Кілт сөздер: пән аралық байланыс, кіріктіру
Тақырыбы: «Химиялық экспериметтік жұмыстарда алгоритм әдісін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру»
Авторы:
Даулетбекова Ануар – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі
Әділбек Анар - №84 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Аңдатпа:
Бұл мақалада оқушылардың химиялық эксперименттік жұмыстары, алгоритмдік тапсырмаларды орындау арқылы білім деңгейінің жоғарылайтыны туралы баяндалған.
Кілт сөздер: химиялық эксперимент, алгоритмдік сұрақтар, білім деңгейі.
2023 - жыл мақалалары 2-ші журнал.
Тақырыбы: «Кәсіптік білім беру жүйесі және функционалдық сауаттылық»
Авторы:
Төлеу Миуа Жаңбырқызы – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Болашақ» колледжінің химия пәнінің оқытушысы.
Аннотация:
Мақалада оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы ретінде -Функционалдық сауаттылық қарастырылады. Функционалдық сауаттылық қазіргі таңда білім жүйесінде олқылықтардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл олқылықтың мәселесін шешу үшін дуальді әдісті ұсынған. Қорытындылай келе, білім деңгейіндегі көрсеткіштерді жоғарлатуда функционалдық сауаттылық маңызы зор.
Кілт сөздер: функционалдық сауаттылық, дуальді әдіс
Тақырыбы: «Табысты оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың жаңа басымдылығы»
Авторы:
Төребекова Сания Сырлыбековна – Қарағанды облысы білім басқармасы, Балқаш қаласы білім бөлімі, «№5 жалпы білім беретін мектебі», химия пәні мұғалімі
Аңдатпа:
Мақалада қазіргі уақытта оқушылар мектепте білім түрлерін оқып үйренгенімен, сол білімдерін практика жүзінде пайдалана алмайтындығы туралы қозғалады. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады деп ұсыныс білдірілген. Қазіргі қоғамда оқушы тек білімді қанағаттанып қоя салуы кемшілік қатарына жатқызылып отыр. Оқушыларды түрлі ғылыми-зерттеулерге баулу арқылы химия пәнінің жан-жақтылығын түсіндіру арқылы оқушының көкірек көзін ояуға үлкен үлес қосары анық. Қорытындылай келе, оқушы тек білімді ала қоймай ғылыми зерттеу менде жан-жақты дағдылануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |