Бақылау сұрақтары:
Семиотика ғылымы туралы не білесіз?
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік рәміздері бар?
Бүгінгі Қазақстанның тіл саясаты тұжырымдамасы туралы не білесіз?
Ұлттық өзіндік сана мен ұлттық мәдениетті түлетуде Қазақстан халықтары Ассамблеясы қандай рөл атқарады?
.
15- дәріс. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.
2.Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде.
3.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
4.Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың қасиетті (сакральды) мәдениетінің түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыундағы рөлі.
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Эволюциялық ілім негізінде адамдардың қалыптасуын төрт мың жыл бұрын басталды деп айта аламыз. Ал алғашқы өркениеттер 6-7 мыңжылдықта пайда болды. Алғашқы қауымдық кезең - адамзат тарихындағы ең ұзақ уақыт қамтитын кезең.(оларды кезеңдеу еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты бөледі.). Алғашқы құралдардың пайда болуы 2,5 млн .жыл ға жуық уақыт қамтыған. Ғалымдардың пікірінше , алғашқы қауымдық құрылыс 3 дәуірге бөлінеді. Тас дәуірінің өзін де дүниежүзілік ғылымдарда бірнеше кезеңдерге бөледі.Көне тас дәуірі палеолит деп аталады. «Палеолит» термині «көне» -«палайос» деген мағынаны білдіреді , «литос»- тас деген сөзден алынған. Орта тас дәуірі мезолит, жаңа тас дәуірі неолит деп аталады. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған атымен аталады. Кейінгші палеолит кезеңдері:
1.Перигорд кезеңі (35-20 мың жыл). Бұл дәуірдің ескерткіштері: шеттері өңіделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары.
2. Ориньяк кезі (30-19 мың жыл). Бұл дәірдің қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды.
3.Солютре кезеңі(18-15мың жыл). Кремнийді өңдеудің ең жоғарғы тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар т.б жасала бастады.
4.Мадлен кезі (15-8 мың жыл). Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымын кеңңіп, оны бейнелей бастағаны дәрежеге жеткенін көрсетеді.
Кейінгі палеолитте дүнинжүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптасты. Олар: азиаттық және афро - еуропалық орталықтар. Кейінгі палеолиттің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кездегі адамның ең басты тіршілік кәсібі - аң аулау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік , мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екндігіне кәміл сенді.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады. Кейінгі палеолти кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы- тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальтықтардың дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің алғашқы сатысына көшті. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері – мезолит, неолит дәірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс- тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі – неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Мезолит пен неолиттің бейнелеу өнері көп кескінді көріністер бейнелеуден басқа да жаңалықтар әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі — неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек, керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған «керамика ғасыры» деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді. Өйткені, бұған дейін адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланса, ендігі жерде табиғатта белгісіз материалдар жасап, табиғаттың құлынан қожасына айналу жолында алғашқы қадамдар жасады. Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл ұлы жаңалықтың барысында адам бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді, яғни шытырман өрнектер мен әшекейлерден басталған бұл талпыныс барған сайын күрделіленіп, бояулар мен сызықтар ырғағымен, геометриялық сымбатымен ерекшеленетін өнер туындыларына айнала бастады. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын құдіретті күштің алғашқы белгілері қалыптаса бастады. Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Неолит дәуірі — рулық құрылыс пен тас өндірісінің шарықтаған кезі. Дәл осы кезеңде үлкен шеберлікпен өңделіп жасалған тас балталардың көмегімен тас ғасырының адамдары ағаштарды кесіп одан үй тұрғызып, жоғарыда көрсеткеніміздей балық аулауға арналған қайықтар жасады. Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге белуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып табылады. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, бірақ қызыл қарағайдан сапалы, әрі мықты қайықтар жасауды меңгерген. Қыс кезінде ағаштан жасалған үлкен үйлерде тұрған, бұл үйлердің терезелері болмағандықтан төбесіне тұтін шығатын тесік жасаған. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ бұл көсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы — көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады. Әрине, жер шарында құнарлы жерлер көп емес, олар адамзат баласы мекендеген жер аумағының бір-ақ процентін құрайды. Сондықтан да ну ормандар мен шөлейт жерлерді игеру — жерді өңдеу, пайдалану технологиясын, қолданылатын құралсаймандарды жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда адамдардың отырықшылдыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда болды. Қорыта келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры — адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа формаларға ие болды, металл өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет» саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамашa өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала берді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құры-лыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар — адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды. Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/480
Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегелъ: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына «жабық» тақырып болды. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері жоғын түгендеуге мүмкіндік алды десек болады. Кезінде айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туды. Көшпенділерді «варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов: «Қола дәуірінде алғашқы көшпенділердің мәдениеті қалыптаса бастаған. Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың (скиф) мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші елдермен экономикалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасап, қалалар салған»- дейді. Бірақ бұл тайпаларды әлі де ғалымдар бөлек халық ретінде қарастырады. Сондықтан зерттеудің басты мақсаты б.з.б. VIII-ІV ғғ. Орта Азиядан бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақтар (скиф) мен қазақтардың генетикалық сабақтастығын қарастырып, Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділердің қазақ хандығы орнағанға дейінгі аралықтағы мәдениетін тұтас көрсету. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты. Көшпелі өмір салты жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын белгіледі. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, киыншылыкка төзімді, күбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жүйесі жагынан да шыңдалған, қоғаммен үйлесімдігі, қауыммеи етене жакын жан-жакты жетілген адамдар калыптасты. Дала көшпелілерінің акынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің аркасы еді. Көшпелілердің сан ғасырларға созылған тарихи-әлеуметтік дамуы барысында материалдық және рухани игіліктер жинакталып, көшпенділердің болмыс-бітімінің, рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік арман-тілектері мен дүниеге талғам-түсініктерін ашып бейнеледі. Ғылыми негізделген дәйектер көшпенділіктің адамзат тарихында елеулі рөл атқарғандығын дәледейді. Қазіргі уақытта көшпеліліктің отырыкшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігі дәлелденіп отыр.
Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағьі ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте замандаақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000нан асады.
Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI—IV ғғ.), т.б. — сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптың жіктелістің, мемлекеттің болғандығының куәсі.
Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады. Бұл ескерткіштің ерекшелігі — түркі тектес халықтарға тән қайқы қылыштың табылуы. Бұрын сарматтар дәуірінің (б.з.д. IV — б.з. II ғғ.) ескерткіштерінде тек семсер, қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі көне түркі тайпаларының дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайңы қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны Қазақстанның Батыс өңіріндегі сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туды.
Сарматтардың шығыс тобының тарихы Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Каспий, Арал теңізінің солтүстігінде савроматсарматтық мәдениет таралды. Оларда зергерлік өнер жақсы дамыды. Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынан әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті.
Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады. Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г). Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті. Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс online casino Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады. Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған. Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған. Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген. Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылдыҚосымша әдебиет:
Бақылау сұрақтары:
1.Археология алғашқы қауымдық мәдениетті қандай сипаттарына байланысты тас, қола, темір ғасырларына бөледі?
2. Архаикалық мәдениетке қандай ерекшеліктер тән?
3. Алғашқы қауымдық діндердің негізгі сипаттарын атаңыз.
4. Алғашқы қауымдық адамның дүниетанымының басты ерекшелігін атаңыз.
5. Алғашқы қауымдық өнердің негізгі сипаттарын атаңыз.
6. Алғашқы қауымдық қоғамның материалдық мәдениетінің басты сипаттарын атаңыз.
7. Ежелгі түріктердің тотемдік жануарын атаңыз.
8.Қазақстан территориясында қалыптасқан өркениет типі.
9. Ежелгі түріктер қандай жазуды қолданды?
10. Сақ мәдениеті қандай стилде болды?
11. Ежелгі түрік мифологиясындағы жоғарғы құдайды атаңыз.
12. Ежелгі түріктердің діні қалай аталды?
13. Ежелгі түріктердің поэтикалық шығармашылығы қандай жанрда болды.
14. Тастарға, үңгірдің қабырғалары мен төбелеріне, шың-құздарға қашап түсірілген белгілер мен бейнелерді қалай атайды?
15. Алғашқы қауымдық өнерде басты орын алған кескіндемелік жанрды атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |