Термин
|
Анықтама беріңіз
|
Мысал келтіріңіз
|
Оқу мақсаттары
|
Оқу бағдарламасында код сандары арқылы беріледі.1-сыныбы, 2-дағды, 3-бөлім, 4-бөлімше.
|
4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
|
Бағалау критерийлері
|
Оқу мақсатынан бағалау критерийлері құрылады. Ойлау дағдыларының деңгейіне негізделеді. Оның саны 2-3 болуы қажет.
|
-Жоспар бойынша монолог құрады;
-тірек сөздерді қолданады;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Әрбір деңгей ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталады.
|
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
|
Дескриптор
|
Сабақ мақсатына негізделген тапсырманы бағалау үшін дескриптор құрылады. Ол нақты, шағын және түсінікті болуы қажет.
|
Білім алушы:
-жоспар бойынша монолог құрастырады;
-тірек сөздерді пайдаланады;
|
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың тоқсан бойынша меңгеретін білімі көрсетіледі.
|
Спецификацияда бөлім бойынша оқу мақсаттары, тапсырма үлгілері және баллдары беріледі.
|
Балл қою кестесі
|
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындағанда әрбір тапсырмаға балл қою кестесі жасалады.
|
Айтылым – 3 балл
-монолог құрастырып айтады – 1,
-тірек сөздерді қолданады – 1.
-мәтін құрылымын сақтайды-1.
|
Модерация
|
Оқушылардың жұмыстарын талқылау кезеңі. Модерацияға бірдей сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер қатысады.
|
Модерация нәтижесінде оқушының бағасы өзгеруі ықтимал.
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, деңгейіне байланысты берілетін тапсырмалар.
|
Төмен оқитын оқушыға бірден қиын тапсырма бермей, оның деңгейіне, жасына сай тапсырма беріледі. Алайда жеңілден күрделіге қарай жүреміз.
|