Латын Америкалық интеграция ассоциациясы - құрамында 12 Латын Америкасының елі бар экономикалық серіктестіктің бірлестігі. Мақсаты: Латын Америкалық ортақ нарық құру, аудандық экономика мен сауда-саттықтың дамуына үлес қосу. 1980 жылдың 12 тамызында құрылған болатын. Штаб- пәтері Уругвайдың Монтевидео қаласында орналасқан. Мүше елдері: Аргентина, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Куба, Мексика, Панама,Парагвай,
Уругвай,Чили, Эквадор. 1981 жылдан бастап, жұмыстар жүргізіле бастады.
8 Валюта резервтері — белгілі бір мемлекеттің халықаралық есеп айырысуға, кездейсоқ жағдайларға және валюта рыногын реттеуге арналған, орталық банкінде не қаржы мекемелерінде, сондай-ақ халықар. валюталық-кредиттік ұйымдардағы алтын мен шет ел валютасынан тұратын қоры. Орталық банк пен қазынашылықтың, т.б. мекемелердің қолындағы шет ел валютасы елдің ресми валюта резервтерінің құрамына, ал халықаралық есеп айырысу қызметін атқаратын коммерциялық банктердің шет ел валютасынан тұратын қаржылары елдің жалпы валюта резервтерінің құрамына кіреді. Халықаралық валюта қорына мүше елдің қор капиталына алтын түрінде берген сомасы да ресми валюта резервтерінің құрамына жатады. Халықаралық есеп айырысуда импорт кірісінен төлемнің уақытша артуын өтеу үшін әр ел валюта резервтерін жасайды. Елге қажетті валюта резервтерінің мөлшері шет ел валютасының шығысы мен кірісі арасындағы айырмашылық мөлшеріне байланысты. Валюта резервтерінің болуы елдің халықаралық есеп айырысуда төлем қабілеттілігін білдіреді.[1]
Алтын-валюта резервтері
.
Достарыңызбен бөлісу: |