Кілт сөздер: білімді өзектендіру, проблемалық жағдаят тудыру, болжам ұсыну
Тақырыбы: «Химия пәнін қашықтықтан оқытудың түрлері мен технологиялары»
Авторы:
С. Аманжолов атындағы ШҚ мемл. университетінің PhD-докторы –
Абилев Мади.
С. Аманжолов атындағы ШҚ мемл. университетінің доценті –
Шаихова Бақыт.
С. Аманжолов атындағы ШҚ мемл. университетінің доценті –
Даутова Зухра.
2-курс магистранты Есмұрат Гүлсінай
Аннотация: Қашықтықтан оқыту әдісі студенттер мен мұғалімдер үшін ең тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, кез келген уақытта, кез келген орында тапсырмалар алып, оған жауап бере алады. Сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады.
Кілт сөздер:кейс – технологиясы, желілік технология
2018 жыл мақалалары 3 – ші журнал
Тақырыбы: «Олимпиада тапсырмаларын орындау әдістері»
Авторы:
Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, химия ғылымының кандидаты Мейрманова Айгүл.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты Сағынтайұлы Нұрсұлтан
Аннотация: Мақалада әр түрлі деңгейлік есептер көрсетілген. Бұндай деңгейдегі есептер арқылы оқушылар білімдерін әрі қарай ұштастырып, білімдерін жоғары деңгейде дамыта алады. Химиялық олимпиада есептерін шешу, түсіну, ой қорыту, жүйелі ойлау әрбір білім алушылардың дамуына үлкен ықпал етеді.
Кілт сөздер: әр түрлі деңгейдегі есептер
Тақырыбы: «Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындау»
Авторы:
Шаяхметов Анаргүл, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі
Аннотация: Техникалық дайындық уақытын тиімді пайдалану үшін есепті қысқа жолмен шығара білуге, тестпен жұмыс істеуге үйретеді.
Әдістемелік дайындық барысында тақырыптарды барынша қысқа мерзімде оқып бітіру (слайдтар мен бейнефильмдер арқылы). Химиялық кестелермен дұрыс жұмыс жасау, оқылған материалды қорыту үшін қысқаша сызбалар мен кесте жасап үйрену.
Психологиялық дайындық ата-анамен байланыста болу, тестпен жұмыс жасағанда уақытты бағдарлай білу және оны үнемдей білуге баулу көзделеді.
Ең бастысы баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.
Бұдан бөлек ҰБТ нәтижесі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп отырылады.