1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы



бет25/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;

экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция;

дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

тарифтер мен сауда туралы келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;

сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы, тағы басқа да жағдайлар.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі байқала бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 1/3 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңдерде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» – Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұралым, байланыс құрал-жабдықтар тағы басқа факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

4 Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б.). Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді.[1][2]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет