1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Доғалы протездердің клиникалық кезеңдері. 1-кезең



бет5/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

15.Доғалы протездердің клиникалық кезеңдері. 1-кезең
Науқасты қарау, емдеу жоспарын құру Толық анатомиялық қалып алу 2-кезең Орталық окклюзияны анықтау Параллелометрияны өткізу Доғалы протез қаңқасын жобалау Доғалы протез болашақ қаңқасының бағдарын модельге түсіру 3-кезеңДоғалы протез қаңқасын ауыз қуысында шақтау Тістер түсін анықтау 4-кезең Доғалы протездің балауыз құрылымын шақта 5-кезең Доғалы протезді шақтау және тапсыру
Доғалы протездерге бейімделу және оларды кту жөнінде нұсқау беру
16.Гербс функцияналды сынамасын жүргізу.Елімізде кең тараған әдіс – жеке қасықтарды Гербст бойынша қызметтік сынамаларды пайдаланып кигізіп көру. 1-ші сынама. Науқасқа жұтынуын сұрау. Егер қасық түсіп кетсе, онда қасықтың дистальды бөлігін қысқарту қажет. (1 аймақ) 2-ші сынама. Ауызды кең етіп ашу. Егер қасық ығысса, онда оның шетін қысқарту керек. (2 аймақ) 3-ші сынама. Ұрттарды сору. Егер қасық ығысса, ұрт қатпары аймағынан қасық жиегі қысқартылады. (3 аймақ) 4-ші сынама. Ерінді керіп алға шығару түзету қасықтың алдыңғы бөлімінде жасалады.
17.Алмалы-салмалы пластикалық протезді бекітудің телескопиялық және балкалы жүйесі. Алмалы-салмалы тіс протездерін бекіту үшін эр-түрлі кламмерлер, тіссауыттары, пелоттар, магниттер, аттачмендер жэне имплантанттар сияқты механикалық тетіктер қолданылады. Алмалы-салмалы протездерді кламмерлер көмегімен бекіту тәсілі ең көп таралған. Кламмерлердің конструкциясын таңдаған кезде, кламмер протездің мықты бекуін қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар тірек тіске анағұрлым аз зиян келтіріп жэне шайнау қысымын тірек тіске бөле отырып, шырышты қабатқа жартылай салмақ түсіруі керек. Алдыңғы тістерге бекіту элементін таңдау барысында эстетикалық факторды еске алу айтарлықтай маңызды. Қарапайым кламмер (қармақ, ілгек) иық, дене жэне өсіндіден тұрады. Құрамына қосымша бөлшектер енгізілген, аса күрделі кламмерлер қонструкциялары да белгілі (тірек-ұстатқыш, RPI кламмерлері). Кламмерлер келесі топтарға бөлінеді: - пішіні бойынша - дөңгелек, жартылай дөңгелек жэне жалпак; - даярлау тәсілі бойынша - иілген жэне құйылған; - тісті немесе тіс қатарын орау дәрежесі бойынша - біриықты, екіиықты, жүзік тэрізді (алмалы-салмалы), қосарланған жэне көпбуынды; - қызметі бойынша - үстап түратын жэне тірек-ұстап түратын. Даярлау тәсілі жағынан иілген кламмерлердің басымдылығы артық. Құйылған кламмерлерде, протездің бүйір қозғалуы кезінде болатын, туындайтын зиянды эрекетті элсіретуге қажетті серпімділік аздау болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет