1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Тіс қатарының ішінара ақауы кезінде, алмалы-салмалы пластинкалы протезді шақтап көру және бекіту әдістемесін сипаттаңыз. Протездің базисін түзету (коррекция)



бет15/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

36.Тіс қатарының ішінара ақауы кезінде, алмалы-салмалы пластинкалы протезді шақтап көру және бекіту әдістемесін сипаттаңыз. Протездің базисін түзету (коррекция).
Алмалы-салмалы тіс протезі – дегеніміз, тic қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын, пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілетін тіс протезі. Алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:
тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне;
сақталған тістер санына; олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына;
анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына;
және тістем түріне байланысты болады..
Пластмассадан жасалынған пластиналы алмалы-салмалы протез - тісті протездеудің ең арзан түрі. Мұндай протез көбіне тістер жартылай жоқ кезінде қолданылады. Кемшіліктері -Жалпақ протез негізі тандайдың қатты және жұмсақ бөлімдерін жауып, тактильдік, дәмдік және температуралық сезімталдықтың төмендеуіне себеп болады, шырышты қабаттың өзін-өзін тазалауы бұзылады, кей кездері құсу рефлексі пайда болуы мүмкін,Көп уақыт пайдалануға шыдамайды.Лабороториялық кезең:
1. Алынған қалыптан модель құю және жақ сүйектерінің орталық ара қатынасын анықтау үшін окклюзиялық валиктері бар балауызды негізді дайындау.2.Орталық ара қатынас жағдайында модельдерді окклюдаторға гипске отырғызу, (егер экзостоз немесе торус болса оларды оқшаулау керек), кламмерлерді немесе басқа бекітетін элементтерді дайындау; балауызды негізге жасанды тістерді орнату.3. Протездің негізін ақырғы рет мүсіндеу; протезді кюветаға гипске отырғызу; балауызды пластмассаға ауыстыру; протезді тегістеп жылтырату.
30 балл
37.Тіс қатарының ішінара ақауы кезінде, алмалы-салмалы пластинкалы протезді шақтап көру және бекіту әдістемесін сипаттаңыз. Протездің базисін түзету (коррекция).ЖАПП - ді қолдану көрсеткіштері
Шайнау қызметін қалпына келтіруді көпірлі протездің көмегімен іске асыру мүмкіндігі жоқ кезде;
•Тіс қатарында көптеген тістер жоқ кезде;
•Тіс қатарының окклюзиялық ара-қатынасы бұзылған кезде (ортодонтиялық ем жүргізуде қолданылады);
•Тістерге көлденең қысым түсіру үшін (шендеуіш протез жасау кезінде).Қарсы көрсеткіштері:науқастың пластмасса мен оның компоненттеріне аллергиялық реакциясының болуы;
• шырышты қабаттың ауралары кезінде;
• шизофрения, эпилепсия және алкоголизммен ауыратын науқастарда;
ЖАПП - дің артықшылықтары: тіс қатарының жартылай кетігі Кеннеди бойынша І,ІІ,ІІІ,ІV және Гавриловтың IV класс кеттігінің түрінде қолдануға болады;
• протездеу кезінде тірек тістерді егеуді қажет етпеуі;
• қарапайым, жасалуының оңайлығында, бағасының қол жетімділігінде;
• гигиенаны сақтау мүмкіндігінде;
1 - КЛИНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
науқасты сұрап – қарап тексеру;
• диагноз қою;
• протез құрылымын таңдау;
• толық анатомиялық қалып алу;
қалыптың сапасын бағалау;
мүсін құю;протез орнының шекарасын сызу;балауызды негіз бен окклюзиялық білік жасау;
2 - КЛИНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
орталық окклюзияны анықтау; жасанды тістердің түсі мен формасын науқаспен бірігіп таңдау;
окклюдаторға немесе артикуляторға балауызды негіз бен окклюзиялық білігі бар мүсінді бекіту;
кламмер дайындап, оларды орналастыру;
•Жасанды тістерді орналастыру;
3-клиникалық кезең
алмалы протездің балауызды құрылымын ауыз қуысынан тыс және ауыз қуысында тексеру;
3 - ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ
алмалы протезді соңғы мүсіндеу;
• кюветаға отырғызу;
• балауызды пластмассаға ауыстыру;
• өңдеу, тегістеу, жалтырату;
4 - КЛИНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
жартылай алмалы пластиналы протезді науқастың ауыз қуысына кигізу, коррекция және науқасқа табыстау, кеңес беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет