Саусақ-мұрын сынамасы. Науқасқа ашық, содан кейін көзді жабық бір, содан кейін басқа қолдың мұрын ұшына сұқ саусағымен тигізуді ұсынады. Мишықтың зақымдануы байқалса, кейде саусақтың мұрынға жақындауына қарай байқалатын интенциялық дірілдеу байқалады. Сенситивті атаксия үшін сынаманы тек жабық көзімен орындау кезінде ғана байқалады.
Тізе-табан сынамасы. Науқасқа ашық, содан кейін көзді жабық күйінде бір аяқтың өкшесімен екінші тізені тауып, содан кейін оны тізеден жіліншіктің алдыңғы бетімен тобық буынына дейін және керісінше жоғары қарай жүргізуді ұсынады. Зақымданған жарты шар жағында мидың артық қозғалыс көлеміне байланысты шайқалуы және табанның тізеден және балтырдан бір жаққа, екінші жаққа сырғуы байқалады. Саусақпен көрсету сынамасы. Науқасқа ашық, содан кейін жабық көзімен сұқ саусақпен балға резеңкесіне саусағын тигізуді ұсынады. Мишық зақымдану жағында дұрыс жасай алмауы байқалады, науқастың саусағы дәрігердің қолынан жиі сыртқа кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |