1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


ХГЕБ-тің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен жағдайлар



бет26/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)
instrukciya po registracii v mobilnom pravitelstve 0, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, «Èíæåíåðë³ê ãðàôèêà» ï?í³íåí Î?Ó ?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð, ВМ 7- курс весенн.сесс. 22-23, doc
ХГЕБ-тің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен жағдайлар:

табиғи - географиялық

экономикалық-географиялық

ғылыми-техникалық

әлеуметтік-экономикалық

саяси-әлеуметтік жағдайлар

ХГЕБ мануфактуралық капитализм кезеңінде пайда болды (XVII-XVIII ғғ.). Өнеркәсіптік революцияға дейін (ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. бірінші жартысы) еңбек бөлінісі табиғи-климаттық және географиялық жағдайларға негізделген болатын, жекелеген елдер шикізат қоры, энергия көздері және басқа да географиялық факторлармен айырмашылық жасайды.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғымға академик Н.Н.Баранский анықтама берген. Н.Н.Баранский ХГЕБ-ті дүниежүзілік шаруашылықтың қозғалыс күші деп атаған. Осы немесе басқа бір ел қарабидай, зығыр, күріш немесе мақта өндіруі мүмкін, бұл тек алуантүрлілікті көрсетеді, бірақ халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысы бар екендігін білдірмейді, ол әртүрлі елдер бірі-бірі үшін жұмыс істегенде және еңбектің нәтижесі бір елден басқа елге тасымалданғанда ғана пайда болады. Бұл өз кезегінде халықаралық сауданың өсуіне, жүк айналымдарының көбеюіне алып келеді. ХГЕБ-тің негізі халықаралық мамандану болып табылады.

Халықаралық мамандану. Тәуелді емес елдер немесе кәсіпорындағы жеке тауар түрлерінің шоғырлануы халықаралық мамандану деп аталады. Оған келесідей жағдайлар қажет:

халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын өнімнің сапасының басымдылығы басқа елдермен салыстырғанда жоғары болуы немесе бір таиғат ресурс түрінің мол қорына ие болуы керек;

бұл өнімге міндетті түрде сұраныс болу керек;

басқа елге өнімді шығару міндетті түрде тиімді болу керек.

Елдің халықаралық мамандануы дүниежүзінде салалардың дамуы үшін қажетті, пайдалы қазбалардың қорына, табиғи жағдайы мен сапалы еңбек ресурстарының бар болуына негізделеді (біліктілік деңгейі, дәстүрлі кәсіптер және т.б.). Кейбір елдердің өнім көлемін шамадан тыс өндіріп, сол өнімін толығымен пайдалана алмайтын жағдайда ХГЕБ туындайды. Кейде бір елге өнімді өзінде өндіргеннен гөрі сатып алу әлдеқайда тиімді болса, ол ел халықаралық саудаға қатыса алады. Парсы шығанағы елдерінің халықаралық мамандануы мұнай өндіру, Замбия үшін мыс кендері, Жаңа Зеландия үшін қойшаруашылығы болып саналады. Жапония елде шығатын автокөліктің жартысын басқа елдерге экспорттайды, сол үшін автокөлік өнеркәсібі Жапонияның халықаралық маманданған саласына; бидайшаруашылығы Канаданың маманданған саласына жатады. Дамыған елдер, негізінен, машина жасауда ғылымды көп қажет ететін өнім өндірісіне маманданады (электроника,робот жасау, қарулану және т.б.). Біртекті өнім өндірудің үлкен көлемі елдіәлемдік нарықта бағаның ауытқуына тәуелді етіп қояды. Әсіресе ол тасымалдауда көп шығынды қажет етеін шикізат шығаратын елдерге қатысты айтылады. ХГЕБ дамуында маңызды фактор көілк шығындарын азайту, ол үшін қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған қосымша жолдар салынып жатыр. Экологиялық таза көліктердің рөлі ерекше артып жатыр.

Осылайша, халықаралық маманданудың нығаюы халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің жоғары сатысы - халықаралық экономикалық интеграцияның пайда болуына алып келді.

5 Р. Вернердің тауардың өмірлік циклы теориясы

Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернер өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды.

Өнімнің өмірлік циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау. 1 - сатыда елдің ішінде туындаған сұранысқа жауап ретінде жаңа өнім жасақтала бастайды. Сондықтан бұл сатыда жаңа өнім аз мөлшерде шығарады, жұмысшының үлкен біліктілігін қажет етеді және осы өнім шыққан елге жинақталады. Ал өндіруші монополист ретінде, өнімнің аз бөлігін сыртқы рынокқа шығарады.

2 – сатыда (өсу) - өнім өседі және өнім өндірісі ұлғаяды және басқа дамыған елдерге тарайды. Өнім стандартталады, өндірушілер арасында бәсеке дамиды және экспорт кең-ді.

3 - жетілу сатысында, өнім көп мөлшерде шығады, бәсекелестік күресте баға факторлары алдынғы қатарға қойылады, рыноктың кеңеюі өндіруші ел бәсекелестік артықшылықтарға ие болады.

4 – сатыда (құлдырау). Дамыған елдердегі өндіріс көлемі азаяды, өткізу рыноктары дамушы елдерге бағытталады, сол елдерге өндіріледі.

Өнімнің өмірлік циклі теориясы көптеген салалардың дамуын анық көрсетеді, бірақ халықаралық сауданың даму тенденцияларын толық түсіндіре алмайды. Егер ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатардағы технология елдің бәсекелестік артықшылықтарын айқындайтын негізгі фактор болмаса, өнімді өндіру басқа салыстырмалы арзан өндіріс факторлары бар (жұмысшы күші) елдерге ауысады. Бірақ көптеген тауарлар (қысқа өмірлік цикл, тасымалдау шығындары жоғары, тұтынушылар шеңбері аз және т.б.) бұл теория арқылы түсіндіруге келмейді.

6 Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалып жатыр.

Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);

Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;

Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;

Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;

Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;

Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;

Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропа одағының әлеуметтік саясаты

Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;

1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;

2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу

Нафта

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

САЕСА - ның мақсаттары

НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды.

Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды.

Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. НАФТА-ның мақсаттары:

Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік және төлқұжаттық тосқауылдарды алып тастау және тауар мен қызметтер қозғалысын реттеу;

Еркін сауда аумағында әділ бәсекелестікті құру мен ержелерін демеу;

Келісімге мүше мемлекеттерге инвестицияларды тарту;

Интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау мен әсерлі қорғанысын қамтамасыз ету;

Жүзеге асыру мақсатындағы келісімді қолдану мен билік және белестерді бірігіп шешу мәселелерінде енгізу механизмдерін жасау;

Келісімнің ұлғаюы және жетілуі мақсатындағы болашақ үшжақты, аймақтық әрі халықаралық кооперация негіздерін қалау;

Бірегей континенталдық нарықты қалыптастыру.

7 AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым.

1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған.

Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.

АСЕАН саммиті.

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы, Assocіatіon of South East Natіons, ASEAN (АСЕАН) – халықаралық ұйым. 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған. Кейін ұйымның құрамына Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік-Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды.[1]

Конференциялар

Ұйым Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайын конференциялар өткізеді. 1993 жылы АСЕАН-ның аймақтық форумы құрылып, оған бақылаушы мемлекет ретінде Папуа-Жаңа Гвинея және екі кеңесшілік серіктес елдер – Қытай мен Ресей кірді. Сондай-ақ ұйым аймақта экономикалық өсімді, әлеуметтік және мәдени дамуды жеделдету, аталған салаларда белсенді ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету мақсатында ғылым мен технология, қоршаған орта, мәдениет пен ақпарат, әлеуметтік даму ынтымақтастығын үйлестіреді. 1995 жылы АСЕАН елдері Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қарусыз аумақ құру туралы шартқа қол қойды.

Құрылымы

АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет