Кілт сөздер: қоспа, компонент, крамер әдісі
2018 жыл мақалалары 2 – ші журнал
Тақырыбы: «Электрондық орбитальдардың будандастырылуы және молекула геометриясы» тақырыбын оқыту
Авторы:
Саянова Ағайша, Е. Н. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының мұғалімі
Аннотация:
Физика-математика бағытындағы мектептің 11-сынып оқушыларына арналған сабақ. Оқушылар модельдерді қолдану арқылы электрондық орбитальды будандастыру түріне молекулалардың геомериясының тәуелділігін көреді және молекулалардың геометриясындағы заттардың қасиеттерін түсінеді. Көміртегі атомының электронды орбитальының будандастырылуын, химиялық қасиеттерін қайталап, еске түсіреді.
Кілт сөздер: шар стерженьді модельдер, молекула модельдері, геометриялық үлгілер, будандастыру
Тақырыбы: «Орта мектепте химия және биология курстарын оқытуда сандық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі»
Авторы:
Абызбекова Айсұлу, ОҚ об., Отырар ауд., Көкмардан ауылы, Көкмардан жалпы орта мектебінің мұғалімі
Аннотация: Ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды. Сандық білім беру ресурстары оның ішінде: анимация, аудио немесе видеоүзінді, интерактивті модель, виртуалды лаборатория қолдану. Осы ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың сабақты меңгеру деңгейі жоғары болады.
Кілт сөздер: ақпараттық технологиялар
Тақырыбы: «Химияны проблемалық әдіспен оқыту мәселелері»
Авторы:
Тапалова Анипа, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
Ақберген Айсәуле, магистрант,
Аннотация:
Проблемалық жағдай тудыратын сабақ өткізу үшін алдын ала оқу материалдарын алу керек. Сонда ғана сабақтың тиімділігі артады. Проблемалық оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттерді қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, іс-әрекеттерін белсендіруге болады. Бұл жерде алдымен білімді өзектендіріп, проблемалық жағдаятты тудырамыз, кейін болжам ұсыну арқылы оқушылардың өзіндік ізденістері қалыптасады және дамыта оқытудың негізгі жолы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |