Бұйырамын:
І Мектептің әдістемелік ережесі мен іс-құжаттары Облыстық білім беру жүйесінде жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы ұсынған, авторлары ЫсқақовА, Құлмаханбет Л. 20___ жылғы әдістемелік нұсқауы басшылыққа алынып орындалсын.
ІІ Әдістемелік кеңес құжаттары төмендегі номенклатуралық тізбекпен
жинақталсын:
1. 02-24 Әдістемелік кеңесті құрудағы ұйымдастыру жұмыстары, (Сұраныстар, бұйрықтар, нұсқаулар мен ережелер) өткен оқу жылына сараптаулар мен жаңа оқу жылының міндеттерін белгілеу, жылдық, айлық, апталық жоспарлар, сол жоспарлаулар мен сұраныстар негізінде туындаған отырыс мәселелері, алдағы үш жылға жоба жоспар т.б
02-25 Мұғалімдер жайлы мәліметтер: саны және сапалық құрамы, (жасы, білімі, мамандығы, пәні, пед. өтілі, санаты, марапаттары), әр пән мұғалімінің жылдық және кешенді жоспары, бірлестік жетекшісі, мүшелері мен олардың жұмыс проблемасы жайлы, білім жетілдіруді жоспарлау, аттестациялау кестелері т.б мәліметтер жинағы.
02-26 Оқу бағдарламалары (жалпы білім беретін, тереңдетіп оқыту, пән бойынша авторлық, қолданбалы және таңдау курстарының, зерттеу және эксперимент жұмыстарының бағдарламалары).
02-27 Білім сапасын бақылау үшін алынған материалдар сараптамасы: (ҰБТ, МАБ, Әл-Фараби олимпиадасы, мектепішілік, аудандық, облыстық т.б пән олимпиадалары, ағымдағы бақылау жұмыстары мен элеметтік талдаулар, үлгерім мен орта балына рейтингтік сараптаулар мен салыстырмалы диагностикалар)
02-28 Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамасы. (Қалың мұқабалы дәптерге арналып, беттеліп, мөрленіп, баулануы тиіс)
02-29 Кіріс құжаттары. МАББ тарапынан, облыстық білім басқармалары мен өзге де мемлекеттік ұйымдардан берілген нұсқаулар мен бұйрықтар, байқаулардың ережелері, ӘБ жұмыстарына қатысты барлық кірістер.
02-30 Шығыс құжаттары. Мектепте атқарылған жұмыстар жайлы тиісті орындарға берілген мәліметтер, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептер т.б.
02-31 Сауалнамалар және олардың қорытындылары, озат тәжірибелі мамандар жұмысы, олардың жоспарлары, баспасөзге шыққан мектеп мұғалімдерінің материалдары, жас мамандармен жұмыс жоспары.
02-32 Ашық сабақтар, апталықтар, онкүндік, айлық өткізу жоспарлары, мерекелік іс-шаралардың бағдарламалары мен өңдемелер жинағы.
02-33 Сабақтарды талдау және өзара тәжірибе алмастыру (Талдау схемалары, дәрістің типтері және түрлері, талдау карточкалары, өзін-өзі талдау үшін карта-схемалар, пән мұғалімінің кәсіби шеберлігін айқындайтын педагогикалық диагностика компоненттері
Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың оқу-инновация ісі бойынша орынбасары А. Ерденоваға міндеттелсін
Достарыңызбен бөлісу: |