Фигура силуэттарды құрастыруға арналған «Танграм» ойыны. Танграм (қытайша, пиньинь qī qiǎo bǎn - "ұстаның жеті тақтайшасы") - бір фигурадан күрделірек фигураларды (адамды, үй тұрмысының затын, әрiп немесе санды, түрлі жануарларды т.б.) алу үшін жеті жазық фигураны бүктеуден тұратын бас қатырғыш. Бұл ойынның түрі Қытайда кеңінен тараған. Мұнда аз уақыттың ішінде көп фигураны жасау сайыстары да өтеді. Бұл ойынды сонымен қатар геометриялық құрастырғыш деп те атайды. Қытайлық оқымысты Та-нг есімімен аталған. Белгілі бір геометриялық фигуралардан бір бейне құрастырылады. Геометриялық фигуралар екі жағынан да бір түсті болып боялады және шаршы тәріздес картон немесе фанер, пластиктан жасалуы мүмкін. Танграм 7 геометриялық фигураларға бөлінген бөліктерден тұрады. Танграм ойынын жасау үшін мөлшері 10-10 см болып келетін шаршы қолданған ыңғайлы. Шаршы әр түрлі мөлшердегі 5 тік үшбұрыштардан тұрады: 2 үлкен, 1 орташа, 2 кіші, 1 шаршы, көлемі бойынша бірдей келетін 2 кіші үшбұрыштардың арасында шаршы және сондай-ақ тіктөртбұрыш орналасқан. 7 фигурадан құралған шаршыдан әр түрлі геометриялық және бейнелі жалпақ фигуралар құрастыруға болады. Фигураларды құрастыру кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: әр түрлі фигураларды құрастыру кезінде ойынның 7 элементі түгелімен қолданылуы қажет, оларды бір –біріне тек фигуралардың жанымен, шетімен жалғастыруға болады, фигураларды бірінің үстіне бірін бастыруға болмайды. Бір қызығы бұл ойында балалар өздері ойын силуеттарын ойдан құрастырып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруіне болады. Бұл ойын жоғарғы топтарда және мектепке даярлық топтарында қолданылады. Танграм ойыны балаларды өз бетімен құрастыруға қызығушылығын оятып қана қоймай, сонымен қатар батылдық, жігерлік танытуға, ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Танграм ойыны мектеп жасына дейінгі балалардың жекелеген геометриялық фигураларды құрастыру жаттығуларының құрамында мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл ойын дидактикалық ойын ретінде сабақ уақытынан бөлек уақыттарда көптеп қолданылады. Ойынның басында балалар Танграм ойынымен танысады, оның 7 бөліктерімен, олардың көлемін, пішінін, жаңа жасалған фигураның қалай құралғанын көріп , қалай құрастырылғанын көріп танысады. Мысалы, орта үшбұрыштан және төртбұрышты қолдану арқылы жаңадан төртбұрыш құралады және бұл фигураны атап, оны бақылап, қалай жасалғанын айтады.