бағалайды, жанұялық және асыранды балалар әдісіне қарағанда.

    14-дәріс



    Тақырыбы: Мінез-құлық қасиеттерінің генетикалық детерминизациясы

    Сұрақтары:

    1. Мінез-құлық генетикасына сипаттама

    2. ДНК молекуласы

    3. ДНК-ның құрылымы

    4. ДНК молекуласының формалары

    Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.

    Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.

    Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш- пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.

    Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуде бірнеше әдістер қолданылады: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, популяциялық, онтогенетикалық және биохимиялық әдістер. Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.

    Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастыратыны орынды. Алуан түрлі қоғамдардың дамуына ықпалын тигізген әртүрлі бағыттағы ілімдердің өзі адам мен табиғат болмысының терең талдануына мүмкіндік берген. Адам шыққан тіршілік көзінің ғымырына жарты миллиондай уақыт өтіпті. Осындай уақыт мұнараларын басып өткен тіршілік өзгерістерін адамға тән құрылысындағы жаратылыстардың жұмбақ сырларын ұғынуға ерекше мән бермесе болмайды.

    Ата-бабалармыздың ұрпағына - тәлім ретінде өз мерзіміндегі (өз уақытында) ұсынып отырған бағдарламасының сырын ашатын және адам мен оның айналасын қоршаған тірі табиғаттың тетігі бар екенін бұлтартпайтын мына бір ғылыми дәлелге көңіл бөлейік: -Адам ұрығы өзінің ана құрсағындағы даму кезеңінде, сонау 500 миллион жылды басып өткен тіршілік әлемінің сатыларын түгелдей қабылдап шығады екен. Алғашқы пайда болғанда сәтінен бір клеткалық тірі белоктың сипатын танытса, одан кейін қарапайым тіршілік иелерін бейнелейді, ал мөлшермен жарты айдан кейін (15 күннен асса) балық шабақтарына ұқсап оның желбезекке ұқсас саңылаулары көрініп, қол аяқтары орнында буынды қанаттар жетіледі. Осыдан кейін ана құрсағында мүлде басқа сипатқа ауысып, қос мекенді бақаның қалпына, содан соң балық, қос мекенді кесірткіге ұқсайды. Ана құрсағында бір жарым айдай жатқанда ол кәдімгі маймыл қалпына келеді. Сондықтанда адамның осы заманда (әрине үнемі емес) кейде құйрықты бала, жөнді адам тууы заңды құбылыс.

    Ұлы Әл-Фараби: "Адам пайда болғанда оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе - күш (яғни қабілет), ол - осы күш арқылы қоректенеді. Қоректендіргіш күш бір үстем күштен және қызмет ететін күштерден құралады. Күш атаулы мүшеде болады, сондықтан оның қызметі тәннің қызметімен қатар жүреді. Мүшелері ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін - ми, содан соң - бауыр, одан кейін -көк бауыр, содан кейін басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып жыныс мүшелері. Жүрек - басты мүше, мұны тәннің басқа ешқандай мүшесі билей алмайды. Одан кейін - ми келеді, бұл да басты мүше. Жүрекке, күллі мүшелер оған қызмет етеді" - деп адам тәрбиесіне қатысты ғажайып сырдың кілтін ашады.

    Біз адамның адам денесінде (ана құрсағында) пайда болған күнінен бастап ғылыми медициналық, физиологиялық, биологиялық, химиялық өзгерістерді зерттесек нақты даму заңдылықтарын меңгере, түсіне аламыз.

    Адам генетикасы- генетика бөлімі, адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгерістік құбылыстарын үйретеді. Адамның тұқым қуалауындағы материалды негізінен болып табылады. Гендер хромосомаларда орналасқан, олар жыныстық қатынас арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Әр генде әкелік ген мен аналық ген болады. Жұпта олар бірдей де және әр түрлі де болуы мүмкін. Олардың бірдей болып кездесуі аз кездеседі. Геннің индивидуалды құрамы ата- аналарының гендерімен байланысып құралады, олар генефонның әр түрлі бөлігінен- жалпы барлық қосындысы гендік популяциялар. Әр түрлі индивидуалдылықтарда гендік құрамы үлкен және қайталанбас адамдық (тұлғалық) қасиеті мен биологиялық фундаментінің күштілігі (уникальный).

    Ең алғаш мінез-құлық генетикасы генетика саласында дербес ғылым саласы болып 1960 жылы Д. Фудллер мен В. Томпсанның «Мінез-құлық генетикасы» кітабымен байланысты болды. Қалыпты мінез-құлық түрлерінің дербес ерекшеліктері қарастырылады. Әрбір адамның мінез-құлық генетикалық ерекшеліктері жүйке жүйесі құрылымының морфофизиологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Әрбір генде ДНК молекуласы бар. Бұл молекулалар ақпарат болып табылады, олар арқылы молекулалардың функцияларымен организмнің реакцияларын анықтайды. ДНК мен қатар тығыз байланысты генде РНК молекуласы да бар. ДНК РНК-мен тығыз байланысты. Егер ДНК ақпаратты сақтаса, РНК ақпаратты өткізуші қызмет атқарады. ДНК-да тұқым қуалаудың материалдық негізі – адамдардың және басқа организмдердің клеткаларында болады. ДНК ұзын макромолекулалардан, 3 құрылымдық элементтерден тұрады:


    1. Органикалық қосылыстардан

    2. Углеводтардан

    3. Фосфордан тұрады.

    Углеводтар мен фосфорлар барлық нуклеотидтерде бірдей: А – аденин, Т – тимин, Г – гуанин, Ц – цитозин. ДНК молекуласы қос тізбекті спираль тәріздес. Хромосомада тұқым қуалаудың материалдық негізі бар. Гендері бар хромосомалар өз көшірмелерін қалдыратындығын 1928 жылы Кальцов Н. К. ұсынған. Клеткаларда макромолекулалары бар және олар белоктар мен нуклеин қышқылдары матрицалық принциппен (көшірмелік) көбейеді.

    Хромосомалардың құрамына:

    1. Гистон тәріздес және гистон тәріздес емес белоктар

    2. Липидтер

    3. Екі валентті металдар, катиондар кіреді.

    Нуклеин қышқылдар құрамына:

    1. Углевод

    2. Азоттық негіз

    3. Фосфор

    4. Углеводтардың ерекше тобы кіреді.

    Углеводтар мен углеводтардың ерекше тобы – нуклеотидтер немесе нуклеин қышқылдарының кірпіштері деп аталады. ДНК: 1 оттегі атомы кемді дезоксирибоза (дизокси-оттексіз) оттегінің бір атомының санындағы айырмашылық негізінде нуклеин қышқылын рибонуклеин қышқыл деп бөлінеді. ДНК құрамындағы адининнің мөлшері тиминдікімен: (А=Т), ал гуаниннің мөлшері цитозиндікімен бірдей болады (Г=Ц). Әр түрлі организмдердің нуклеотидтік құрамы тек қана олардың өзара қатынасының өзгеруімен байланысты болады: А+Т =1 Г+Ц

    1952 жылы ДНК жоғары сапалы рентгенограммасын Франклин мен М. Уилкинс түсірді. Ал 1953 жылы Д. Уатсон және Ф. Крик ДНК-ның химиялық құрамы негізінде ДНК-ның молекулалық құрамының моделін құрастырды. ДНК-ның қайталанып отыратын шиыршық қақпасы углевод, фосфат тобы болса, ішкі кеңістігінде біріккен азоттық негіздердің жобы біріннен кейін бірі спиральдің бойында әр түрлі кезекпен орналасады, тізбектері бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Спиральдің бір ұшында бір тізбек углеводтық 3 көміртегінің гидроксил тобымен бітсе, екінші тізбек – 5 көміртегімен байланысқан фосфатпен аяқталады. Ал спиральдік тізбектердің 2-ші ұштары керісінше аяқталады.

    ДНК молекуласы шиыршығының формасы (сырт пішіні) сағат тілінің бағыты бойымен оңға қарай ширатылған, ол бұралған баспалдаққа ұқсайды. А-Т және Г-Ц топтары бір-біріне параллель спиральдің ішінде орналасқан. Параллель орналасқан жұп азоттың негіздерінің арқасында гидрофобтық дисперсиялық күштердің әсері мен қосымша байланыс құрап стэйкинг байланысы деп атайды.

    15- дәріс.



    Тақырыптары: Қозғалыстар психогенетикасы.

    Сұрақтары:

    1. Қозғалыстардың тұқымқуалаушылық негізі.

    2. Жүйке жүйесінің физиологиялық механизмдермен байланыстылығы.

    3. Қозғалыстарды зерттеудің психогенетикалық ерекшеліктері.

    Тұлғаның жеке қасиеттері мен когнитивті функциялардың психогенетикалық зерттеулерінің нәтижелерін анализдеу жұмыстарында кей кезде «қарапайым» қасиеттердің зерттеуінің мақсаттылығы, яғни сенсорлы табалдырық пен қозғалыс реакцияларының жылдамдығы көрсетіледі. Әрине, қарапайым қасиеттер – генетикалық зерттеулердің ең ыңғайлы және перспективті тәсілі. Ал қозғалыс (кейде «моторлы» деп те атайды) функцияларына келетін болсақ, мұнда перспективтіліктің жоғары болуы сонымен қатар оның шарттарының нақты қойылуы, өзгертілуі, бақылануына байланысты. Өзгертілу контуры жақсы зерттелген, сондықтан да бақылаушы функционалды жүйеге таңдамалы әсер ете алады, қозғалыстың жүзеге асыруындағы әр кісінің рөлін анықтайды. Бұндай мүмкіндікті психологиялық функция бере алмайтын шығар.

    Сонымен қатар қозғалыс реакциясының жылдамдығы жоғары беріктікке ие: қайталанатын эксперименттердегі реакция уақытының корреляциясы және әр түрлі бақыланушының жүргізуімен (тұрақтылық коэффициенті), немесе өлшемнің бір тәжірибеден алған екі бөлімінен (бірлік коэффициенті). Осының бәрі қарапайым реакциялардың регистрациясымен қоса қозғалыс пен қозғалыс реакциясын психологияның эксперименталды зерттеуіндегі ең кең қолданылатын обьектілердің бірі ретінде қалыптастырды.

    Қозғалыс сферасының өзінен басқа (сөздік қозғалыс пен хат сияқты адамдық формаларды зерттейтін), қозғалыс реакцияларының көмегімен темперамент ерекшеліктері, сенсорлық функциялар, психофизиологиялық және интелектуалдық мінездемелер зерттелінеді және тестіленеді. Тек қозғалыстың арқасында адам сенсорлық ақпараттың кейбір түрлерін алады (мысалы перцепциясы көз қозғалысы нәтижесінде жүзеге асады). Қозғалысты қоршаған ортамен тығыз байланыстағы активті құрал ретінде қарастырудың нәтижесінде Н:А Бернштейннің 40 жылдары физиологиялық белсенділік - өнімділіктің жаңа және өте жаңа психологиямен байланыстылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Кей авторлар қозғалысты «әрекет» терминіне анықтама ретінде қабылдайды.

    Қозғалыс реакциясының психогенетикалық зерттеулерге қатысты бірнеше ерекшеліктері бар. Бұған олардың жаттыққандылығы мен бір қозғалыстың әртүрлі шарттарға байланысты регуляциясы кіреді: саналы (тәуелсіз) және автоматтандырылған. Н.А Бернштейннің концепциясы бойынша мұндай жағдайда қозғалыстың нейрофизиологиялық қамтамасыздандыруы әртүрлі болады, сондықтан да зерттеуші белгілердің өзгергіштігінің қоршаған орта – генотиптік қатынасына баға беру мүмкіндігіне ие болады.

    А. Р Лурияның Л.С Выготскидің психикалық даму концепциясына негізделген гипотезасы бойынша бұндай феномен онтогенезде болу керек, элементарлы «натуралды» функциялардың формасының жоғарыға өтуі бойынша генотип рөлі төмендеу керек. Кейбіреулері,бірақ өте көбі оны растайды;бірақ жоғарғы психикалық функциялардың структуралық және функционалдық күрделілігі осы гипотизаның жүзеге асыруын қиындатады.Оның қозғалыс реакциясын лабораториялық экспериментте зерттеу қажетті өзгерістерді одан да қатал бақылау мүмкіндігі көп байқалады.

    Жоғарыда айтылып кеткенен басқа да қозғалыс психогенетиканың зертеу объектісі ретінде басқа да артылықшылықтары бар.Егіздер әдісінің негізгі шек қоюыбідей емес қабылдауында бекітіледі ол МЗ және ДЗ егіздері: когнетивті және тұлғалық ерекшеліктердің қалыптасуы біріншіде көбірек бірдей болуы мүмкін сонда берілген бағалар жоғары болады.Сонымен, адамның қозғалысы – индивидуалдықты білу үшін маңызды және психогенетикалық зертеу үшін өнімді болып табылады.

    Бірақ, Ф.Гальтон өзінің «Наследственность таланта» деген еңбегінде адам қасиеттерінің тұқымқуалацтынын белгіледі.Ол жұмыстын 4 түрін белгіледі:

    а) тәртіптің күрделі дағдысы;

    б) стандартталған қозғалыс сынауы;

    в) бұлшықетті қамсыздандыратын физиологиялық жүйе;

    г) қозғалыстың нейрофизиологиялық деңгейімен қамтамассыз ету. Әрине ,бұл топтардың шекаралары шартты; мысалы, анатомиялық бұлшықеттер мен суставтар қозғалыстың параметрлерін анықтайды.

    Нейрофизиологиялық деңгейге қатысты көрсеткіштер психофизиологиялық белгілерге қатасты бөлімдерде айтылады.

    Бірінші топқа – күрделі тәртіптілік дағдыға – жүріс,жазуы,спрттық двғдылар,мимика және пантомимика жатады.

    20 жылдарда Медициналық-биологиялық институтында жүрістің зерттелуі басталды.Оған көп көңіл бөлген Л.Я.Босик болды,ол соның ішіндегі баланың негізгі қозғалыс әрекеттердің мерзімін қарастырды.Бірінші жағдайда монозиготалы жұп үшін 63 және 59 дизиготалылар үшін материал алынды, монозиготалыларды конкорданность 82,5%, ал дизиготалыларда 76,3% құрады.

    Жүріс басталған мерзімі алынған МЗ 97 жұпта және ДЗ бір жынысты егіздердің 97 жұбы . Монозиготалылырда 67 пайыз, ал дизиготалыларда 29,9 пайыз, жұпішілік айырмашылық бойынша 2 ай ішінде МЗ 8,2 пайыз, ал біржынысты ДЗ 25,7 пайыз.


    егіздер

    Ұқсастық бағасы



    конкордатты

    ұқсас

    Ұқсас емес

    дискордантты

    МЗ ДЗ

    89,6

    3,7


    10,4 9,3

    3,7

    83,3

    Зерттеудің екінші тобы стандартталған қозғалыс тандамасындағы белгілерді біріктіреді. Сәйкесінше, оларды екі топқа бөлеміз: біріншісіне спорт пен физтәрбиедегі мінездемелердің стандартты өлшемдеріндегі көрсеткіштер, екіншісіне психология мен психодиагностикалық тесттерде қолданылатын қозғалыс тесттері мен қозғалыс реакциясының уақыты жатады. Біріншісіне әдетте бұлшық ет күштері , иілгіштіктің , ептіліктің , бәйге және секіретін тестілердің және т.б тандаулары жатады. Бұлардың кейбір жалпыламасы Р. Коварж бен С.Б Малыхтың жұмыстарында кездеседі. өкінішке орай, зерттеулер 5-25 жас арасындағы әртүрлі жастағы егіздерге жүргізілді, бұл анализдердің нәтижесін білуде қиындық туғызады.

    Қозғалыс тесттерін орындаудағы классаралық корреляция коэффициенті.

    Зерттелінушілерге бұл жаттығу стандартты болды және блок бойынша өтті: 10 жаттығу бірінші тестте (барлығы 70 рет қолданылды) және 4 жаттығудан төртінші және бесінші тестте (әрбіреуінде 28 жаттығудан) қолданылды. Тесттерді орындау үлгерімінің абсолютті бағасы барлықегіздерде жоғарылады (ДЗ нәтижесі МЗ қарағанда жоғары), бірақ жұпішілік ұқсастықтар әлдеқайда тек ДЗ өзгерді.

    Соңғы топты қозғалыстың физиологиялық қамтамасыздандыру жүйесіне жататын белгілер құрайды: тыныс алу мен қанайналымның мінездемесі, бұлшықет аппаратының функционалдық ерекшеліктері, аэробты және анаэробты жұмыскерлік және т.б. бұлардың барлығы гентикалық жағынан зерттелмеген, кейбіреулеулері психофизиологиялық белгілерге негізделегн бөлімдерде қарастырылады.

    Адамның қозғалысы мен оның индивидуалдық ерекшеліктері- психогенетикалық зерттеудің перспективті обьектісі.


    4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

    4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


    Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

    Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

    СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

    І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

    Негізгі талаптар:


    1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

    2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

    3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

    4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

    5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

    Реферат жазуда не ескеріледі?

    1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

    2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

    3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

    4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

    5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

    6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

    Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

    Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

    Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
    Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

    1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

    2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

    3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

    4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

    5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

    6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

    7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


    Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

      • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

      • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

      • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

      • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

      • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

      • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

      • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

      • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


    СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары


    1. Психогенетикалық пәні мен ғылыми зерттеу әдістері.

    2. Психогенетиканың қалыптасып дамуы

    3. Егіздер психогенетиканың қалыптасып дамуы

    4. Психогенетиканың негіздері

    5. Психологиялық аурулардың тұқымқуалауы

    6. Хромосомалық ауытқулар




    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет