1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»



бет29/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

9Қаржы институттары - қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы қатынастарын жүзеге асыру болып табылатын түрлі меншік нысанындағы ұйымдардын жиынтығы. Қаржы институттары кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінін жөне әлемдік қаржы жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады- қаржы институттарының қызметі әрбір жеке мемлекеттің заңдарымен, сондан-ақ ұйым мәртебесіне байланысты болғанда мемлекет аралык көп жақты шарттармен реттеледі. Қаржы институттарының жиынтығы екі топқа бөлінеді, олар: қаржы саясатын іске асырушы институттар және қаржы делдалдары. 1-ші топтағы қаржы институттары мемлекеттік халықаралық мекемелер. Олардың құрамы мен міндеттерді бөлісуі қаржы заңдарымен және мемлекет аралық шарттармен айқындалады. Оларға орталық (ұлттық) банк, қаржы министрлігі немесе қазынашылық сияқты мемлекеттік мекемелер, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру қызметтерін көрсету нарығын реттеуші ұйымдар, т.б. жатады. Кеңінен танымал халықаралық қаржы институттары: Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк (сондай-ақ қ. Әлемдік қаржы институтгары, ұлттық даму банкілері). 2-ші топтағы қаржы институттары: банкілер, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары, беймемлекеттік зейнетақы қорлары

Әлемдік қаржы институттары – халықаралық валюталық несие және қаржы ұйымдары. Оларды халықаралық ынтымақтасты дамыту және күрделі де қарама қайшы дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты біріктіреді. Ғалами мәні бар ұйымдарға БҰҰ-ның мамандандырылған институттары – Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк тобы, сондай ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы жатады. БҰҰ - ның кейбір мамандандырылған органдары да халықаралық қаржы мәселелерімен айналысады. Олар: ЮНКТАД (БҰҰ - ның сауда және даму конференциясы); “Көзге көрінбейтін” операциялар және қаржыландыру жөніндегі комитет; Экономикалық кеңес; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы; Париж клубы; Лондон клубы; “жетілік”, кейін “сегіздік” (АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Италия, Канада, Жапония, 1993 жылы Ресей қосылып, “сегіздікке” айналды), дамыған елдердің “ондық тобы” (“жетілік” + Бельгия, Нидерланд, Швейцария, Швеция). Әлемдік қаржы институттары 2 дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Аймақтық Әлемдік қаржы институттарына Еуропа жаңғыру және даму банкі, Еуропа одағының институттары (соның ішінде Еуропа инвестиция банкі, Еуропа валюталық институты, арнаулы қорлар) жатады. ЖаҺандық және аймақтық қаржы институттарынан басқа мамандандырылған Әлемдік қаржы институттары да жұмыс істейді. Мысысалы, Африканың араб экономикалық даму банкі, Араб экономикасы және әлеуметтік даму қоры, Кариб даму банкі, т.б. [1]

10 Халықаралық капитал қозғалысы

Халықаралық капитал қозғалысы-нақты экономикалық құбылыс, капитал өз елінен басқа елге ауысқан кезде,басқа елден үлкен табыс алу мақсатын қояды.

Негізгі артықшылықтары

1.Халықаралық экономикалық өсуіне;

2.Халықаралық бірлестіктің терең тамырын бекітеді;

3.Елдер арасындағы зат айналым көлемін өсіреді,халықаралық сауданы дамытуға үлкен үлес қосады.

Халықаралық капитал қозғалысының негізгі субъектілері

1.жеке бизнес;

2.мемлекет;

3.халықаралық қаржы ұйымдары(Халықаралық банк,Халықаралық Валюта Қоры).

Бөлінуі

Капитал қозғалысына қарай 3 түрге бөлінеді:

1.Ұзақ уақытқа салынатын капитал-5 жылдан көп уақытқа салынатын түрі.

2.Ораташа уақытқа салынатын капитал-1 жылдан 5 жылға дейін.

3.Қысқа мерзімді салынатын капитал-1 жылға дейін салынатын түрі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет