Байланысты: 1 Аналитикалы зертханада ж мыс істеу ережелері
Нейтралдау әдісі тақырыбы бойынша сұрақтар 1) Қышқылдың сулы ерітінділері мен негіздердің (күшті қышқыл, күшті негіз, әлсіз қышқыл, әлсіз негіз, полипротонды қышқыл, күшті және әлсіз қышқылдардың қоспасы) рН-ын және рОН-ын есепте.
2) Гидролизденуші тұздардың ерітінділеріндегі рН-ты есепте.
3) Буферлі жүйе. Буферлі әрекеттің құрылымы. Аналитикалық химияда қолданылатын буферлік жүйе параметрлері.
4) Буферлік жүйенің рН-ын есептеу.
5)Эквивалент. Эквиваленттер заңы. Қышқылдардың, негіздердің, оксид тұздардың эквиваленттік массасы.
6) Көлемді сараптамада концентрацияны қалай белгілейді? Титр, анықталушы зат бойынша титр, түзету коэффицентімен нормальность, негізгі есептеу теңдеулері түсініктеріне анықтама бер.
7) Заттың құрамын граммен және тікелей титрлеудің %-дық әдісімен, кері титрлеу әдісімен есептеу.
8) Титрлеу қисығы. Титрлеу қисығының құрылымы қандай сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді?
9) Титрлеу қисығындағы эквиваленттік нүкте. Келесі ерітінділерді титрлеу кезінде эквивалент нүктесі рН-тың қандай (қышқыл, негіздік, нейтрал) облысында жатыр? а) күшті қышқыл күшті негізбен; ә) әлсіз қышқыл күшті негізбен; б) әлсіз негіз күшті қышқылмен.
10) Төмендегі титрлеудің қайсысында эквиваленттік нүкте рН=7, рН>7, рН<7 сәйкес келеді?
а) HNO3 + NaOH; ә) HCOOH + NaOH; б) HIO3 + NaOH;
в) CH3CH2COOH + KOH; г) NH3 + HC1; д) KOH + HC1;
е) NH2C6H4SO3H + NaOH; ж) C6H5NH2+ HC1; з) C2H5N + HC1;
и) C2H5NH2+ HC1; к) KCN + HC1; л) Na2CO3+ HC1.
11) Титрлеу айырмашылығы деп нені айтамыз?
12) А) эквивалент нүктесінің орналасуы; ә) Титрлеу айырмашылығының үлкендігі мен орналасуына қандай (КА, tº, концентрация, титрленуші ерітіндінің көлемі, титрлеу жылдамдығы) факторлар әсер етеді?
13)Төмендегі жағдайлардың қайсысында титрлеу айырмашылығы көбірек:
а) 0,1 М HC1 + 0,1 M NH3 және 0,1 M NaOH + 0,1 M HC1;
ә) 0,1 M CH3COOH+ 0,1 M NaOH және 0,1 M HC1 + 0,1 M NaOH;
б) 0,1 M HF + 0,1 M NaOH және 0,1 M HIO3+0,1 M NaOH.
14) Қалайша титрлеу сызығының түрі титрлеу деңгейіне тәуелді болады?
15) рКА және рКВ титрлеу процестерінің мүмкіндіктеріне қалай әсер етеді?
16) Титрлеу қисығын салып қандай қорытынды жасауға болады?
17) Қандай заттар қашқыл-негіздік индикаторлар деп атайды?
18) Қандай қосылыстар индикатор ретінде қолданылады?
19) Индикатор түсінің өзгеруі немен түсіндіріледі?
20) Қандай топтар хромофорлы, қандайлары ауксохромлы болып табылады?
21) Метилораж, фенолфталеин мысалдарында молекулалық және иондық формалардың қатынасынан индикатор түсінің тәуелділігі.
22) ИП, рТ индикаторлар.
23) Түрлі факторлардың индикатор көрсеткішіне әсері.
24) Индикаторлардың жіутелуі. Мысалдар.
25) Титрлеу қисығын құрғанда индикатор қалай таңдалынады?
26) Қышқыл-негіздік титрелеуде пайда болған қателіктер. Бұл неге байланысты?
27)Индикаторлық қателіктер, Протондық қателіктер, гидроксидті қателіктер, концентрациялық қателіктер.
28) Метилоранж пен фенолфталеинмен титрлеу кезінде қандай қателіктерді ескеру қажет: а) HC1 + NaOH; ә) CH3COOH + NaOH; б) NH3 + HC1; в) Na2CO3 + HC1.
29) Кестедегі титрлеудің индикаторлақ қателігін тап: